Автор: admin

Жамбыл облысы тексеру комиссиясының төрағасы алаяқтық үшін сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «12 тамызда Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Жанатбек Джапаров алаяқтық үшін кінәлі деп танылып, оған 45 миллион теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», — делінген хабарламада. Айта кетейік, Джапаров 2020 жылдың қыркүйегінде субсидия төлеу заңдылығы бойынша оңтайлы аудиторлық есеп беруге ықпал еткені үшін кәсіпкерден 3 миллион теңге алған болатын.

Read More

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Талас ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізді. Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты. Аймақ басшысы алдымен Тамды ауылдық мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесуде Тамды ауылдық округінің әкімі Рауан Асқаров жыл басынан бері ауылда іске асқан ілкімді жобалар жайында, ауылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндады. Бұдан соң тұрғындар аймақ басшысына ауылда қордаланған мәселелерді шешу бойынша өтініштерін жеткізді. Ауылдықтарды негізінен су каналын жөндеуден өткізу, күрес залы мен балабақша салу, жол жөндеу мәселелері алаңдататыны белгілі болды. Облыс әкімі барлық сұрақтарға…

Read More

Жамбыл облысының орталығында сенбі күні таңертең мемлекеттік қайраткер Дінмұхамед Қонаевқа арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге Дінмұхамед Қонаев атындағы халықаралық қордың вице-президенті Болат Қажыақбар, Эльдар Қонаев, Диар Қонаев, Асанәлі Әшімов және қаланың құрметті азаматтары қатысты. Дінмұхамед Қонаев Қазақстан Компартиясы ОК-тің Бірінші хатшысы (1960-1962 және 1964-1986 жылдары), КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі (1971-1987 жылдары), үш рет Социалистік Еңбек Ері атағын алған (1972, 1976 және 1982 жылдары). Сурет: Болат Қажыақбар

Read More

Жамбылдық полицейлер ұрланған қаруларды анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын үздіксіз жүргізуде. Мәселен, ПД КПБ қызметкерлері ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, Тараз қаласында орналасқан зират аумағынан қара түсті полиэтилен пакетін тапты, нәтижесінде 2 тапанша, 1 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 17 патрон және бронежилеттің 1 темір қалқаны тәркіленді. Сондай-ақ, 2022 жылғы 4 тамызда ПД КПБ қызметкерлері УЖД 158/1 қызметкерлерімен бірлесіп, Жамбыл ауданының аумағынан ақ түсті полиэтилен пакетін тапты. Оның ішінен ПД-дан ұрланған 1 автомат, 1 қос ауызды тегіс ұңғылы аңшы мылтығы табылып, тәркіленді. 2022 жылғы 8 тамызда облыс орталығы аумағында тас үйіндісінің астынан көк түсті қап табылып, оның ішіндегі 1 тапанша, 1 тегіс ұңғылы аңшы…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Талас ауданына жұмыс сапарымен барды. Аймақ басшысы алдымен Үшарал ауылында жаңадан салынған дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына қатысты. Амбулаторияға қарасты Арал, Қайыр ауылдық медпунктері жұмыс істейді десек, онда 2 дәрігер мен 10 мейірбике еңбек етеді. Жаңа нысанның құрылыс жұмыстарын «НИК-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Стандартқа сай нысан газ, су, жарықпен қамтылған. Президент тапсырмасына сәйкес бүгінде Жамбыл облысында медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асуда. Облыстың даму жоспары бойынша 2025 жылға дейін өңірде дәл осындай 60 нысан салу көзделген. Кезең-кезеңімен іске асатын ол жобалардың биыл жиырмасы пайдалануға берілмек. — Облыста 367 ауылдық елдімекен болса, қазір…

Read More

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету айлығын өткізу кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері республикалық және аудандық маңызы бар жолдарды күшейтілген режимде патрульдеуде. Сарысу ауданында айлық барысында «Нива» маркалы көлікті мас күйінде басқарған Жаңатас қаласының 57 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, жол қозғалысы ережесін өрескел бұза отырып қашып кетуге тырысқан. — Сондай-ақ, бұрын күдіктінің сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, оған сәйкес бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, — деді…

