Автор: admin

Бүгін, 2022  жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда зейнетақы жинағынан алуға болатын жеткілікті сома өседі. Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибраимова осы мерзімге дейін үлгеріп, зейнетақы жинағындағы қаражатын алуға үлгеремін деген қазақстандықтардың неше теңгеге дейін өтініш бергенін мәлім етті, — деп хабарлайды Azattyq Rýhy. «Дәл осы наурыз айында біз қалыпты жағдайға жатпайтын процестерді байқадық: мысалы, 5 теңге алуға өтінім болды, 161 өтініш 40 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі сома алуға жолданды. Сондай-ақ, ақылға қонымсыз сұраныстары бар өтінімдер түсе бастады. Мысалы, порталда 200 млн теңгеден 6 млрд теңгеге дейін 627 өтінім келіп түсті. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің мұндай сомасы бұрын-соңды болмағаны түсінікті», — дейді Ләззат Ибрагимова. …

Read More

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 1 сәуірден бастап көлігіңіздің салығын төлемеген болсаңыз, кешіккен әрбір күніңіз үшін айыппұл арқалайсыз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy порталы. 2021 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеудің соңғы мерзімі 2022 жылдың 1 сәуірі. Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен дербес есептеуге болады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта салық органдарымен есептелген алдағы төленетін көлік құралдарына салынтын салық сомалары «Каспий банк» АҚ және «Халық банк» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарлама түрінде жіберіліп жатыр. Бұдан басқа, бұл ақпарат kgd.gov.kz web-порталда «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейдегі…

Read More

Оңтүстік Кореяда екі ұшақ соқтығысып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар24». Yonhap агенттігінің мәліметінше, апат Сеулден оңтүстікке қарай 300 шақырым жердегі Сачхон қаласында болған. Оңтүстік Корея ӘӘК-ке тиесілі екі КТ-1 ұшағының соқтығысуынан үш адам қаза тауып, тағы біреуі ауыр жарақат алды. Әуеде соқтығысқан екі ұшақ күріш алқабына құлаған. Оқиға орнында 30-дан астам құтқарушы мен өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр. Билік оқиғаның себеп-салдарынан тексеруге кірісті.

Read More

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, — деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы (KASE). Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,10 теңгеге өсіп, 471,13 теңгеге тең болды. Айта кетейік, Ұлттық банк 1 сәуірге белгілеген доллардың ресми бағамы — 466,31 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақыта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы — 471,85 теңге, сатылым — 475,79 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 470,68 теңгеден сатып алады, 474,79 теңгеден сатады.

Read More

Баспана аламын деп ақша жинап жүрген жандар нені ескеруі қажет? Ақшаны қалай оңай үнемдеуге болады? Бұл сұрақтарға Tengrinews.kz порталына экономика ғылымдарының кандидаты Құралай Сакибаева жауап берді. Маманның айтуынша, кез келген адам «шын мәнінде баспана алғым келе ме?» деген сұраққа жауап іздеуі қажет. Экономист баспана алғысы келіп, ақша жинап жүргендерге арналған қарапайым кеңестерді айтты.РЕКЛАМАhttps://yastatic.net/safeframe-bundles/0.83/1-1-0/render.html 1. Көрпеңе қарай көсілу Ең алдымен баспана алғыңыз келетін жердегі пәтерлердің, тұрғын үйлердің бағасына салыстырмалы түрде талдау жүргізіп алу керек. Орталықта орналасқан үйлерді алу қиынға соқса, жұмысты немесе басқа да қажеттіліктерді ескеріп, белгілі бір ауданды таңдау қажет. Айта кетейік, Қазақстанда 2011 жылдан бастап 2021 жылғы мамырға дейінгі баға көрсеткіші орта…

Read More

АҚШ пен Жапония Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар салды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Америка Құрама Штаттары Ресейдің технология саласына қарсы жаңа санкциялар салды. Осылайша, елдің Қаржы министрлігі 13 жеке тұлға мен 21 ұйымға санкция салды, оның ішінде Ресейдегі ең ірі микроэлектроника өндірушісі «Микрон» акционерлік қоғамы бар. Санкцияға ұшырағандар арасында Мәскеудегі «Серния Инжиниринг» және жабдық өндіруші «Серталь» компаниясы бар. Қаржы министрлігі оларды Ресей қорғаныс секторы үшін азаматтық мақсатта қолданылуы мүмкін жабдықтар мен технологияларды заңсыз сатып алды деп айыптады. Жапония Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, тізімге ресейліктер Александр Гаевой, Александр Часовников және Роман Алар, сондай-ақ «Аполлон», «РК Бриз», «Зил — М»…

