Автор: admin
Әзірбайжан үкіметіндегі дереккөздің Euronews-ке хабарлауынша, зақымдалған ұшаққа Ресей әуежайларына қонуға рұқсат берілмеген. Сонымен қатар, апатқа ұшыраған әуе кемесіне ресейлік зымыран тиген, деп хабарлайды Tarazy ақпарат Euronews-ке сілтеме жасап. Алдын ала тергеу мәліметтері Грозный қаласы үстіндегі ресейлік зымыран Ақтаудағы қайғылы жағдайдың себебі болғанын растады. Әзірбайжан үкіметінің дереккөздері бейсенбі күні Euronews агенттігіне эксклюзивті түрде хабарлағандай, «земля-воздух» санатындағы ресейлік зымыран сәрсенбі күні Ақтау қаласында Әзірбайжан әуе желісінің ұшағының апатқа ұшырауына себеп болған. Үкімет дереккөздерінің мәліметінше, зымыран Грозный үстінде ұшып жүрген ұшқышсыз аппараттарға (БПЛА) бағытталып атылған, бірақ оның сынықтары ұшаққа жақын жерде жарылып, жолаушылар мен экипаж мүшелеріне зақым келтірген. Сондай-ақ, Euronews-ке үкімет өкілдері хабарлағандай,…
Алматыда ҚР Мәслихатының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Tarazy аұпарат. Алматы қаласы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Мәслихатының 30 жылдығына орай «Мәслихаттарға 30 жыл: Алматы мәслихатының қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара барысында Respublica партиясының орталық аппарат басшысының кеңесшісі Хасенов Махамбет Кабдулқайырұлы, Алматы қалалық филиал төрағасы Сұңғат Хайроллаұлы, сондай-ақ, партия атынан сайланған Алматы қалалық мәслихат депутаттары қоғамдық қызметтегі белсенділігі үшін Алғыс хаттармен және медальдармен марапатталды. Бұл жиын еліміздің өкілді билік органдарының қалыптасуы мен дамуына шолу жасап, Алматы мәслихатының қала өміріндегі маңызды рөлін атап өтуге арналды.
Бүгін Respublica партиясының Алматы қалалық филиалы мен депутаттары бірлесіп «MaxKids» абилитация орталығында ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар үшін жаңа жылдық шырша ұйымдастырды. Бұл іс-шара орталықтың ашылу салтанатымен сәйкес келді. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш ғимарат Алматы қаласы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан алынып, іске қосылуы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұргүл Тау ханым мен Алматы қалалық Мәслихат депутаттарының бастамасымен жүзеге асқан болатын. Бұл партияның маңызды жетістіктерінің бірі болып табылады, себебі инклюзияны қолдау — партия бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі. Зағип балалардың жүзіндегі қуаныш пен олардың емделуіне өз үлесімізді қосудың өзі біз үшін үлкен жетістік.
Айғаным Болатқызы: Журналист күйеуім баланы тартып алу үшін қазірге дейін маған тыныштық бермейді. Журналист әрі тележүргізуші Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі, қазір ұлын өсіріп отырған Айғаным Болатқызы KYN.KZ журналисіне ел алдында жүрген азаматтан көрген қорлық жайлы айтты. Сөзінше ұлдары дүниеге келгеннен бастап қарым-қатынастары нашарлап, ұрыс-керіс басталған. Бала үш жасқа толғанша бірнеше рет ажырасып, қайта қосылып, екі адамның мәселесі екі әулеттің тынышын құртқан. Айғаным Болатқызының сөзінше күйеуі оны ұрып-соғып, үйден қуып, ақшасыз далада қалдырған күндері болған. Тіпті, бір жастан асқан ұлын анасына көрсетпей алып қашып жүрген көрінеді. Айғаным Болатқызы ұлы 8 жасқа толса да оның әкесі өзін сотқа сүйреп, мазасын қашыратынын айтады.…
Абай университетінің Филология факультетінде «Қытай тілі және қытайтану» кафедрасының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Кафедраның жабдықталуына Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында орналасқан «Beijing Feihua International Education Technology» компаниясының басшысы, беделді кәсіпкер Мэй Якун демеушілік жасады. Маусым айында екі мекеме арасында меморандумға қолқойылған болатын. Соның негізінде Мэй Якункомпаниясының қолдауымен университетке заманауи оқу жабдықтарын, атап айтқанда оқу құралдары менноутбуктер, компьютерлер, интерактивті тақталар, планшеттер мен принтерлерді сыйға тартты. «Қытай тілі және қытайтану» кафедрасын ашудың мақсаты — тілдік және мәдени құзыреттіліктерді жетілдіру арқылы екі ел арасындағы байланысты нығайту, қосдипломдық білім беру негізінде оқыту, академиялық ұтқырлық мәселесін жолға қою, қытай университеттерімен, ғылыми-зерттеу…
