Автор: admin
Ақтөбеде зейнеткер достарын үйіне қонаққа шақырған. Бірақ олармен бірге ере келген таныстары үй иесін байлап, зейнетақысын қолды еткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеп. Зейнеткер әйелі қайтыс болғаннан кейін бау-бақша ұжымындағы үйде жалғыз тұрады екен. Бір күні зейнектерге танысы қоңырау шалып, қонаққа шақыруын өтінеді. Танысы құрбыларымен қараңғы түскенде келген. Зейнеткер екі әйелді үйге кіргізіп, есікті жаппақшы болғанды тағы екі тұрғын басып кірген. Олар иесін ұрып-соғып, оның басына тұншығып, есін жоғалтуы үшін жаңбыр жамылғысын кигізген. Оның қол-аяғын байлап, ақша талап етіп, үйдің астан-кестең еткен. Қонақ болып келген әйелдердің бірі қарт зейнеткерген көмектесуге тырысқан. Бірақ өзі оңбай таяқ жеген. Ақшаны қолды еткеннен кейін қарақшылар болған оқиға туралы …
Қытайлық қазақ файтер Сайран Нұрданбек (19-7) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC Vegas 27 турниріндегі дебютінде жеңіліс тапты. Ол аустралиялық Джошуа Кулибаодан (9-1-1) жеңілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек төрешілердің шешімімен аяқталды. Олар жеңісті бірауыздан аустралиялық спортшыға берді. Бұл Нұрданбектің UFC-дегі алғашқы кездесуі. Мұның алдында ол қатарынан екі рет жеңген. Қазір оның қоржынында 19 жеңіс және 7 жеңіліс бар. Ал Кулибаоға келер болсақ, бұл аустралиялықтың промоушендегі үш кездесудегі алғашқы жеңісі. Habló de su plan de juego y tal cual lo hizo, evadiendo la lucha del rival, @CulibaoMMA derrota a Sha Yilan por decisión unánime #UFCVegas27 pic.twitter.com/35ejTXjxzy— UFC…
Биыл жыл соңына дейін еліміздің Елтаңбасының бейнесін мөрлерде және ресми құжаттарда яғни, жеке куәлік, туу туралы куәлік, паспорт және өзге де құжаттарда ауыстыру жұмыстары аяқталады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Әлия Ахметова айтты. Еске салайық, еліміздің Тұңғыш Президенті «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» жарлық шығарған болатын. Соған сәйкес техникалық реттеу және метрология комитетінің 20.09.2018 жылғы №272-ші бұйрығымен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы» ұлттық стандарттың барлық мәтіні бойынша «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуды латын графикасында жазу бөлігінде өзгеріс енгізілді. «Аталған стандарт 2018 жылдың 1 қарашасынан…
Жамбыл облысында жоғалған келіншекті іздеген сүңгуір өлі табылды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 3 сәуірде Шу ауданында Тасөткел су қоймасында 1997 жылы туған азаматты іздестіру жұмыстары жүргізілген болатын. Ауа райының қолайсыздығы, желдің күшеюі салдарынан қайық аударылып, іздестіру жұмыстарын жүргізу орнында Жамбыл облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Жұмағали Абдрахманов жоғалып кеткен еді. Іздестіру-құтқару жұмыстары басталып, 35 күн бойы жүргізілді. «10 мамырда сағат 12.20-да Шу ауданында, Тасөткел ауылынан 3 шақырым жерде, Тасөткел су қоймасында, Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының күшімен қамыс аймағында іздеу орнынан 500-600 метр қашықтықта акваторияны тексеру кезінде 1970 жылы туған бас құтқарушы Жұмағали Абдрахмановтың денесі…
Бүгінгі таңда Тараз қаласында Ұлы Отан соғысының 20 ардагері бар.Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына орай қала көлемінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 6 мамыр күні Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» атты акция өткізілді. Акция барысында «Темірқазық» және «Жалын» волонтерлық қозғалысының еріктілері Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің тұрғылықты мекен-жайлары бойынша үй-жайды жинастыру, әктеу, жер қопару, ауланы қоқыстан тазарту жұмыстарын атқарды.
