Close Menu
    Оқылып жатыр

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 9 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

      06.05.2026

      Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

      05.05.2026

      Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

      05.05.2026

      БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

      05.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Бибісара Асаубаева — Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін блиц чемпионы

    Бибісара Асаубаева — Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін блиц чемпионы

    Басты тақырып 31.12.2025
    @bibisarachess
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 2025 жылғы блиц шахматтан әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Айта кетейік, блиц — жылдам шахматтың бір түрі.

    Финалда қазақстандық спортшы украиналық Анна Музычукты төртінші, шешуші партияда жеңді. Бұған дейінгі үш партия тең нәтижемен аяқталған.

    Турнир Қатар астанасы Доха қаласында өтті. Асаубаева алдымен швейцариялық жүйе бойынша өткен кезеңде 15 турдың қорытындысы бойынша бірінші орын алып, жартылай финалға жолдама алды.

    Жартылай финалда ол қытайлық Чжу Цзиньэрге қарсы ойында толық басымдық танытып, үш партияны қатарынан жеңіп шықты.

    Финалда Бибісара Асаубаева Украина өкілі Анна Музычукпен кездесті. Алғашқы үш партия тең аяқталып, төртінші, соңғы партияда қазақстандық шахматшы қарсыласын тізе бүктіріп, чемпион атанды.

    Осылайша Бибісара Асаубаева блиц шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанған Қазақстан тарихындағы алғашқы шахматшы болды. Бұған дейін ол 2021 және 2022 жылдары да әлем чемпионатында топ жарған.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.

    «Бибісара Асаубаева Қазақстаннан шыққан блицтен үш дүркін әлем чемпионы және майталман шебер ретінде дүниежүзілік шахмат тарихына енді. Қазақстандық шахмат қауымдастығы мемлекетіміздің көк туын жаһандық аренада биік желбіреткен отандасымыздың жеңісін мақтан тұтады.

    Бибісара Асаубаеваның халықаралық жарыстардағы айтулы жетістіктері мен ел шахматын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін оны ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым, – делінген құттықтауда.

    Бибісара Асаубаева чемпион шахмат

    Оқылып жатыр

    Тоқаев Президент әкімшілігінің басшысын ауыстырды

    05.05.2026

    Кәрім Мәсімовтің самурай қылышы жаңа иесін тапты

    04.05.2026

    ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

    28.04.2026

    Тұңғыш президенттің жары Астанадағы кештердің бірінде көзге түсті

    27.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026

    Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

    05.05.2026

    БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

    05.05.2026

    Өскемендегі Казцинк зауытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

    05.05.2026

    Үш айда 226 адам жемқорлық күдігіне ілінді, залал 4,2 млрд теңге

    05.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.