2026 жылдың мамыр айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық табысы теріс көрсеткішке шықты. Бұл туралы қордың ресми деректерінде айтылды, деп хабарлайды Tarazy.kz
1 мамырдағы жағдай бойынша, қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағы 25,71 трлн теңгеге жеткен.
Алайда мамыр айының қорытындысы бойынша инвестициялық қызметтен түскен «таза» табыс минус 2,34 млрд теңгені құраған. Қор мұны теңгенің долларға шаққандағы бағамының нығаюымен байланыстырды.
Жыл басынан бері есептелген инвестициялық табыс көлемі небәрі 2,78 млрд теңге болған. Ал салымшылар шотына бөлінген зейнетақы активтерінің кірістілігі 0 пайызға дейін төмендеген.
Сонымен қатар алғашқы бес айдағы жинақталған инфляция деңгейі 3,6 пайызға жеткен.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай жағдай салымшылардың нақты табысына әсер етуі мүмкін, өйткені инфляция деңгейі инвестициялық кірістен жоғары болып отыр.