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бірлік күніне орай өңірдегі кәсіпкерлерді қайырымдылық жасауға шақырды. «Ежелгі Тараз» мәдени-тарихи орталығындағы «Достық» үйінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, облыстың этномәдени бірлестіктерінің халықтық қолөнер көрмесі өтті, — деп хабарлайды Tarazy.kz порталы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Онда қойылған қолөнер туындыларымен танысып шыққаннан кейін Бердібек Сапарбаев облыс тұрғындарын бірлік күнімен құттықтап, дендеріне саулық пен отбасыларына амандық тіледі. Облыстағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мереке мәдени іс-шараларсыз өткізіледі, бірақ қайырымдылық іс-шараларын өткізуге баса назар аударылған. «Біртұтас халықтың күші – қайырымдылығы мен әрдайым өзінің жақынына қол ұшын беруге әзір тұратындығында. Сондықтан, менің бастамаммен «Қайырымды істер» республикалық акциясы…
Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу үшін құжаттар қабылдануда. Оқу www.apa.kz ақпараттық жүйесінде магистратураның 7 бағдарламасы мен докторантураның 2 бағдарламасының бірі бойынша онлайн форматта жүргізіледі. Академияға оқуға түсу үшін құжаттар қабылдау биылғы жылдың 5 маусымына дейін жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтылды. -Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсетін мемлекеттік қызметшілер үшін көптеген бонустар мен мүмкіндіктер бар. Оларға лауазымдық жалақы деңгейіндегі шәкіртақы тағайындалады, кәсіби және тұлғалық құзіреттіліктерді арттыру, шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігі мен жатақхана қарастырылады ,-деді Жамбыл облысы бойынша филиалының жетекші сарапшысы Малик Асанов. Ал, аймақтағы мемлекеттік қызметшілердің саны мен құрамы жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы…
Тараз тұрғыны қазақстандықтарды спорт шараларына ұтыс тігіп, 50 пайыз табыс шығарып беретініне сендірген. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов айтты7 Биыл наурызда WhatsApp мессенджерінде «Касса от ставки» тобы анықталған. «Онда спорт шараларына тиімді ұтыс тігу арқылы 50 пайыз табыс алу ұсынылған. Топтың әкімшісі (Тараз қаласының тұрғыны) және 30-дан 100 мың теңгеге дейін ақша тіккен 14 жәбірленуші анықталып, ұсталды.Сондай-ақ, Шымкент қаласының тұрғыны WhatsApp арқылы ақшаны айналдыру сылтауымен алаяқтықпен айналысқан. Жәбірленушілерге жалпы сомасы 4 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген. Олар анықталды», — деді Нұрмағамбетов ІІМ-нің онлайн-брифингінде. Оның айтуынша, 2021 жылдың үш айында ішкі істер органдары осындай 6…
«Жомарт түлек – Тараз». Бүгін осындай атаумен Таразда түлектер кездесуі өтті. Мақсат – түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау, әлеуметтік маңызы бар жобаларға тарту. Облыс әкімі Б.Машбекұлының бастамасымен өткен түлектер форумына үн қосу. Осы ретте қала әкімі Ержан Жылқыбаев алдымен игі шараның маңызына тоқталды. Инвестиция құямын, әлеуметтік жобаларды іске асырамын деген тараздан түлеп ұшқан азаматтарға әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Жетістікке жеткен әрбір түлек алтын ұя мектебімен тығыз байланыс орнатып, кейінгі жастармен өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғау керектігін айтты. Таразда меценаттардың бастамасымен игі істер атқарылып келеді. Биыл да жомарт түлектеріміздің бастамасымен «Оқушылар сарайы»,…
Тараздағы мектеп оқушылары арасындағы атыстан зардап шеккендер бірнеше күннен соң ауруханадан шығарылады. Дәрігерлердің сөзінше, олардың өміріне төнген қауіп жоқ. Ал құзырлы орын мен білім бөлімі болған жағдайды бес күн бойы жасырған. Әлі күнге ақпарат беруден тартқан, — деп хабарлайды «КТК» телеарнасы. Телеарна мәліметінше, жасөспірімдер арасындағы жанжалға не себеп болғаны әлі белгісіз. Оқиға бес күн бұрын сағат 23:00 шамасында Шөлдала ауылында болған. Бір топ бала осы елдімекеннің жасөспірімдеріне оқ атқан. Бірақ бұл дерек бүгінге дейін жасырын ұсталған. Жаппай тәртіпсіздікке қанша адамның қатысқаны белгісіз. Ал жарақат алғандар саны үшеу. Оның біреуі — колледж студенті, екеуі 11 сынып оқушысы. Денесі бытыраға тұнып қалған жәбірленушілер әлі…