Автор: admin
Бүгін «Көлсай көлдері» МҰТП аумағында AFoCO хатшылығы, ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдастыруымен климаты құрғақ Орталық Азия елдерінде орман және дала өрттерін сөндіруші кәсіби мамандарды дайындауға арналған халықаралық тренинг басталды. Тренингке Қазақстаннан бөлек Бутан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан елдерінің өкілдері қатысуда. Мамандарға Франция, Кореяның өрт сөндіру және орман қызметінің өкілдері, Қазақстан тарапынан ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы Жолбарыс Нияз, Қазәуеорман күзетінің ұшқыш-бақылаушысы Тимофей Плотников дәріс өтеді. Мамандар дәріс барысында орман және дала өрті шығу қаупін сараптау, спутник, ұшу құралдары арқылы өрт аумағын анықтау, өшіру әдістерін үйретеді. Халықаралық тренингтің ашылу шарасына ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар…
2025 жылғы 5-12 тамыз аралығында Ыстық-Көлде (Қырғызстан) тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасында халықаралық жарыс өтті. Тоғызқұмалақтан ҚР Ұлттық құрама командасының іссапарына ҚР Туризм және спорт министрлігі, Самұрық-Қазына қоры мен Спорты қолдау қоры демеушілік қолдау көрсетті. Нәтижесінде, ерлер арасында: 🥇 Ануарбеков Дархан (Қазақстан); 🥈 Жанбау Диас (Қазақстан); 🥉 Салман Ерсұлтан (Қазақстан); 🥉 Махмутжан Азимхан (Қазақстан). Әйелдер арасында: 🥇 Егінбай Аяжан (Қазақстан) 🥈 Қожанәсіп Аңсаған (Қазақстан) 🥉 Намаз Ақбота (Қазақстан); 🥉 Мақсатбек кызы Айтурган (Қырғызстан).
2025 жылғы 13 тамызда «Жерұйық» саябағында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, республикалық «Жомарт Жан» орталығының басшысы Евгений Больгерт, елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері және қоғамдық белсенділер қатысты. Алаң Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен және оның 30 жылдығына орай 2025 жылғы 1 мамырда өткен «Бірлік жүгірісі» қайырымдылық марафоны кезінде жиналған қаражатқа салынды. Жоба ҚХА-ның «Жеңіс – бірлікте» спорттық платформасы аясында жүзеге асырылып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жалпыұлттық қозғалыстың маңызды бөлігіне айналды. Астанадағы алғашқы спорт алаңының ашылуы Қазақстанның барлық өңірлерін қамтитын ізгі дәстүрдің…
Алматы қаласындағы жол жөндеу және құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы ретте Жол активтері сапасының ұлттық орталығының Алматы қалалық филиалы жол құрылысына пайдаланылатын материалдардың сапасына тұрақты түрде бақылау жасап келеді. Атап айтқанда, филиалдың инженері Досжан Сұрапбергенов Алматыдағы Асфальтбетон зауытына барып, өндірісте қолданылатын асфальтбетон қоспасы, қиыршық тас, битум секілді негізгі құрылыс материалдарынан сынамалар алды. «Жол сапасының жоғары болуы – ең алдымен қолданылатын материалдардың сапасына байланысты. Біздің зертханада алынған сынамалар мұқият зерттеліп, нормативтік талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Егер қандай да бір сәйкессіздік анықталса, ол бойынша тиісті ескерту жасалып, мердігер мекемелерге шара қолдану туралы ұсыныс беріледі», – деді инженер Досжан Сұрапбергенов. Айта кету керек, жол…
Тараз қаласы «Достық үйінде» үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Тиімді коммуникациялар және азаматтық белсенділермен ынтымақтастық» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренинг мақсаты азаматтық белсенділер, үкіметтік емес ұйымдар мен жергілікті атқарушы билік арасында ынтымақтастық саясатын жүргізу. Іс-шараның тренерлері — «Жамбыл облысының КЕҰ Ассоциациясы» заңды тұлғалардың бірлестігінің басшысы, трансформациялық бизнес-тренер — Заурбекова Айнұр Орынтайқызы, «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың бірлестігінің басқарма төрағасы, заң ғылымдарының магистрі Дастан Исламбек Дастанұлы және «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, волонтерлық бастамаларды қолдауға арналған 12 шағын гранттың жеңімпазы Намелбек Азамат Намелбекұлы жүргізді. Іс-шараға үкіметтік емес ұйымдар, жастардастан, жалпы 32 адам қатысты. Семинар барысында ҮЕҰ арналған сыйлықақы, «Тәуелсіздік…
2025 жылғы 5-12 тамыз аралығында Ыстық-Көлде (Қырғызстан) тоғызқұмалақтан Ө. Касмакуновты еске алуға арналған халықаралық турнир өтуде. Жарысқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Жапония және Қырғызстан елдерінен 200-ден аса спортшы қатысуда. ҚР Ұлттық құрамасының іссапарына Туризм және спорт министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры және Спортты қолдау қоры демеушілік көрсетуде.
