Автор: admin
Бүгін құрылыс саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр. Тамыздың екінші жексенбісі құрылысшылар күні болып бекітілген, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Құрылыс саласы – ел экономикасының маңызды секторларының бірі. Орталық коммуникациялық қызметі ұсынған статистикаға сәйкес, қазіргі уақытта 53 мың компанияда шамамен 648 мың құрылыс саласының маманы жұмыс істейді. Олардың қатарында бетоншылар, сәулетшілер мен тас қалаушылар, жол құрылысының мамандары бар. Жол құрылысы – көлік логистикасы мен жолаушы тасымалы үшін өзекті сала. Қазіргі уақытта еліміздегі автожолдардың жалпы ұзындығы 95 мың шақырымды құрайды, оның 25 мың шақырымы республикалық желіге, ал 70 мың шақырымы жергілікті желіге жатады. Атаулы күн құрылыс саласындағы автожол инфрақұрылымын дамытуда еңбек етіп…
Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VІ Консультативтік кездесуі аясында «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТАРИХЫ: ХАЛЫҚТАР МЕН МӘДЕНИЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГ» тақырыбында Орталық Азия мемлекеттері тарихшыларының I форумы өтті, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Іс-шара Орталық Азия мемлекеттерінің ғалым-сарапшылары арасындағы диалогты кеңейту жолымен тарихи процестерді зерттеу мен тарихи құбылыстарды бағалауда бірегей кеңістік, мәдени, саяси контекстте синхронды көзқарас қалыптастыруға алғышарт жасауға бағытталды. Қатысушыларға құттықтау сөздерін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі, сонымен бірге Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан Республикасы делегациялары жеткізді. Форумның басты ерекшелігі ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық…
Алматы облысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА су ресурстары тапшылығының өзекті мәселелеріне және оның ауыл шаруашылығына әсері жөнінде «Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы: су ресурстарын тиімді және қауіпсіз басқару» тақырыбында Егінжай күніне арналған далалық семинар өткізді, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Іс-шараға аталған академияның президенті Ақылбек Күрішбаев, ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Болат Бекнияз, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Жетісу облысы әкімінің орынбасары Жақанбаев Әлібек және егіншілік, су, ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу институттарының басшылары мен жетекші ғалымдар, сарапшылар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері, ірі кәсіпкерлер мен агробизнес өкілдері қатысты.…
2023 жылы Алакөлдің Жетісу облысына қарасты жағалауында 1,6 млн турист демалған. Бұл — елдегі ең танымал туристік бағыттардың бірі. Бүгінде Ақши және Көктұма аймағында 302 демалыс орны қызмет көрсетуде. Жыл соңына дейін сегіз орын іске қосылады. Бұл туралы Жетісу облыстық Кәсіпкерлік және инновациялық, индустриялық даму басқармасы мәлімдеді. Басқарма басшысының орынбасары Данияр Ысқақовтың айтуынша Алакөлге қатынайтын көліктің барлық түрі реттелген. Астана мен Алматыдан және Талдықорғаннан аптасына 28 рет 3 түрлі рейс жүзеге асады екен. «Оның ішінде 2 рейс субсидияланған, олар «Алматы-Үшарал» және «Талдықорған-Үшарал», 1 коммерциялық «Астана-Үшарал. Жекелей айтсақ, Алматыдан «Оңтүстік аспан» әуе компаниясы аптасына 10 рет ұшады. Билет бағасы 18000 теңге.…
Алматы облысының Есік қаласында Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл толуына орай және V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау мақсатында тоғызқұмалақтан “Абай жүлдесі” Алматы облыстық турнирі өтті, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Турнирге түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары, мәслихат қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері мен БАҚ қызметкерлері қатысты. Алматы облысындағы 9 аудан мен 2 қаладан 40-тан астам ойыншы 7 тур бойы бақ сынасты. Ашылу салтанатына Алматы облыстық мәслихатының депутаты, тұрақты комиссия төрағасы Нұрбеков Болатжан мен Алматы облыстық тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті Жарас Ниязбек қатысып, құттықтау сөз сөйледі. “Тоғызқұмалақ — бұл біздің ұлттық құндылығымыз, мақтанышымыз. Ақыл-ойды дамытатын зияткерлік ойын. Бұл — ұлы ойшыл Абай жақсы көріп ойнаған…
