Үкімет Мемлекеттік Туды пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Tarazy.kz
Жаңа талапқа сәйкес енді жеке және заңды тұлғаларға Мемлекеттік Туды тұрғын және тұрғын емес ғимараттарға, соның ішінде балкондарға 45 градус бұрышпен ілуге, сондай-ақ, салтанатты іс-шаралар кезінде пайдалануға ресми түрде рұқсат етілді.
Алайда Ту мемлекеттік стандартқа сай болуға, жыртылмаған, кірлемеген, бүлінбеген күйде қолданылуға тиіс. Сонымен қатар, оны жарнамада, киім, төсек-орын жабдығы, дастархан, кілем және тұрмыстық мақсаттағы өзге де заттар ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Сондай-ақ, енгізілген өзгерістерге сәйкес Мемлекеттік Тудың бейнесін спортшылардың спорттық киімі мен жабдықтарына орналастыруға да рұқсат берілді.