3 тамыз күні Қонаев қаласындағы Балаларды қолдау орталығында ерекше әрі мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараны «Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясы» ҚБ Алматы облыстық филиалы ұйымдастырды. Бастамашысы – аталған филиалдың президенті Бауыржан Бақтыбайұлы Айнабеков. Шараның мақсаты – өмірлік сынақтарды бастан өткеріп жүрген балаларға рухани қолдау көрсету, оларды спортқа баулу және өзіне деген сенімін арттыру болды. Бұл күні орталық тәрбиеленушілері Киокушинкай-кан каратэден еліміздің чемпиондарымен жүздесіп, еркін сұхбаттасып, каратэшілердің әсерлі шеберлік сағатын тамашалады. Спортшылар түрлі соққы техникаларын, күшке негізделген күрделі әдістер мен ағаш сындыру элементтерін көрсетіп, балаларға ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, федерация тарапынан балаларға бағалы сыйлықтар тарту етіліп, естен кетпес эмоция мен қуанышқа…
Автор: Tarazy.kz | Алматы, 2025 ж. Қазақстанның табиғи байлығының інжу-маржандарының бірі – Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бүгінде экотуризм саласының басты бағыттарының біріне айналып келеді. Алматы қаласының оңтүстігінде орналасқан бұл табиғи аймақ қазір жаңа жобалармен жанданып, экологиялық туризмге бет бұрған. 200 000 гектар табиғи сұлулық 1996 жылы Қазақстан Үкіметінің арнайы қаулысымен құрылған Іле-Алатау ұлттық паркі – Тянь-Шань жотасының солтүстік беткейінде, Шамалғаннан Түргенге дейін 120 шақырымға, ені 30–35 км аралығында созылып жатыр. Жалпы аумағы 200 160 гектарды құрайды. Парк құрылымына кіретін негізгі төрт филиал: Ақсай – 57 839 га, Медеу – 41 075 га, Талғар – 26 652 га, Түрген –…
Алматыда Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында «Бақыт соқпақтары» жобасы аясында жаңа абаттандырылған тау маршруты ашылады. Бұл бағыт Проходное шатқалы арқылы Терра алаңқайы мен Алёшкин көпіріне дейін созылады. Бұл — Іле Алатауының ең көрікті және танымал жаяу серуен жолдарының бірі. Жаңа маршруттың ұзындығы – 13,5 шақырым, биіктік айырмасы – шамамен 1580 метр. Соңғы нүктесі – теңіз деңгейінен 3330 метр биіктікте орналасқан Космостанция. Жол бойында орналасқан Алёшкин көпірі — Қазақстандағы ең биік таулы аспалы көпірлердің бірі. Оның ұзындығы 50 метр, ал теңіз деңгейінен биіктігі – 3000 метрден асады. Бұл бағыт Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің туризм әлеуетін арттыруға бағытталған.…
Алматы облысында іске асырылып жатқан ірі құрылыс жобаларының бірі «Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолының 101-143 шақырым учаскесін қайта жаңарту аясында 150-ден астам құрылыс материалы сараптамадан өтті. «ЖАСҰО» РМК Алматы облыстық филиалының инженерлері биыл аталған учаскеге төселіп жатқан жол сапасын тексеру үшін 10 рет барған. «Ұзынағаш-Отар» 101-143 шақырым қайта жаңғырту учаскесі 2018 жылы басталған. Бастапқы кезде басқа мердігер айналысқан. Кейін онымен келісім-шартты жойып қазір басқа компания айналысып жатыр. Жалпы төрт жолақты 42 шақырым автожолы. Біздің мекемемен алынған 151 сынаманың 30-ға жуығы талапқа сәйкес емес болып тұр. Бірақ қайтадан комиссиялық керн алу жұмыстары жүргізіліп сынамадан өтіп жатыр. Анықталған ақауларды жою бойынша мердігер мекемемен бірлесе…