Close Menu
    Оқылып жатыр

    Энергетика министрлігі АИ-92 бензинінің бағасына қатысты мәлімдеме жасады

    02.12.2025

    Алматы облысында жол апатынан жеті адам көз жұмды

    02.12.2025

    “Не масқара?». Атырау әкімдігі алдында тұрған заңсыз автоматтар жұртты шулатты

    02.12.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 3 декабря
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Энергетика министрлігі АИ-92 бензинінің бағасына қатысты мәлімдеме жасады

      02.12.2025

      Алматы облысында жол апатынан жеті адам көз жұмды

      02.12.2025

      “Не масқара?». Атырау әкімдігі алдында тұрған заңсыз автоматтар жұртты шулатты

      02.12.2025

      «Ерекше балалардың болуы аналарының жүргіштігінен»: Астанада даулы мәлімдеме жасаған блогер ұсталды

      02.12.2025

      «Өңірлер білгенін істеп отыр»: Смайылов ӘКК жұмысына тәртіп орнатуды талап етті

      02.12.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Биыл Жамбыл облысында мәдениет саласын дамытуға 6,7 миллиард теңге бөлінген

    Биыл Жамбыл облысында мәдениет саласын дамытуға 6,7 миллиард теңге бөлінген

    Мәдениет 22.05.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев мәдениет қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ағымдағы жылдың маңызды даталары ретінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Бауыржан Момышұлының 110 жылдығын атап өтті. Облыс әкімдігінде өткен жиында аймақ басшысы белгілі мәдениет қызметкерлеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерін, сондай-ақ дипломдар мен Алғыс хаттар табыс етті.

    Бердібек Машбекұлы мәдениет қызметкерлерінің онлайн форматқа негізделген мерейтойлық іс-шаралар жоспарына ерекше көңіл бөліп, «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде өткен «Мұражай түні» бағдарламасының ұнағанын жеткізді.

    Еркін форматта өткен кездесу жылы шырайлы әңгімеге ұласты. Шынында да, Бердібек Машбекұлының өнер адамдарына үлкен құрметпен қарайтынын көпке белгілі.

    «Біз бұл кездесуді үлкен форматта өткізуді ойлағанбыз, алайда пандемияға байланысты елдегі қазіргі ахуалды ескеріп жоспарымызды өзгертуге тура келді. Әлбетте, сіздерді осындай мерекеде елеусіз қалдыра алмаймыз. Алдымен сіздерге елеулі еңбектеріңіз бен қазіргі кездегі белсенділіктеріңіз, облыс халқына өз шығармашылықтарыңызбен қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіргім келеді. Халқымыз қашанда өз мәдениеті мен өнеріне, әдебиетіне ерекше құрметпен қараған», — деді Бердібек Сапарбаев.

    Облыс әкімі мәдениет қызметкерлерінің  еңбек жағдайларына ерекше назар аударды.

    «Мен сіздердің кейбіріңіздің қандай жағдайда жұмыс істеп отырғандарыңызды жақсы білемін. Көпшілігініңіздің жалақыларыңыз төмен. Алайда, мемлекет жыл сайын мәдениет саласын дамытуға бөлінген қаражат көлемін арттыруға күш салуда. Мәселен, биыл біздің облыста бұл бағытта 6,7 миллиард теңге қарастырылған. Үнемделген қаражат есебінен бұған дейін мүлде ауыл клубы болмаған алты елді мекенде мәдениет нысандарының құрылысын бастадық. Сонымен қатар, бірқатар нысандарда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саланы дамытуға, соның ішінде мәдениет пен өнерді өркендетуге жыл сайын айрықша басымдық беріп келеді», — деді Б. Сапарбаев.

    Мәдениет және өнер саласы қызметерлерінің атынан күйші-композитор, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері,  танымал «Ерке сылқым» күйінің авторы Әбдімомын Желдібаев облыс әкімінің жылы қабылдауына алғысын білдірді.

    — Мәдениет пен өнер – өзіндік қиыны мен қызығы қатар жүретін сала. Мәдениеті дамымаған елдің ешқашан биік рухы, өнегелі тәрбиесі болмайды. Өкінішке қарай, бұл салада біздің қол жеткізген жетістіктерімізді нақты бағалайтын көрсеткіштер жоқ. Дегенмен, бізге қарап, мемлекетіміз бен халқымыздың рухани бай мұрасын бағамдайды. Өнердің тілі –  ешқандай шекарамен шектелмейді. Оны еш аудармасыз, миллиондаған адам түсініп, сезіне алады. Осы саланың өкілі екенімді мақтанышпен айтамын, — деді өнер қайраткері.

    Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы басшысының орынбасары Ахметжан Өзбеков те өз сөзінде қазақ халқының рухани бай мұрасын  тілге тиек етті. Оның айтуынша, түркітілдес халықтардың мәдениеті біздің елден бастау алады. 

    Кездесу барысында, Жамбыл облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдазимов те кәсіби мереке иелерін құттықтады. 

    — Сіздердің жетістіктеріңізбен әрдайым қуанып отырамыз. Алыстағы Америкада қазақтың әйгілі «Ерке сылқым» күйінің орындалып жатқанына мақтанамын. Дендеріңізге саулық, шығармашылық табыстар тілеймін», — деді С.Сейдазимов.

    Мерейлі мерекеде мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Мүбәрак Жинақбаева, Қордай аудандық мәдениет үйінің директоры Күміскүл Сәрсенбаева, Ұлбике ақын атындағы Талас мәдениет орталығының директоры Кеңдия Пірман, А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының әртісі Кенен Ақүрпеков және Меркі ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Таңтай Ахметжановтар «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

    Абай Құнанбаев Әл-Фараби Бауыржан Момышұлы Жамбыл облысы мәдениет

    Оқылып жатыр

    Академик Шора Шамғалиұлының 100 жылдық мерейтойы аталып өтті

    29.11.2025

    Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

    17.11.2025

    Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

    06.11.2025

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Энергетика министрлігі АИ-92 бензинінің бағасына қатысты мәлімдеме жасады

    02.12.2025

    Алматы облысында жол апатынан жеті адам көз жұмды

    02.12.2025

    “Не масқара?». Атырау әкімдігі алдында тұрған заңсыз автоматтар жұртты шулатты

    02.12.2025

    «Ерекше балалардың болуы аналарының жүргіштігінен»: Астанада даулы мәлімдеме жасаған блогер ұсталды

    02.12.2025

    «Өңірлер білгенін істеп отыр»: Смайылов ӘКК жұмысына тәртіп орнатуды талап етті

    02.12.2025

    1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүргендерге айыппұл салынады

    01.12.2025

    Министр Аида Балаева тағы бір қызметке тағайындалды

    01.12.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.