Read More

Жамбыл облысында «Борышкер-2022» жедел- алдын алу іс-шарасы өткізілді, оның басты мақсаты халықты салынған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеу қажеттілігі туралы хабардар ету болып табылады, — деп хабарлайды Тuraninfo.kz. Әкімшілік полиция қызметкерлері прокуратура өкілдері мен жеке сот орындаушыларын тарта отырып, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуға бағытталған жұмыстар атқарды. Жолдардағы рейдтер барысында полиция қызметкерлері арнайы автокөліктерде орнатылған тиісті мәліметтер базасы бойынша көлік жүргізушілерді тексерді. Көлік құралына қатысты салынған айыппұл анықталған жағдайда борышкердің автомобилі айып тұрағына қойылады. «Үш күн ішінде мемлекет бюджетіне 22 миллион 777 мың теңге өндірілді. Иелерінің төленбеген айыппұлдары бар 175 автокөлік мамандандырылған автотұраққа орналастырылды. Халық арасында әкімшілік айыппұлдарды төлеу тәсілдері туралы түсіндіру…

Read More

Өткен жексенбіде әлемге әйгілі Гарвард университетінде Гарвард Орталық Азия студенттері ассоциациясының (CASA Harvard) ұйымдастыруымен Абай симпозиумы өтті. Университеттің бас кампустарының бірі Бойлстон холда өткен кездесуде Абай шығармашылығы 3 бағытта қазақстандық және американдық аудиторияға таныстырылды. ҚР АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен қазақ мәдениетінің тарихынан сыр шертетін кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды. Кездесудің модераторы Дж. Вашингтон университеті жанынан құрылған AbaiCenter қазақ мәдениеті орталығының координаторы, ғылым докторы Ертай Сұлтан кіріспені Абай орталығының жұмыс бағытымен таныстырудан бастады. Орталық 2020 жылы Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚР-ның АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен Дж. Вашингтон университетінде ашылған. Орталық қазақ мәдениеті мен тарихы, әдебиеті саласындағы соңғы жетістіктер мен жаңалықтарды, шетелдік зерттеулер мен…

Read More

Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы басым бағыттар мен бастамалардың жүзеге асу жоспары және барысы туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі де түрлі еңбек ұжымдары, жастар, қоғам өкілдері, қарапайым тұрғындармен кездесіп, Жолдаудың маңызды әрі тарихи шешімдерге негізделгенін айтып, одан туындайтын міндеттемелерге тоқталуда. Бұл жолы аймақ басшысы Тараз қаласындағы №22 орта мектепте қант зауыты шағын ауданының тұрғындарымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар, алдағы жоспарлар туралы баяндап, олардың өзекті мәселелері бойынша өтініштерін тыңдады. Кездесуге ҚР Президент әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ғали Кенжеахметов және облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков қатысты.…

Read More

Зерттеушілер кейінгі күндері Күннің бір нүктесінен 17 күн жарқылын тіркеді. Соның салдарынан Жердің тиісті аумақтарында полярлық сәулелер байқалады. Ал планетамыздың басқа бөліктерінде байланыс үзілуі және спутник жүйелерінің ақауы болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz. Кейде мұндай жарқылдар корональ массаның лақтырылуымен немесе ғарышқа ұшатын зарядталған бөлшектердің ағынымен байланысты. Күннің жарылуы AR2975 деп аталатын гиперактивті күн дақтарынан туындады. Ол 28 наурыз, дүйсенбіден бері жарқыл тудырды. Мұндай жарқылдар магниттік сызықтар бұралған кезде және көрінетін бетке жақын жерде кенеттен қайта орналасқанда пайда болады. SpaceWeather.com сайтының хабарлауынша, бұл жарқылдар салдарынан мұндай бөлшектердің кем дегенде екі, мүмкін үш ағыны Жерге түскен. Біріншісі бейсенбіде, яғни бүгін түседі. Кем дегенде…

Read More