Қандай маман иесі болса да, теориялық білімді практикамен ұштастыра білу оның сапалы кадр болып қалыптасуына үлкен ықпал ететіні сөзсіз. Осы мақсатта «ЖАСҰО» РМК Алматы облыстық филиалына болашақ жолшылар жиі ат басын бұрады. Бұл жолы кезекті рет Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының студенттері мекеме табалдырығын аттап қызу жұмыстармен танысты. Олар әр келген сайын қызығы көп мамандықтың қыр-сырын меңгеруге барынша ынта білдіреді. «Біздің мекемеге келген әр студентті, болашақта жолшы болам деген адамға барынша көңіл бөле отырып, оқығандарын практика жүзінде үйренуге мүмкіндік жасаймыз. Қысқы демалыс болсын, жазғы демалыста болсын біздің орталыққа жастар жиі келеді. Жолшы болу үшін қазірден бастап білім алса мықты…
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Tarazy ақпарат Кремльге сілтеме жасап. “Владимир Путин Ново-Огаревода Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізді”, – делінген Кремль сайтында жарияланған хабарламада. Бұл жаңалық 13 желтоқсан, жұма күні кешкі 22:00-де жарияланды. Алайда, кездесудің егжей-тегжейі ашып айтылмаған. Ново-Огарево – Мәскеу облысындағы Одинцов ауданының Усово ауылына жақын орналасқан XIX ғасырдағы тарихи усадьба. Бұл – Ресей Президентінің мемлекеттік резиденциясы, онда Владимир Путин жұмыс жиналыстарын және мемлекет басшыларымен кездесулер өткізеді. Ресейдің “Известия” басылымының мәліметінше, кездесу барысында тараптар сыртқы саясат мәселелерін талқылаған.
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы (ЖАҰСО) жұмыс процесіне цифрлық технологияларды белсенді енгізуді жалғастыруда. Заманауи әдістерді қолдану арқылы қызметкерлердің кәсіби дайындығын жақсартуға және жұмыстың тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – виртуалды жаттығу құрылғысын енгізу. Бұл құрылғының көмегімен зертхана қызметкерлері VR көзілдірік (виртуалды шындық) арқылы тәжірибе жинақтап, арнайы емтихандар тапсыра алады. Бұл әдіс тек мамандар үшін емес, сондай-ақ студенттер үшін де пайдалы. Олар құрылғымен жұмыс істеу барысында практикалық дағдыларды меңгеріп, кәсіби тәжірибе жинауға мүмкіндік алады. ЖАҰСО орталық аппаратының IT маманы Кирилл Гриненко жақында Алматы филиалының қызметкерлеріне виртуалды жаттығу құрылғысын таныстырып, оның жұмыс принциптері мен артықшылықтарын көрсетті. Жаңа…
Талғар қаласының маңынан кәмелетке толмаған адамды өлтіру ісімен байланысты ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. «Талғар қаласының маңынан 30 жастағы ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылып, өз-өзіне қол салған. Марқұмның биыл 4 қазанда қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Осы уақытта қылмыстық сипаттағы қандай да бір белгілер анықталмады», — делінген Алматы облысы полиция департаментінің хабарламасында. Полиция марқұм Шерзат Болаттың отбасы барлық уақытта полицейлердің қорғауында болғанын айтады. «Осы уақытқа дейін марқұмның отбасына төнген қандай да бір қауіп-қатер…
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінде арнайы мақсаттағы «Бүркіт» бөлімшесінің 25 жылдығына арналған пресс-тур өткізді, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Олар әскери қызметшілердің қызметімен және тұрмысымен танысып, әскери қалашық инфрақұрылымын аралады. Әскери қызметшілермен бірге қызметтік атмосфераны сезінді. Пресс-тур аясында қонақтар казармаларды, сондай-ақ, әскерилердің асханасын аралап, жауынгерлерге арналған тағамдардың сапасын бағалады. Әрбір қатысушы ас рационының барлық қажетті талаптарға сай екеніне көз жеткізді. Техника мен қару-жарақ көрмесінде құқықтық тәртіп әскерінің қолданысында бар қару-жарақ, байланыс құралдары мен түрлі жабдықтардың заманауи үлгілері ұсынылды. Әсіресе, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әрекет ету техникасының көрсетілімі қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.…