Close Menu
    Оқылып жатыр

    Енді сабаққа бармайтын оқушылар полиция назарында болады

    18/11/2026

    Кіші Азия түбегінде тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

    17/11/2026

    Қазақстанның әр қаласында автобуспен жүру бағасы қанша?

    17/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 20 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Енді сабаққа бармайтын оқушылар полиция назарында болады

      18/11/2026

      Кіші Азия түбегінде тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

      17/11/2026

      Қазақстанның әр қаласында автобуспен жүру бағасы қанша?

      17/11/2026

      Студент өлімінен соң Қазұу-да бірнеше басшы қызметтен босады

      17/11/2026

      Миллиондаған жалақы, бірақ нәтиже жоқ!

      16/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Демеушілер Тараз қаласында бес спорт алаңшасын салады

    Демеушілер Тараз қаласында бес спорт алаңшасын салады

    Өңір тынысы 08/08/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының орталығы Тараз әкімі Қайрат Досаев қала бойынша 51 спорт алаңы салынатынын айтты, – деп хабарлайды Тarazy.kz.

    «Аймағымызда бұқаралық спортты дамыту басты назарда. Қала бойынша спорт алаңшаларын салу, қалпына келтіру және жаңғырту жол картасы әзірленіп, жалпы 51 спорт алаңшаларын салу жұмыстары жоспарланған. Оның ішінде, 9 — жеке меншік, 27 – бюджет және 5 — демеушілер есебінен салынуы, ал 10 спорт алаңшасын қайта қалпына келтірілу жұмыстары жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 5 спорт алаңшасының құрылысы аяқталып, 6 спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары басталып кетті. Алдағы уақытта қалған спорт алаңшаларын салу жөнінде конкурс жарияланатын болады», — деді Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев.

    Айта кетейік, биыл шілде айында Тараз қаласының 11-мөлтек ауданында жаңа үлгідегі балалар спорт алаңы ашылды.

    Бұл – паралимпиадалық жүзуден әлем чемпионы Зүлфия Ғабидуллинаның шаһар тұрғындарына тартқан сыйы. Мұнда баскетбол, шағын футбол ойнап, әткеншек тебуге болады. Балалардың бос уақытын тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған. Жаңа алаңды жасақтау үшін танымал спортшы 4 миллион теңге көлемінде қаржы жұмсапты.

    соңғы жылдары облыстың дамуына кәсіпкерлер мен меценаттар белсенді үлес қосып келеді. Биыл өңірде «Туған жер» бағдарламасы аясында 52 жоба сәтті жүзеге асқан. Нәтижесінде, жаңа мешіт, балабақша және спорт алаңдары пайда болды.

    «Балалар алаңын қайта қалпына келтіру көршілерімнің өтініші болатын. Өйткені ол әбден тозып, сынып тұрған еді. Ал балалардың ойнайтын жері болмай қалды. Тіпті доп тепсе де, жақын маңдағы көліктерге тиіп, терезелерін сындыруы мүмкін. Сөйтіп бұл істі қолға алдық. Нәтижесінде, шағын спорт алаңы пайда болды», — дейді паралимпиадалық жүзуден әлем чемпионы Зүлфия Ғабидуллина.

    Осыған дейін облыс басшысы Асқар Мырзахметовтың тікелей тапсырмасына сәйкес өңірде барлық спорт нысандарына зерделеу жүргізіліп, олардың 203-інен түрлі деңгейдегі ақаулар анықталған болатын.

    Айта кетейік, бүгінде 132 спорт нысанына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтірілді. Ендігі кезекте 68 нысан бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Оның 17-сі Тараз қаласына, қалғандары аудандарға тиесілі.

    демеуші спорт алаңы Тараз

    Оқылып жатыр

    Кіші Азия түбегінде тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

    17/11/2026

    Миллиондаған жалақы, бірақ нәтиже жоқ!

    16/11/2026

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Енді сабаққа бармайтын оқушылар полиция назарында болады

    18/11/2026

    Кіші Азия түбегінде тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

    17/11/2026

    Қазақстанның әр қаласында автобуспен жүру бағасы қанша?

    17/11/2026

    Студент өлімінен соң Қазұу-да бірнеше басшы қызметтен босады

    17/11/2026

    Миллиондаған жалақы, бірақ нәтиже жоқ!

    16/11/2026

    Өткен апта қызметтен кеткен NVidia басшысы қайта оралуы мүмкін

    16/11/2026

    Ауқымды тұтқындаулардан соң ҰҚК басшысы қызметтен босатылды

    16/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.