Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 12 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Енді «қауіпті контентті» бөліссең де жауапқа тартылуың мүмкін

    Енді «қауіпті контентті» бөліссең де жауапқа тартылуың мүмкін

    Жаңалықтар 12.03.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) ақпараттық кеңістікте заңға қайшы контенттің бар-жоғын тексеру ережелерін әзірледі. Құқық бұзушыларға контентті бұғаттау, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы мүмкін, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжатқа сәйкес, ҚМА өз құзыреті шеңберінде ақпараттық кеңістікті тексеріп, заңға қайшы контентті анықтайды.

    Нені тексереді?

    Тексеру барысында ашық дереккөздерде жарияланған ақпарат талданады. Атап айтқанда:
    – интернет-ресурстар;
    – әлеуметтік желілер;
    – мессенджерлер;
    – бұқаралық ақпарат құралдары;
    – өзге де ақпараттық-коммуникациялық платформалар.

    Сонымен қатар агенттік мониторинг жеке деректер және оларды қорғау туралы заң талаптарын сақтай отырып жүргізілетінін мәлімдеді.

    Егер заңға қайшы контент анықталса, ҚМА мынадай шаралар қабылдайды:

    – егер қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса — іс қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес қаралады;
    – егер қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса — материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тиісті органдарға жолданады;
    – егер телекоммуникация желілерінде Қазақстан заңдарымен немесе күшіне енген сот шешімдерімен тыйым салынған не шектелген материалдар анықталса, оларды бұғаттау үшін масс-медиа саласындағы уәкілетті органға ақпараттық жүйе арқылы хабарлама жіберіледі.

    Мұндай хабарлама жолданғанда Қаржылық мониторинг агенттігі ақпараттық жүйеде барлық деректерді толық көрсетуге міндетті. Оның ішінде:

    – енгізілген мәліметтердің заңдылығы мен негіздемесі;
    – заңға қайшы материалдарды растайтын скриншоттар.

    «Ашық НҚА» порталында жарияланған бұйрық жобасында бұл ережелер өткен жылы Парламент қабылдаған құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы заң аясында әзірленгені айтылған.

    Заң жобасы Мәжілісте қаралған кезде заңға қайшы контентті орналастырғаны және таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу мәселесі көтерілген. Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңға сәйкес, заңға қайшы контентке мынадай үгіт-насихат немесе шақырулар жатады:

    – конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға шақыру;
    – мемлекеттің қауіпсіздігін әлсірету;
    – соғысқа шақыру;
    – әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық артықшылықты насихаттау;
    – қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, суицидті, порнографияны, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын насихаттау;
    – сепаратизм, алаяқтық идеяларын тарату, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді бұзуға ықпал ететін ақпарат.

    Сонымен қатар Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына күмән келтіретін мәлімдемелер, мемлекеттік құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды ашатын ақпарат және заңдармен тыйым салынған басқа да мәліметтер заңға қайшы контентке жатады.

    Заң жобасы Парламентке түскеннен кейін әлеуметтік желілерде тыйым салынған контентті жариялағаны үшін ғана емес, оны репост жасағаны үшін де жауапкершілік қарастырылуы мүмкін деген пікірлер тарады.

    айыппұл Заң контент смартфон

    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.