Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 10 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Есімовтың қызы мен күйеу баласының ажырасуы екі банктің бірігуіне алып келді

    Есімовтың қызы мен күйеу баласының ажырасуы екі банктің бірігуіне алып келді

    Ел іші 20.12.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жуырда бірігетіні хабарланған қазақстандық Jýsan Bank пен АТФ Банктің бірігуіне «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы, Алматы қаласының экс-әкімі Ахметжан Есімовтің күйеу баласы Ғалымжан Есенов пен қызы Айжан Есімованың ажырасуы себеп болған. Бұл туралы бірнеше халықаралық БАҚ-та жарияланған мақалаларға шолу жасаған Азаттық радиосы хабарлады.

    Азаттықтың жазуынша, америкалық Globenewswire.com сайты Jýsan Bank өзінің бәсекелесі АТФ Банкті сатып алғанын хабарлаған.

    Globenewswire.com сайттың жазуынша, АТФ Банкінің иесі Ғалымжан Есеновке тиесілі KNG Finance холдинг компаниясы АТФ Банкіндегі өзінің 99,76 пайыз үлесін Jýsan Bank-ке түгел беріп, біріккен банктің акцияларына ие болмақ. Бұл үлестің қанша екені әзірге белгісіз.

    «АТФ Банкін сатуға қайтарылуы қиын қарыз және оның иесінің әйелімен ажырасуы себеп болып отыр. 2012 жылы АТФ Банкті 500 миллион долларға сатып алған Ғалымжан Есенов 2007 жылы Айжан Ахметжанқызы Есімовке үйленген еді. Бірақ қазір ерлі-зайыптылар ажырасайын деп жатыр. Бұдан активтерді бөлу қажеттігі туындап, АТФ оның әйелінің отбасына өтпек» деп жазды Globenewswire.com.

    Есімовтің күйеу баласы Есеновке тиесілі АТФ Банкін сатып алған Jýsan Bank-ті 2019 жылы ақпанда First Heartland Securities компаниясы иеленген. Бұл компания Pioneer Capital Invest компаниясына тиесілі First Heartland компаниялар тобының бір бөлігі саналады. Сайттағы мақалада Pioneer Capital Invest-ке «Назарбаев Университеті» (16,06 пайыз), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» (9,46 пайыз) және Назарбаев Қоры (74,48 пайыз) иелік ететіні айтылған.

    Назарбаева Қоры 2009 жылы «Назарбаев Университеті» мен «Назарбаев Зияткерлік мектептеріне» қаржылай қолдау көрсету үшін құрылған. Қордың акционері – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі.

    Америкалық Businessmagazine24.com іскерлік ақпараттар сайты жариялаған «АТФ Банкі Есімов отбасындағы ажырасуда есеп айырысу құралына айналды» атты мақалада да банкті сату иесінің ажырасуымен байланысты болуы мүмкін деген болжам айтқан.

    «Некеде тұрған 13 жылда Ғалымжан Есенов табысты бизнесменге айналды. Forbes оның байлығын 500 миллион доллардан асады деп бағалайды. Есеновтің бұл табысының көбі Есімовтер отбасымен құдандалы болған соң орнатқан қарым-қатынаспен байланысты» деп жазады Businessmagazine24.com.

    Сайт АТФ мемлекеттен алған қаржылай көмектен бөлек, қайынатасы басқаратын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қаржылай депозиттерін де ұтып алғанын еске салады. Қор АТФ Банкіне 350 миллион доллардан астам қаржы үлестірген.

    «Қазақстанда «Самұрық-Қазына» депозиттері Есімовтің күйеубаласының банкіне қатысты мүдделер қақтығысына байланысты ашу-ыза тудырды. «Самұрық-Қазына» қаржысын АТФ сияқты несие рейтингі төмен қаржы ұйымында сақтауға құқығы жоқ болғандықтан, аталмыш депозиттер заңсыз болуы да мүмкін. Бұл Есенов АТФ Банкті иеленуді жасыру үшін әрекет етті, енді ол Есімовтер отбасымен байланысын үзгенде банк оның шынайы иелеріне өтпек деген айыптауға себеп болды» деп жазады Businessmagazine24.com.

    Оқылып жатыр

    Елді дүр сілкіген қылмыс: Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты сот басталды

    18.05.2026

    Президенттікке кандидат болған саясаткер партиядан кетті

    12.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Тоқаев Президент әкімшілігінің басшысын ауыстырды

    05.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.