Автор: admin
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің Шу ауданына жұмыс сапары «Тасөткел» су қоймасының сейсмикалық тұрақтылығын нығайту жұмыстарымен танысудан басталды. Себебі келер жылдың вегетациялық кезеңіне дейін су көп жиылса, шаруалар алқаптағы жұмыстарға еш алаңсыз ертерек кіріседі. Жобалық құны – 2,1 миллиард теңгеге жоспарланған су қойманың қайта жаңғырту жұмыстары 45 пайызға аяқталған. Мердігер ұйым басшылығы биыл су деңгейінің әдеттегіден жоғарылағанын айтып, тиісінше жоспарлы жұмыстарға қолбайлау болып тұрғанын жеткізді. Аймақ басшысы жобаның күрделілігі мен маңыздылығын ескеріп, құрылыстың бекітілген кестеден кешігіп келе жатқанын атап өтті. Жұмыстарды ағымдағы жыл соңына дейін аяқтауды, қажет болған жағдайда жұмысшыларды екі ауысымда ұйымдастыру керектігін баса айтты. Келесі кезекте облыс әкімі Шу…
Кез келген мәселеге қатысты шешім қабылдарда қоғамдық пікір мен көзқарасты міндетті түрде ескеру маңызды. Бұл туралы кезекті аппараттық кеңесте Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов айтты. Басқосуда алдымен жергілікті атқарушы органдардың халықпен кері байланыс мәселесі қаралды. Облыс әкімінің кеңесшісі Нұрмухаммед Ниязбеков, баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы, «Жамбыл облысы бірыңғай диспетчерлік қызметі» КММ-нің басшысы Бақкелді Тұрсынбек баяндама жасады. Олар әлеуметтік желідегі басшылардың белсенділігі, көтерілген сауалдар мен өтініштерге жауап беру деңгейі, атқарылған жұмыстарды көрсете білуі, кері байланыс орнату мәселелеріне жан-жақты тоқталып, алты айдың қорытындысын баяндады. Кемшіліктер бойынша бірқатар әкімдер мен олардың орынбасарларына, басқарма басшыларына қатысты шаралар қабылданатын болды. — Кез келген өзекті мәселеге…
Жамбылдық полицейлер есірткіге қарсы бағыттағы профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізуде. Осындай сипаттағы кезекті іс- шара Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта және Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында өткізілді. Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тұрғындарға есірткінің зияны туралы бүктеме кітапшалар таратты. Онда синтетикалық есірткі заттарының таралу мәселесіне ерекше назар аударылған. Сондай-ақ, кітапшада есірткінің заңсыз айналымына қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны туралы ақпарат бар. — Сондай-ақ акция барысында біздің қызметкерлер тұрғындарға «Есірткінің тозағы. Азап айдаған ана» деген кітап таратты. Бұл кітапта анасы ұзақ уақыт бойы нашақорлыққа тәуелді болған ұлының есірткімен күрескен тағдыры туралы айтады. Әйел адам өз отбасының мәселесі…
Жамбыл облысы Шу ауданында 10 келіден астам есірткіні мотоциклмен тасымалдаған деп хабарлады Polisia.kz. Полиция Шу – Меркі тас жолының аумағында мотоциклмен кетіп бара жатқан Шу және Мойынқұм ауданы тұрғындарын тоқтатты. Ұсталғандардан жалпы салмағы 10 келі 600 грамм болатын екі қап кептірілген марихуана тәркіленді. Күдіктілер кінәсін мойындады. Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен тергеу басталды.
Тараз қаласының Полиция басқармасына Жамбыл облысының тұрғындарынан алаяқтық жолмен алдап, қомақты сомада ақшаларын жымқырған белгісіз азаматшаға қатысты арыз түскен. Тараз қаласы Полиция басқармасының жедел-тергеу тобымен 34 жастағы азаматша анықталды. Ол қала тұрғындарына төмен пайызбен несие шығарған, алайда ақшаны өзіне иемденген. Алған несие сомалары 500 мыңнан бастап 5 миллион теңге көлемінде болған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 47 миллион 80 мың теңгені құрайды. Күдікті әйел өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Құрметті қала тұрғындары, алаяқтардың арбауына түспес үшін сақ болыңыздар.