Алматы облысы Талғар ауданының Өстемір ауылында демеушілердің көмегімен спорт алаңы салынып, ауыл халқына пайдалануға берілді. Аталған Workout спорт алаңы ресми ашылды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Салтанатты іс-шараға Өстемір ауылының тұрғындары мен Талғар ауданы әкімі Айдарбеков Танат Есенкелдіұлы, облыстық маслихат депутаты Гүлжан Нұрбекқызы, Respublica партиясының Алматы облыстық филиалының төрағасы Жарас Ниязбек, республикалық “Ер-Намысы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерболат Алиядин және басқа да танымал тұлғалар мен белгілі азаматтар қатысты. Аудан әкімі мен Respublica партиясы атынан “Сеніз көл” демалыс орнының иесі, кәсіпкер Ким Виталий және Талғар ауданының денешынықтыруды және спортты дамыту орталығының басшысы Жандос Аянбекұлы арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Ауыл ақсақалдары ақ баталарын беріп,…
Әскери өмірдің айбыны саналатын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 32 жыл қатарынан ел игілігі мен қоғамдық қауіпсіздік жолында табанды түрде қызмет етіп келе жатыр. Ширек ғасыр бойы өз қызметін мінсіз атқарған қуатты құрылымның қатары биыл да жас сарбаздармен толығып отыр. Өткен сенбіде Алматының қақ төрінде орын тепкен5571 әскери бөліміне кеше ғана аяқ басқан жас сарбаздардың ант қабылдау шарасы өтті. Әскери ант қабылдау – Қарулы Күштердің қатарына қосылған әрбір жас сарбаздың басынан өткеретін рәсімі. Көпшілік алдында ел қорғауға әзір екендерін салтанатты түрде мәлімдеудің жауапкершілігі жоғары екені белгілі. Осы күндері 2024 жылдың бірінші шақырылым сарбаздары әскери бөлім аумағында түрлі оқу әдістемелік жиындарына қатысып,…
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Алматы филиалы жыл басынан бері қалалық көше желілерінің сапасын тексеріп, жол құрылысы жұмыстарына бақылау жүргізуде. Мекеме 2024 жылдың қаңтарында «Алматы қаласы бойынша қалалық мобильдік басқармасы» КММ-мен көше-жол желісі бойынша жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуге 150 млн.теңгеге келісімшарт жасалды. Ведомствалық сараптама жүргізуге 90 млн тг бөлінді. Жыл басынан Алматының 8 аудан әкімдіктерімен 80 млн.тг ағымдағы жөндеу жұмыстарын тексеру бойынша келісімшарт жасалды. 2024 жылдың басынан ЖАСҰО Алматы филиалының мамандары 158 тексеріске шықты. Жолдағы асфальт қабатынан, құрылыс барысында 240 сынама алынды. Осы алынған сынаманың 28-і талаптарға сәйкес болмай шықты. Тексеріс барысында түрлі деңгейдегі 90 ақау…
Алматыда Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қала көшелерін патрульдеу кезінде өзін күдікті ұстаған адамды ұстады, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады. 4 шілдеде сағат 22.35-те «Алмалы» ауданында патрульдік-бекеттік қызмет атқару кезінде әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Нұрдос Қосыбай патрульдік қатардағы жауынгерлер Бекзат Ғабдулла мен Еркебұлан Шакманмен бірге күдікті азаматты байқады. Құжаттарды тексеру барысында ер адамның біртүрлі әрекетін байқайды. Осыдан кейін олар полиция қызметкерлерін азаматты ұстау орнына шақырды. – Сыртқы тексеру кезінде полицейлермен бірге біз пакеттен арнайы иісі бар өсімдік тектес затты тауып…
Жетісулықтар, әсіресе Талдықорған қаласының тұрғындары көпқабатты үйлерінің ауласын гүлденген баққа айналдыруда. Олар үйдің кіреберіс тұсына жыл сайын сан түрлі гүлдер өсіруде және бұл гүлдер қара суық түскенше өңін бермейді. Зейнеткерлердің еңбекқорлығының арқасында «Самал» шағын ауданындағы №11 үйде өсімдіктердің 60-тан астам түрі өсіп тұрған бұл ауланың «Үлгілі» атағына ие болуы да ғажап емес, Ольга Серебренникова әр гүлге жан жылуын, көңіл шуағын қоса құяды. 11 жыл ішінде әуесқой бағбан жүздеген түрлі гүл өсіріп келеді, оның өз туған жері мен өз қаласына деген сүйіспеншілігі көпке үлгі болып отыр, мұндай игі іс бос жатқан жер учаскесін тиімді пайдалансақ деген ниеттен басталған дейді. Облыс…