Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 6 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026

      Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

      26.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Халықаралық іздеудегі Мәсімовтің күйеу баласына қатысты тағы бір іс қозғалмақшы

    Халықаралық іздеудегі Мәсімовтің күйеу баласына қатысты тағы бір іс қозғалмақшы

    Басты тақырып 21.05.2026
    orda.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Кәрім Мәсімовтің халықаралық іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы, қызметтік өкілетін асыра пайдалану және қаржы жымқыру фактілері бойынша күдікке ілінген Азамат Қапеновтің есімі тағы бір даулы оқиғамен байланыстырылып отыр. Ең қызығы, аталған іс те дәл Кәрім Мәсімов ҰҚК-ні басқарған кезеңде тоқтатылған. Бұл туралы журналист Михаил Козачков мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Журналистің айтуынша, Азамат Қапеновтің мансабы Кәрім Мәсімовтің қызы Тәмилла Кәрімге үйленгеннен кейін күрт өзгерген. Оған дейін ол қарапайым кәсіпкер болған әрі бұзақылық ісі бойынша сотталып үлгерген. Алайда отбасылық мәртебесі өзгерген соң, бұрынғы қылмыстық ісі бойынша толық ақталып шыққан.

    “Бұл материал жарық көргеннен кейін Қапеновтің қазіргі адвокаттары әлеуметтік желіде мені қаралап, түрлі пікірлер жаза бастады. Бірақ мен бұған түсіністікпен қараймын. Адвокаттар мен заңгерлер арасында таныстарым көп. Кейбірі достықты бәрінен жоғары қояды, ал кейбірі қомақты қаржы үшін кез келген іске дайын”, – дейді Козачков.

    Оның сөзінше, Қапеновке қатысты бұған дейін жабылған тағы бір іс қайта қаралуы мүмкін.

    Журналист 2020 жылдың қазан айында болған оқиғаны еске салады. Сол кезде Азамат Қапенов бірнеше денелі азаматпен “Kaz-Z Rail Logistics” компаниясының кеңсесіне барған. Компания теміржол тасымалы саласында жұмыс істеген және сол жылы мемлекетке 1 миллиард теңгеден астам салық төлеген.

    Кәсіпорын директоры Мақсат Шаңқыбаевтың айтуынша, кабинетіне кірген адамдар оған күш көрсетіп, тапанша көрсеткен. Кейін Қапенов неге қоңырауларға жауап бермей, кездесуден қашып жүргенін сұраған.

    “Әңгіме соңында Шаңқыбаевты бұрынғы қызметкерді бірінші орынбасар етіп тағайындау туралы құжаттарға қол қоюға мәжбүрлеген. Құжаттарға қол қойылғаннан кейін олар қағаздарды алып кетіп қалған”, – деп жазды журналист.

    Осыдан кейін кәсіпкер полицияға арыз түсірген. Полиция “Өз бетінше билік ету” бабы бойынша іс қозғап, қатысушылардан жауап алған.

    Ал Азамат Қапенов тергеу барысында Шаңқыбаевпен бұрыннан араласқанын айтып, өзін “ағасы сияқты қамқор болған адам” ретінде сипаттаған.

    “Мен оған әрдайым көмектестім. Бірақ кейін ол байланысын үзіп кетті. Сондықтан сөйлесуге бардым”, – деген Қапенов.

    Ал жанындағы адамдардың бизнес-орталыққа басқа шаруамен келгені айтылған.

    Біраз уақыттан кейін Мақсат Шаңқыбаев құқық қорғау органдарына қайта арыз жазып, ешкімге шағымы жоқ екенін мәлімдеген. Осыдан кейін тергеуші қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдаған.

    “Алғашында өзін ұрып-соғып, қарумен қорқытып құжаттарға қол қойғызды деген адам кейіннен бәрінен бас тартады. Мұндай өзгерістің қалай болғаны түсініксіз”, – дейді Козачков.

    Сондай-ақ журналист бұл оқиға болған уақытта Кәрім Мәсімовтің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарғанын еске салды.

    “Мүмкін Бас прокуратура бұл істің материалдарын қайта қарап, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жоятын шығар. Ондай жағдайда адвокаттардың да, тергеушілердің де жұмысы көбейеді”, – деп түйіндеді Михаил Козачков.

    іздеу Капенов қылмыс Масимов

    Оқылып жатыр

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.