Жетінші шақырылған облыстық мəслихаттың кезекті он сегізінші сессиясында бірқатар мәселелер қаралды, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Облыстық мəслихат депутаттары, басқарма басшылары, қала жəне аудан əкімдері қатысқан сессияның тұрақты комиссия отырысында облыс əкімі Нұржан Нұржігітов баяндама жасап, облыстық бюджеттің атқарылуы мен өңірдің алдағы даму жоспары туралы хабарлады. Аймақ басшысы өткен жылы елде болған пандемия тұсында табысын жоғалтқан салық төлеушілерге берілген салықтық рахымшылықтар мен жеңілдіктерге қарамастан облыстық бюджет кірістері артығымен орындалып, алдыңғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім бергенін жеткізді. — Өткен жылғы облыстық бюджеттің кірістері 537,4 млрд. теңгені құрап 100,3 пайызға қамтамасыз етілген. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 42,3 пайызға немесе 159,9 млрд. теңгеге артқан. Меншікті кірістер…
Ағымдағы жылдың 27-29 маусымы аралығында Жамбыл облысының аумағында «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты- кәмелетке толмағандар арасында, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 172 жасөспірім жеткізілді, оның ішінде 194 жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылды. Бес жасөспірім және жеті қолайсыз отбасы анықталып, есепке алынды. Сонымен қатар, алкоголь өнімдерін сатудың 6 дерегі, сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімдер түнгі уақытта даяшы болып жұмыс істеген екі ойын-сауық орны анықталды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін…
Румыния мен Қазақстанды не байланыстырады? Еуропадағы елдің президентінің кітабы қазақ тілінде шықты
Қазақстан мен Румыния – посткеңестік мемлекеттер. Қара теңіз бен Каспий теңізінің ортасындағы Ресей жері бөліп жатқаны болмаса, екі мемлекетті транзиттік көршілер деуге де болады. Румыния мен Қазақстан арасындағы ұқсастықтар да аз емес. Румыния – 1878 жылы Осман империясының бодандығынан құтылып тәуелсіздік алған ел. ХХ ғасырдағы сан түрлі төңкерістер мен соғыстарды бастан өткерген Румыния Кеңес Одағының ықпалымен коммунистік лагерьдің қатарын толықтырды. Николае Чаушескудің ұзақ жылғы билігі 1989 жылы төңкеріспен тәмамдалып, Румыния демократиялық жолға түсті. «Түсті» деп айтылғаны болмаса, алғашқы жылдар түрлі толқулар мен қақтығыстармен тарихқа жазылып, ақырғы нәтижесінде Румыния Еуропалық одаққа, НАТО-ға қабылданып, демократиялық жолға түсті. Бұл – 1991 жылы өз…
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Оған бірқатар инвесторлар келіп, өздерінің ұсыныстары мен мәселелерін білдірді. Ұсыныстар қатарында магний нитраты және магний сульфатын өндіретін зауыт салу, CaF2 — флюорит концентратын өндіру бойынша тау-кен байыту комбинатының құрылысын жүргізу, сүт фермасы, ауыл шаруашылығын цифрлық несиелеуге қатысты және тағы басқа жобалар болды, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Аймақ басшысы барлық ұсынылған жобалардың болашағы мен нәтижелігіне қатысты сұрақтар жолдап, жауаптар алды. Тиісті тұлғаларға нақты міндеттер жүктеп, назарға алу, зерделеу, қажетті қолдауларды көрсету үшін жан-жақты жұмыстар жүргізуді тапсырды. Айта кетейік, бұған дейін инвестициялық штабтың бес отырысы өткен болатын десек, басқосуда сол кеңестерде облыс…
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартонмен кездесті. Кездесуге ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов қатысты, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Тараптар түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Жан-Франсуа Мартон өңірлік деңгейде, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласында өзара тиімді серіктестікті одан әрі тереңдетуге мүдделі екендігін білдірді. — Біздің облыс агроөнеркәсіптік аймақ болып саналады. Өңірдің әлеуеті зор, бұл көптеген бірегей жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Облыс халқының 60 пайызы ауылдық жерлерде тұрады.Бүгінде жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту бойынша кешенді жұмыстар қолға алынуда. 2019 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі ауыл тұрғындарының табысын арттыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту,…