2025 жылы Қазақстандағы бақыланбайтын экономиканың көлемі 25,04 триллион теңгеге жетті. Оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 15,69 пайыз болды. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы деңгеймен салыстырғанда 1,02 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Tarazy.kz
Бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-дегі ең жоғары үлесі Алматыда 3,78 пайыз, Астанада 2,52 пайыз және Түркістан облысында 0,95 пайыз болды.
Бақыланбайтын экономиканың жылдар бойынша үлесі:
- 2020 жыл — 20,23 пайыз;
- 2021 жыл — 19,75 пайыз;
- 2022 жыл — 18,78 пайыз;
- 2023 жыл — 17,58 пайыз;
- 2024 жыл — 16,71 пайыз;
- 2025 жыл — 15,69 пайыз.
