Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде мамандықтар жәрмеңкесі өтті

    30.04.2026

    ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

    28.04.2026

    “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

    28.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 2 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Абай университетінде мамандықтар жәрмеңкесі өтті

      30.04.2026

      ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

      28.04.2026

      “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

      28.04.2026

      Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

      28.04.2026

      «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

      27.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Биыл әлеуметтік көмекке бөлінетін қаражат 379 миллиард теңгеге өсті — Бердібек Сапарбаев есеп берді

    Биыл әлеуметтік көмекке бөлінетін қаражат 379 миллиард теңгеге өсті — Бердібек Сапарбаев есеп берді

    Ел іші 15.06.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ведомствоның 2018 жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары туралы Қоғамдық кеңес алдында баяндама жасап, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстарын айтты.

    Еңбек министрлігінің басшысы жаңа әлеуметтік шаралар — бұл Елбасының дәйекті саясатының нәтижесі және бұрын жүзеге асырылған шаралардың қисынды жалғасы екенін атап өтті.

    «Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халықтың жұмысқа орналастыру және нәтижелі жұмыспен қамтылуы мен табысын арттыруға бағытталған әділ әлеуметтік саясат жалғасатын болады», — деді Сапарбаев

    Министр Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының іске асуы ведомство жұмысындағы бірінші және ең маңызды басымдық екенін атап өтті.

    «Енгізілген түзетулер ескеріле отырып, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап  273 мың отбасыға орташа мөлшері 105 мың теңге болатын жалпы сомасы 55 миллиард теңге АӘК төленді», — делінген хабарламада.

    Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көмектің 11 түрін қамтитын бірыңғай қызметтер пакеті мен әлеуметтік қолдау шаралары әзірленді.

    Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін өңірлерде жеке бастамалар есебінен әлеуметтік жобалар, сондай-ақ кәсіпкерлер тарапынан аз қамтылған көпбалалы отбасыларды қолдау жөніндегі жобалар іске асырылып жатыр.

    Мүгедектігі бар адамдарды қолдау жүйесін жақсартуға, сондай-ақ осы саланы цифрландыруға аса маңызды мән беріледі.

    «2018 жылы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауға республикалық бюджеттен 296,5 млрд.теңге көзделген. Ағымдағы жылдың 28 мамырында 2025 жылға дейін мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жаңа Ұлттық жоспар қабылданды. Бұл жоспарға әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және т. б. шаралар кешені кіреді», — делінген хабарламада.

    Баяндама барысында халықтың табысын арттыру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері атап өтілді.

    «Тұңғыш Президенттің қазан айындағы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың басынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге, яғни, 28 мыңнан 42,5 мың теңгеге дейін, ал 2019 жылдың 1 маусымынан бастап бюджет саласының табысы төмен қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға дейін арттырылды. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1,1 миллионнан астам азаматтық қызметшілер осы айда арттырылған жалақы алады» — деп атап өтті министр.

    2018 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 628 мың адам қамтылды. «Еңбек» бағдарламасы бойынша барлығы 497 мың адам жұмысқа орналастырылса, оның 379 мыңы тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.

    2019 жылы әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жұмыстары жалғасатын болады. Бүгінде Еңбек министрлігінің 38 мемлекеттік қызметінің 13-і электрондық форматта көрсетіліп отыр. Жыл соңына дейін тағы 22 мемлекеттік қызмет электрондық және проактивті форматта қолжетімді болады.

    Жалпы алғанда, мемлекет бюджеттен төленетін әлеуметтік көмек пен жәрдемақылардың 39 түріне кепілдік береді. Мәселен, 2018 жылы 3,8 миллион адам (халықтың 20,9 пайызы) жалпы сомасы 2,5 триллион теңгені құрайтын жәрдемақы алған болса, 800 мың адамға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен бөлінетін 190 миллиард теңге төленді.

    2019 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке бөлінетін қаражат көлемі 379 миллиард теңгеге өсіп, 2,9 триллион теңгені құрады. Бұл республикалық бюджет шығыстарының 27 пайызына тең.

    Баяндаманы талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері көтерген бірқатар өзекті мәселелер мен ұсыныстарға толыққанды жауап берілді. Кездесу қортындысы бойынша Қоғамдық кеңестің мүшелері ведомствоның өткен жылғы жұмысына оң баға беріп, Министрліктің бастамаларын жүзеге асыруға, сондай-ақ, реформалар мен өзгерістерді насихаттауға белсенді түрде қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

    Бердібек Сапарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

    Оқылып жатыр

    Шымкент соты Арай Есенбекті 5 жылға соттады

    24.04.2026

    Алматыда Шахановқа көше беру мәселесі көтерілуде: петиция жарияланды

    24.04.2026

    Жетімдердің үй кезегі неге жылжымайды: сенаторлар үкіметке сауал жолдады

    23.04.2026

    Ақын аманаты неге орындалмады: Жарылқап Қалыбай Шахановтың жерлеуіне қатысты пікір білдірді

    22.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде мамандықтар жәрмеңкесі өтті

    30.04.2026

    ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

    28.04.2026

    “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

    28.04.2026

    Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

    28.04.2026

    «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

    27.04.2026

    Метродан жылыстаған миллиондар: бірнеше тұлға жемқорлық бойынша жауапқа тартылды

    27.04.2026

    Бейжай қарамайық: белгілі заңгер даулы видео иесін жауапқа тартуға шақырды

    27.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.