Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев 200 азаматқа ауызашар таратты, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен мұқтаж тұрғындардың тізімі алынып, оларға арнайы әзірленген ас таратылды.
Сондай-ақ, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен бүгінде қаланың көптеген аумағында бірқатар құрылыс және тазалық жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Қала әкімі сол жұмыстарға атсалысып жүрген азаматтарды ауқаттандыруды да назардан тыс қалдырмады.