Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 12 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    Ел іші 23/04/2025
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстандық кәсіпкер Дулат Тастекей «Артық білім – кітапта» атты ерекше челленджді бастады. 23 сәуір – Халықаралық кітап күні қарсаңында, «ASSYLTAS» қоғамдық қорының негізін қалаушы өз туған өңірі – Абай облысына 14 мыңнан астам кітап сыйға тартты.

    Өңірдегі 233 мектептің әрқайсысы 60-тан аса таңдаулы көркем және танымдық туынды алады. Дулат Тастекей өзге өңірлердегі меценаттарды бұл ағартушылық челленджді жалғастыруға шақырды.

    – «Артық білім – кітапта» акциясы – бұл ағартушылық эстафета. Біз еліміздің басқа өңірлеріндегі меценаттар мен кәсіпкерлерге, жүрегі ел деп соққан барлық азаматтарға үндеу тастаймыз: келіңіздер, өз облыстарыңыздағы мектептерге де осындай кітап тарту дәстүрін бастайық. Себебі кітап оқитын бала – ертең елдің тірегі, ал кітапты құрметтеген халық – мәңгі жасайтын ұлт, – деді Дулат Тастекей.

    Құнды кітаптарға толы үлкен фура Алматы қаласынан шығып, Абай облысының Аягөз қаласына жетті. Бұл кітаптар мектеп кітапханашыларына 23 сәуір күні сағат 14:00-де салтанатты түрде табысталды.

    Жобаның басты мақсаты – қазақстандық оқушыларды кітап оқуға шабыттандыру, кітапты күштің, ойдың және тілдің қайнар көзі ретінде қайта жаңғырту.

    «Артық білім – кітапта» жобасы ASSYLTAS қорының миссиясына толық сәйкес келеді. Қордың басты мақсаты – еліміздің ауылдық аймақтарындағы әрбір балаға білім алуда, рухани және зияткерлік тұрғыдан тең мүмкіндік жасау.

    Жоба ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Абай облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асуда.

    Абай Құнанбаев Артық білім кітапта Аягөз Дулат Тастекей кәсіпкер кітап сыйла Семей

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.