Автор: admin

Қазақстанда медицина кадрларының тапшылығы жиі айтылғанымен, өңірлерге барған жас мамандарға жасалатын нақты жағдай көңіл көншітпей отыр. Бұл туралы Әнел Жұмаділ есімді жас дәрігер әлеуметтік желіде ашық мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Оның айтуынша, өзін Алатау қаласына дәрігер ретінде жұмысқа шақырған. Жұмыс беруші тарапынан қызметтік пәтер беру және тұрғын үйге арналған көтермеақы қарастырылатыны айтылған. Осы уәделерге сеніп, ол ресми түрде жұмысқа орналасқан. Алайда қызметтік тұрғын үйді дәрігерге тек арада уақыт өткен соң ғана көрсеткен. «Мұндай жерде адам тұра алмайды» Дәрігердің сөзінше, алдымен ұсынылған пәтердің жағдайы тым нашар болған. «Алғаш көрсетілген пәтерді тіпті видеоға да түсіре алмадым. Ішінде арақ бөтелкелері шашылып жатыр, жөндеу жұмыстары…

Read More

«Соколов-Сарыбай» кен орнында бақылаусыз жарылыс болып, бір жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды Tarazy.kz Оқиға 5 қаңтарда болған. Бұл ақпаратты кәсіпорынның корпоративтік коммуникациялар қызметі растады. Ведомство мәліметінше, 25 жылдық тәжірибесі бар 55 жастағы машинист ірі кен кесектерінің кептелуін жою жұмыстарын атқарып жатқан. Аталған жұмыстар өндірістік жарылғыш заттарды қолдану арқылы орындалған. Бақылаусыз жарылыс нәтижесінде жұмыскер жарақат алып, Рудный қалалық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты қызметтік тергеу басталды.

Read More

Қазақстанда ақылы автожолдардың саны артады, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл бастама жол желісін ұзақ мерзім бойы талапқа сай күйде ұстау, жөндеу мен күтіп-ұстауға арналған тұрақты қаржыландыру тетігін қалыптастыру, сондай-ақ республикалық бюджетке түсетін салмақты азайту мақсатында қолға алынып отыр. Алдағы уақытта ақылы жүйе енгізілуі мүмкін негізгі автожол учаскелері мыналар: Қарағанды – Балқаш бағыты Бұрылбайтал – Күрті аралығы Ақтөбе – Қандыағаш автожолы Талдықорған – Өскемен бағыты Атырау – Астрахань жолы Меркі – Шу учаскесі

Read More

Қазақ футболының ардагері, тәжірибелі ойыншы әрі бапкер Марат Жалғасұлы Есмұратов 65 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Tarazy.kz Қазақстан футбол федерациясы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына және барша футбол қауымдастығына қайғыра көңіл айтты. «Марат Жалғасұлы — отандық футболдың дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында жеті мәрте алаңға шыққан. Кәсіби еңбек жолында «Мелиоратор», «Машук», «Қайрат», СКИФ-«Ордабасы», «Актюбинец», «Мұнайшы»»клубтарында өнер көрсетіп, 2001 жылы туған клубы «Қайсар» сапында футболшы мансабын аяқтады», — деп жазылған хабарламада. Ол Қазақстан Премьер-лигасында 265 матч өткізіп, 6 гол соққан. Жаттықтырушы ретінде «Қайсар», «Ақ Бұлақ», БЖМОРСМ №2, «БТА Футзал» МФК, «Жетісу» және «Алтай» клубтарында жұмыс істеген.

Read More

Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Нұрәлі Әлиев туған күнін Дубайда дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Туған күн кешінен кадрларды Әлиевтің өзі әлеуметтік желідегі парақшаларында бөліскен. Суреттерден туған күнде оны балалары да жүргенін байқауға болады. Туған күн Дубайдағы Terra solis Dubai курорттық қонақүйінде өткен. Кеште қазақстандық этно топ өнер көрсеткен. Айта кетейік, Нұрәлі Әлиев, Forbes мәліметтері бойынша, Қазақстандағы ең бай 75 адамның рейтингінде 39-орында. Ол «Capital Holding» ЖШС мен «Darmen Holding» ЖШС-нің мажоритарлық акционері. Әлиев Дубайда (БАӘ) орналасқан Donatello Hotels and Resorts қонақүй желісіне, Алматыдағы Donatello Boutique Hotel қонақүйіне, сондай-ақ Алматы мен Астанадағы бірнеше мейрамханаға иелік етеді. Ақпан айында Әлиев Instagram парақшасында сату мәмілесіне…

Read More

Алматыда 14 жастағы жасөспірім бір аптаға жуық уақыттан бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Tarazy.kz Алматыда 14 жастағы жасөспірім Тигран Шибаевты іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол 30 желтоқсанда үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған. 2011 жылы туған Тигран Шибаев сол күні Есенов көшесіндегі үйінен шығып, телефонын жөндету үшін ЦУМ бағытына бет алған. Содан бері оның қайда екені белгісіз. Алматы қалалық Полиция департаменті кәмелетке толмаған бала жоғалуы бойынша іздестіру ісі қозғалғанын хабарлады. Іздеу жұмыстарын үйлестіру үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылып, полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылған.

