Close Menu
    Оқылып жатыр

    Казино кіріс көзі: Алматы облысында ойын бизнесінен 25 млрд салық түсті

    29.07.2026

    Алматы — «ақылды қалалар» тізімінде

    29.07.2026

    ФСБ Павел Дуровқа іздеу жариялады

    29.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 30 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Казино кіріс көзі: Алматы облысында ойын бизнесінен 25 млрд салық түсті

      29.07.2026

      Алматы — «ақылды қалалар» тізімінде

      29.07.2026

      ФСБ Павел Дуровқа іздеу жариялады

      29.07.2026

      Астанаға бір уақытта үш елдің президенті келе жатыр

      29.07.2026

      Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

      27.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Еуропаның 15 елінен келген 20 қазақ ұйымдарының басшылары Кельнде басқосты

    Еуропаның 15 елінен келген 20 қазақ ұйымдарының басшылары Кельнде басқосты

    Жаһан 27.05.2023
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Германияның Кельн қаласында басталған Еуропа қазақтарының құрылтайы аясында Еуропа елдеріндегі қазақ диаспорасының жетекшілерімен кездесу өтті.

    Бұл келелі кездесуге Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, «Отандастар» қорының президенті Абзал Сапарбекұлы, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Құсайынов және Австрия, Бельгия, Германия, Дания, Испания, Нидерланды, Венгрия, Польша, Түркия, Финляндия, Франция, Швейцария, Швеция, Ұлыбритания елдеріндегі қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

    Кездесуде сөз алған Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі М.Отарбаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық ықыласын жеткізіп, Қазақстанда қарқынмен жүргізіліп жатқан саяси реформалар туралы егжей-тегжей айтып берді.

    «Алдымен Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сіздерге деген зор ықыласы мен ыстық сәлемін жеткізгім келеді. Біздің ең үлкен байлығымыз – бірлік пен ынтымақ. Шетелде бір мемлекетте бірнеше қор мен қауымдастық барына біз қуанамыз. Ешкім ешкімге бәсекелес, не бақталас емес. Қайта ондай қауымдастықтардың көбейгені, олардың әр салада жұмыс атқарғаны көңілімізді қуантады. Сіздердің атқарған жұмыстарыңыз біздер үшін үлкен абырой, зор мәртебе. Әр мемлекеттің саяси елшісі болады. Сондай-ақ, халық елшісі деген ұғым тағы бар. Сіздер – халықтың елшісіздер.

    Елімізде жаңа бетбұрыс жасалып, оң өзгерістер орын алып отыр. Әлемде болып жатқан өзгерістерді көріп отырсыздар. Дегенмен Қазақстан көпбағдарлы ұстанымнан айнымай, барлық мемлекетпен тең араласа отырып, сіздердің – шетелдегі қазақтардың өмірінің жақсаруына қалайша ықпал ете аламыз деген талапты алдына қойып отыр. Президенттің сіздерге деген ықыласы ерекше. Мемлекет басшысы Германия елінде басталған бүгінгі Құрылтайға сәттілік тілеп, арнайы құттықтауын жолдады. Шетелде жүрсеңіздер де, ұлттық құндылықтарымызды сақтау үшін бар мүмкіндіктеріңізді сарп етіп, жұмыс істеп жатырсыздар. Біз мұны өте жоғары бағалаймыз. Біз үнемі сіздерге тілеулеспіз. Әркез қолдау көрсетуге дайынбыз. Сіздерге табыс тілейміз!», – деді Мәлік Отарбаев өз сөзінде.

    Отандастар қоры жетекшісі Абзал Сапарбекұлы:
    «Еуропа қазақтары арасында өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары бастау алған кіші Құрылтайлар өткізу шарасы бүгінде дәстүрге айналды. Өткізу мерзімі де жиілеп, жыл өткен сайын мазмұны мен форматы жетіліп, толығып келеді. Бұл – осындай тұрақты басқосудың еуропалық қандастарымызға берері мол, маңызды жиын екендігінің айқын көрінісі. Сонымен бірге, осы Құрылтайға ұйытқы болған еуропалық аға буынның, оны қолдап жүрген Өздеріңіздің ынтымақтарыңыз бен ұйымшылдықтарыңыздың арқасы. Бұрын Еуропа елдерінде қазақтардың 15-тей мәдени ұйымы болса, бүгінгі таңда олардың саны 30-ға жуықтады.
    «Отандастар қоры» бұл ұйымдармен тығыз байланыс орнатқан», – деді Абзал Сапарбекұлы.
    Сонымен қатар, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Құсайынов қандастармен кәсіпкерлік қарым-қатынас орнатуға дайын екенін жеткізіп, Еуропа қазақтарын Қарағандыда білімін жетілдіруге шақырды.

    Кёльндегі Қазақ мәдени орталығының төрайымы Сәдия Сүрер өз сөзінде: «Алдымен адамда сезім болуға тиіс. Сезім болмаса, қанша жерден қазақша сайрап тұрса да, одан түк өнбейді. Жастар қазақ екенін сезіне білуі керек. Мен өз балаларыма «Біз – орында қазақпыз. Бізде бәрі жақсы. Біз – үлкен мемлекетпіз. Санымыз аз болуы мүмкін, бірақ жүрегіміз кең» деп айтып отырамын. Балаларым қазақша сөйлей алмаса да түсінеді. Мереке, спорттық жарыстар кезінде Қазақстанның көк байрағын іліп қойып, әнұранды тік тұрып айтады. Сондықтан алдымен сезім болу керек», – деді.

    Кездесу соңында ұйым өкілдері өздерін алаңдатқан сауалдарын қойып, өзекті мәселелер көтеріп, өз ұсыныстарын ортаға салды.

    Оқылып жатыр

    ФСБ Павел Дуровқа іздеу жариялады

    29.07.2026

    Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

    27.07.2026

    Мұнай бағасы күрт төмендеді

    27.07.2026

    «Біздің қатысымыз жоқ»: Украина елшісі КТК терминалына дрон шабуылына қатысты мәлімдеме жасады

    22.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Казино кіріс көзі: Алматы облысында ойын бизнесінен 25 млрд салық түсті

    29.07.2026

    Алматы — «ақылды қалалар» тізімінде

    29.07.2026

    ФСБ Павел Дуровқа іздеу жариялады

    29.07.2026

    Астанаға бір уақытта үш елдің президенті келе жатыр

    29.07.2026

    Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

    27.07.2026

    Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

    27.07.2026

    Мұнай бағасы күрт төмендеді

    27.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.