Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жетісу университеті халықаралық марапатқа ие болды

    04/11/2026

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 5 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жетісу университеті халықаралық марапатқа ие болды

      04/11/2026

      JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

      03/11/2026

      Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

      03/11/2026

      Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

      03/11/2026

      Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

      03/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Экологиялық идеялар тоғысқан алаң: Жетісу университетінде «Жасыл хакатон – 2026» өтті

    Экологиялық идеялар тоғысқан алаң: Жетісу университетінде «Жасыл хакатон – 2026» өтті

    Өңір тынысы 21/01/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында студенттер арасында «Жасыл хакатон – 2026» экологиялық инновациялық идеялар байқауы өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл байқау жастардың қоршаған ортаны қорғауға бағытталған тың жобаларын қолдауды мақсат етеді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу, сондай-ақ смарт-экологиялық шешімдер – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Елдегі экологиялық проблемаларды шешу жолдарын ұсыну – ғаламдық деңгейдегі маңызды міндеттердің қатарында. Осы орайда өткен байқау студенттердің белсенділігін арттырып, экологиялық жауапкершілікті нығайтуға бағытталды.

    Хакатонға «Грин сайкл», «Экобэлэнс», «Эколоу», «Стар», Жансүгіров колледжінің командасы, «Грин хакерс», «Байоуолл тим», «Ворлд дестройер», «Жасыл білім», «Экодизайн», «Экобэнк», «Квантум лип», «ThePlastiCycle» сынды барлығы 13 команда қатысып, өз жобаларын қорғады.

    Іс-шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев еліміздің болашағы табиғатқа жанашыр, экологиялық санасы жоғары жастардың қолында екенін атап өтті. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында айтқан «Таза Қазақстан» бастамасына тоқталып, бұл акцияның ұлттық идеологияның ажырамас бөлігіне айналғанын және оған белсене қатысу жасампаз отаншылдықтың көрінісі екенін айтты.

    Байқау жұмысына қазылық еткендер қатарында Жаратылыстану-техникалық факультетінің деканы, техника ғылымдарының докторы Ерлан Андасбаев, Жетісу облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары Азамат Тауырбеков, Жастар саясаты және әлеуметтік даму бөлімінің психологы Гульнара Исламжанова, Экология және ауылшаруашылық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Жамбыл Қанағатов, Процестерді цифрландыру және автоматтандыру бөлімінің инженер-бағдарламашысы Арлан Керейбаев болды.

    Ұсынылған жобалар қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу, ақылды қоқыс жәшіктері, экобақылау жүйелері, энергия тиімділігі мен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, экологиялық білім беру және цифрлық шешімдер бағыттарын қамтыды.

    Байқау қорытындысы бойынша І орынды «Ворлд дестройер» командасы иеленсе, ІІ орын «Стар» командасына, ІІІ орын «Квантум лип» командасына бұйырды. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

    Жер планетасы экологиялық дағдарысты бастан кешіп жатқанда университет студенттері де бейжай қарамай, қалдықтарды қайта өңдеу мен күн энергиясын тиімді пайдалану сияқты маңызды мәселелерге нақты шешім ұсына алатынын көрсетті. Олардың тың идеялары – еліміздің экологиялық қауіпсіз болашағына қосылған сүбелі үлес болды.

    Жетісу университеті экология

    Оқылып жатыр

    Жетісу университеті халықаралық марапатқа ие болды

    04/11/2026

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жер бетіндегі 12,5 триллион тонна мұздық еріп кеткен

    23/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жетісу университеті халықаралық марапатқа ие болды

    04/11/2026

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.