Read More

Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) 2024 жылы тарихи шешім қабылдап, қазақтың тазы итін дербес тұқым ретінде таныды және Қазақстанды осы тұқымның ресми иесі ретінде бекітті, деп хабарлайды Tarazy.kz DKNews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл құжаттағы жай ғана жол емес. Бұл тұтас бір халықтың мәдениеті, дәстүрі мен тарихының халықаралық деңгейде мойындалуы. Қазақ дәстүрінде тазы үйдің басты құндылықтарының қатарында болған. Оны кез келген адамға сата салмаған, сән үшін асырамаған. Тазы тұрмыс-тіршіліктің, көшпелі өмір салтының ажырамас бөлігі еді. Енді бұл тұқым ресми түрде танылды. Оның бекітілген стандарты, шығу тегі көрсетілген елі және халықаралық болашағы бар. Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің іс басқармасына жеті қазынаның…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Turkistan газетіне берген көлемді сұхбаты жарияланды, деп хабарлайды Tarazy.kz — Жаңа жыл қарсаңында Кремльде Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысымен тағы да кездесті. Кремльге қарасты ақпарат құралдары бұл жайында кеңінен мәлімет таратты. Кездесу туралы көптеген пікір айтылып, өсек-аяң өрбіді. Тіпті, Қазақстанда 2029 жылы болатын билік транзиті туралы сөз қозғалыпты, Назарбаев Владимир Путиннің тікелей қолдауымен сол істе ең басты рөл атқарғысы келеді екен деген алып-қашпа әңгіме шықты. Сіз былтырғы сұхбатыңызда Тұңғыш президент партияның ірі қайраткері ретінде көп уақытын өткізген Мәскеуді сағынатын болар, сондықтан ол жаққа жиі барады деп түсіндірген едіңіз. Дегенмен, көптеген азамат сіздің осындай саммиттерге шынайы көзқарасыңызды білгісі келеді.…

Read More

Қаңтар–қараша айларының қорытындысы бойынша Астанада LRT желісін салуға республикалық бюджеттен 329,6 млрд теңге жұмсалды. Бұл – биылғы жылға жоспарланған қаржының 99,2 пайызы, деп хабарлайды Tarazy.kz Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, аэропорттан елорданың жаңа теміржол вокзалына дейінгі жеңіл рельсті көлік желісін қаржыландыру көлемі былтырғы көрсеткіштерден бірнеше есе асып түсті. 2024 жылы LRT құрылысына 28,4 млрд теңге,2023 жылы 52,4 млрд теңге бөлінген. Барлық жағдайда қаражат Ұлттық қордан мақсатты трансферттер есебінен бағытталған. Шығын көлемі бойынша LRT жобасы көлік саласындағы ең ірі бюджет жобаларының біріне айналды. Оның құрылысына жұмсалған қаржы көлік және коммуникациялар бағытына бөлінген республикалық бюджет шығыстарының шамамен үштен бірін құрады. Салыстыру үшін: 2025 жылы…

Read More

Speedtest Global Index қараша айындағы интернет жылдамдығына қатысты әлемдік рейтингті жариялады. Нәтижеге сәйкес, мобильді интернет сапасы бойынша Қазақстан бір саты төмендеп, 46-орынға жайғасты. Елдегі мобильді интернеттің орташа жүктеу жылдамдығы 93,07 Мбит/с деңгейінде тіркелді, деп хабарлайды Tarazy.kz Салыстырмалы түрде айтсақ, Жапония бұл көрсеткіш бойынша 62-орында тұр – 65,14 Мбит/с. Мобильді интернет жылдамдығы ең жоғары елдер: Біріккен Араб Әмірліктері – 672,68 Мбит/с Катар – 542,56 Мбит/с Кувейт – 398,66 Мбит/с Ал ең төменгі көрсеткіш Боливияда тіркелген – 14,35 Мбит/с. Тіркелген кеңжолақты интернет (fixed broadband) жылдамдығы рейтингі бойынша да Қазақстанның позициясы әлсіреді. Бұл санатта ел 91-орынға түсіп, орташа жылдамдық 83,5 Мбит/с болды. Ал Жапония 23-орында орналасып,…

Read More