Close Menu
    Оқылып жатыр

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сейсенбі, 3 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

      13.05.2025

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Биыл Жуалы ауданына 38 жобаны іске асыруға 4,6 миллиард теңге бөлінген

    Биыл Жуалы ауданына 38 жобаны іске асыруға 4,6 миллиард теңге бөлінген

    Жаңалықтар 27.07.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    25 шілдеде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жуалы ауданына жұмыс сапарымен барды. Ондағы негізгі мақсат – жергілікті жердегі ахуалды және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысын барлау.

    Биыл Жуалы ауданында жалпы құны 4,6 млрд.теңгеге 38 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде 28 жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылмақ. Осы бағдарлама шеңберінде Нұрлыкент ауылында суару науалары орнатылуда. Ағымдағы жылдың мамыр айында өз жұмысын бастаған мердігер «Жігер» ЖШС нысанды тамыз айының аяғында пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Алайда қазірдің өзінде науаларда пайда болып үлгерген жарықтарға назар аударған облыс әкімі нысанды пайдалануға беруден бұрын кемшіліктерді жою керектігін ескертті.

    — Мердігер және техникалық қадағалау өз міндеттерін жауапсыз атқаруда. Осы күйінде нысанды қабылдау мүмкін емес. Барлық ескертулерді жою үшін шаралар қабылдаңыздар, — деді Бердібек Сапарбаев.

    Аймақ басшысы мердігер тек суару науаларын сапалы орнатып қана қоймай, су қосалқы шаруашылықтарға жету үшін әр үйге бұрылатын «құлақтарды» қалпына келтіруге міндетті екенін атап өтті.

    Сондай-ақ, аудандағы Теріс ауылына су құбырын тарту жұмыстарына «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 180 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Құрылыс алаңында болған аймақ басшысы жұмыстың бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанына көз жеткізді. Осы орайда ағымдағы жылдың қазан айында Терістегі 155 үй таза ауыз сумен қамтылады деп күтілуде.

    Сумен қамту жүйесі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Т.Дүйсебайұлы ауылында да салынуда. Бүгінде мердігер «Интеллект Азия» ЖШС жұмыстың 70 пайыздан астамын аяқтап үлгерген. Жоспарға сәйкес келер жылға өтпелі құрылысты компания биыл аяқтауға ниетті.

    — Ең бастысы, судың сапасын қамтамасыз ету және жеткілікті қорын қалыптастыру, — деді облыс әкімі. Жуалы ауданының тағы 12 ауылында таза ауыз су тарту жұмыстары жүргізілуде.
    Бұдан бөлек аудандағы білім саласындағы 5 жобаны жүзеге асыруға 284,2 млн. теңге бөлінген. Қоңыртөбе ауылында орта мектептің құрылысы және 4 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

    Солардың бірі – Б.Момышұлың ауылындағы №29 орта мектеп. Білім ордасы ғимаратының қасбеті жаңартылуда. Сонымен қатар, мектеп асханасы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жаңғыртылып, санитарлық тораптары жергілікті бюджет есебінен жабдықталуда.

    Кабинеттер, спорт, акт залдарының жағдайы жақсы деңгейде. Директор Мұхамеджан Бейшеновтің айтуынша, мектепте 600-ге жуық бала білім алуда десек, жыл сайын оқушылар саны артып келеді.

    Бердібек Сапарбаев директорға балаларға қолайлы жағдай жасай отырып, білім сапасын да арттыру қажеттігін еске салды.

    — Жыл сайын интерактивті тақта мен компьютерлер санын арттырып отыру қажет. Бұл маңызды мәселені шешуге мектеп түлектерін тартудың маңыздылығы зор. Олар өз мектебіне қуана-қуана көмектеседі деп ойлаймын. Сондай-ақ, бұл жас ұрпаққа да керемет үлгі болар еді. Мектеп директоры беделді түлектердің оқушылармен кездесулерін ұйымдастыруы керек. Балалар да солар сияқты болуға ұмтылып, жақсы оқуға күш салатын болады, — деп сенеді Бердібек Сапарбаев.

    Жұмыс сапары кезінде аймақ басшысы жоспардан тыс орталық аудандық ауруханаға арнайы ат басын бұрды. Провизорлық стационардың жұмысы және науқастарды емдеу туралы бас дәрігердің м. а. Нұрбай Ергебеков жан-жақты баяндады.

    Оның айтуынша, бүгінде төсек-орынның толтырылуы 50 пайызды құрайды. Коронавирус пен пневмония аурушаңдығы төмендеуде екен. Ауруханада бір жарым айға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры қалыптасқан. 3 ӨЖЖ аппараты, 6 оттегі концентраторы бар. Қосымша медициналық аппараттар кәсіпкерлердің демеушілігі есебінен сатып алынуда.
    Қазіргі таңға дейін қамқор азаматтар есебінен 11 миллионнан астам теңгені жиналып, жеке қорғаныс құралдары сатып алынды. Кәсіпкерлер жақын арада ауруханаға реаномобильді көлік құралын сыйлауға уәде берген.

    — Ең алдымен медициналық көмек ауыр жағдайдағы науқастарға көрсетілуі керек. Адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау – біздің қасиетті борышымыз. Мен әкімдерге әр жұмыс күнін ауруханаларға барудан бастау керектігін тапсырдым. Егер ауруханаға бірдеңе жетіспесе, дереу айтыңыздар, жасырмаңыздар. Барлық мәселелер бірлескен күш-жігердің нәтижесінде шешіледі. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің демалыс уақытына ерекше назар аударыңыздар. Олар қазір мықты болуы тиіс. Біз сонда ғана бұл қауіпті вирусты жеңе аламыз, — деді Бердібек Сапарбаев аурухана басшылығына.

    Бұдан соң облыс әкімі «Қар-Алма» тау шаңғы курорттық базасы салынып жатқан құрылыс алаңына барды. Жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылуда. «Альтаис групп» ЖШС басшысы Әлімбек Жұмабаев үлкен қанатты жол және кәсіпкерлік нысандар құрылысы қалай жүріп жатқандығы, инфрақұрылым тарту жұмыстары туралы айтып берді.

    Бердібек Сапарбаев Жуалы ауданы соңғы жаңалықтар

    Оқылып жатыр

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025
    Соңғы жаңалықтар

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.