Read More

Жамбыл облысы Полиция департаментінің «Халық Қаһарманы полиция капитаны Ғ.Байтасов» атындағы оқу-жаттығу полигонында ПД қызметкерлері арасында жауынгерлік қарудан ату бойынша жарыс өткізілді. Жарысқа ПД бөліністерінен және аудандық полиция бөлімдерінен барлығы 19 команда, 66 қызметкер қатысты. Мергендіктерi сынға түскен сайыста үздік өнер көрсеткен Байзақ ауданының полиция бөлімі командалық бірінші орынды иеленсе, екінші орын ПД Кадр саясаты басқармасына бұйырды. Ал үшінші орынды Тараз қ. Полиция басқармасы иеленді. Тартысты өткен жарыс нәтижесінде әйелдер арасында ПМ-2 жаттығуында 1-орынды ПД Оқу-жаттығу взводының инспекторы полиция майоры Айжан Ракишева, 2-орынды ПД Кадр саясаты басқармасының аға инспекторы полиция подполковнигі Гүлмира Қойшыбаева, 3-орынды Жуалы аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы Меруерт…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралап, жай-күйімен танысты. Аймақ басшысы алдымен «БиномСтройДеталь» ЖШС-нің панелді тұрғын үйлер құрылысы комбинатында болып, жұмысына қанықты. Кәсіпорын темір-бетон бұйымдарын, нақтырақ айтқанда су шаруашылығына қажетті каналдар, көпірлер, мелиоративтік лотоктар мен жеке құрылыс жүргізуге және қабырға панелдерін, арақабырғалар (перегордки) шығарумен айналысады. Комбинат базасында өткен шағын кеңесте «БиномСтройДеталь» ЖШС-нің әлеуетін кеңінен пайдалану, панелді технологиясының тиімділігі мен мүмкіндігін мектеп салуда да қолданып көруге ұсыныстар айтылып, жауаптыларға нақты тапсырмалар берілді. Бұдан соң облыс әкімі Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжіне барды. Оқу ордасының қызметімен, педагог құрам мен студенттердің жетістігімен танысты. Колледж ғимаратының А корпусы сонау 1920…

Read More

Биыл 19 шілдесі мен 18 тамызы аралығында Жамбыл облысы аумағында “Қауіпсіз жол» айлығы жүргiзiлуде. Осыған орай, Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі алаңында жол қозғалысы тәртібін сақтау үшін жұмылдырылатын полиция қызметтері мен бөліністерінің саптық жиыны өтті. Аталмыш жиында департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ербол Тайбеков жол қауіпсіздігін сақтау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру кезіндегi негізгі ережелер туралы жеке құрамға нұсқаулық өткізді. Жалпы, «Қауіпсіз жол» айлығының мақсаты – жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қауіпсіздігін арттыру және жүргізушілердің назарын жол ережелерін сақтау қажеттілігіне аудару болып табылады. Полиция қызметкерлері акция басталғалы 17 713 жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтады. Мас күйінде көлік құралын басқарған 63 жүргізуші…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалінің қатысушыларымен кездесті. Аймақ басшысы өз сөзінде шараның маңыздылығына тоқталып, оның тарихы терең Тараз төрінде өтуі үлкен мәртебе екендігін атап өтті. — Тәуелсіздік жылдары қаншама қандас бауырларымыз елге, Отанға оралып, мемлекет қамқорлығына алынды. Оның 79,3 мыңы біздің облысқа қоңыстанды. Ағымдағы жылдың өзінде өңірге қоныс аударған 350 отбасының 474 адамына қандас мәртебесі берілді. Бүгінде сырттағы ағайын-бауырлармен мәдени-рухани байланыстарды жандандырудың түрлі жолдары қалыптасуда. Оның бір дәлелі – өздеріңіз қатысқалы отырған «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі. Фестивальге әлемнің 9 елінен 35 өнерпаз бауырымыз қатысуда. Былтыр аталған фестиваль Кереку жерінде ұйымдастырылса, биыл Әулиеата…

Read More