Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 11 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Кәсіпкер Анар Сағынтайқызы Құрмет грамотасымен марапатталды

    Кәсіпкер Анар Сағынтайқызы Құрмет грамотасымен марапатталды

    Өңір тынысы 15.07.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жеке кәсіпкер Анар Бексұлтанованың бүгінгі ісі көпке үлгі. Бұл дүниеге екі қолсыз келген ол қыз жасауын тігіп, көпке іскерлігімен, батылдығымен және өжеттілігімен танылып отыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz.

    Осыдан 4 жыл бұрын Анар «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 3 миллион теңге қайтарымсыз грант ұтып алып, тігін цехын ашқан болатын. Содан бері елден тапсырыс алып қыз жасауын тігуде. Оның айтуынша, қазіргі таңда тапсырыс берушілер өте көп екен. Өткен екі аптада 9-ыз қыз жасауын тігіп беріпті.

    Өңірімізге іс-сапармен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова келгенде Анар ол кісінің қабылдауында болып, тігін цехын үлкейткісі келетіндігін, мүгедектігіне байланысты екінші деңгейлі банктерден несие ала алмай жүргенін айтып, несие алуға көмектесуін сұрағаны есте.

    Таң қаларлығы – аяғымен тігін тігіп, кәсіппен айналысып, өзін де, қыздарын да асырап отырған оның бұл қайсарлығы Г.Әбдіқалықованы ғана емес, өңір басшысы Асқар Мырзахметовтың да бей жай қалдырмаған. Сонда облыс әкімі Анарға көмек беруге уәдеп берген болатын.

    Ол несиеге Анардың қол жеткізгенін өңірімізге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапарымен келіп, «Arai Plaza» бизнес орталығында облыстың зиялы қауым, ардагерлер, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар мен этно-мәдени бірлестіктердің өкілдерімен және жастармен өткізген кездесуінде білген едік.

    «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, мен бұл дүниеге екі қолсыз келдім. Бірақ бұл маған жоғары оқу орнын аяқтауыма, 20 жыл облыстық музейде жұмыс істеуіме, екі қыз тәрбиелеуіме, жеке кәсіпкерлікті қосымша алып жүруіме еш кедергі келтірген жоқ. Бүгінде жұмыс істеймін деген азаматтарға екі қолға бір күрек табылады. Мен аяғыммен іс тігемін. Сурет те саламын. Көрмелерге де қатысамын. Үй шаруасымен де айналысамын. Үйімнің бір бөлмесінен тігін цехын аштым. Сол жерде қыз жасауын тігіп отырмын. Осы ісімді бастағанда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 3 миллион теңге қайтарымсыз грант жеңіп алып, жеті тігін машинасын алдым. Төрт әйелді жұмыспен қамтыдым. Жақында осы ісімді кеңейту үшін екінші денгейлі банктен тағы да 3 миллион теңге несие алып отырмын. Мұның барлығы еліміздің әлеуметтік саясаты, сол саясатты қалыптастырған Елбасымыздың қамқорлығының арқасы деп білемін», — деді Анар Бексұлтанова.

    Міне, біз барғанда содан бері ауласында біраз шаруаны атқарғаны көрдік. Жаңа ашқалы отырған тігін цехының жұмысы аяқталуға таяпты. Бірәз күнде тігін станоктарын орнатуды бастамақ екен.
    Осы бір тағдырдың басқа салғанына қарсы тұрып, кәсіп ашып, өзгелерге жұмыс беріп отырған кәсіпкерге Нұр-Сұлтан қаласынан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінен Құрмет грамотасы келіпті. Оны бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров «Жасау Тараз» жеке кәсіпкерлігінің иесі Анар Сағынтайқызына арнайы үйіне келіп тапсырды. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында Н.Календеров Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың Құрмет грамотасын оқып, марапат иесіне табыс еткен болатын. Онда: «Құрметті Анар Сағынайқызы! Сізді, еліміздің көркеюіне белсене атсалысып, абыройлы жұмысыңызбен көпшіліктің құрметіне бөленген үлгі тұтар жансыз. 2015 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде ашқан кәсібіңіз өңір экономикасының өсуіне баға жетпес үлес қосуда.

    Жұмыспен қамту кез келген мемлекет үшін қашанда өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ал азаматтарды жұмыспен қамтудың баламасы ол – кәсіпкерлік. Өзіңізді жұмыспен қамтып, тіпті өзгелерге жұмыс орнын бергеніңіз үшін алғысымыз шексіз! Жасап жатқан кәсібіңіз игі істер әкеліп, жаңа мүмкіндіктер ашсын! Алға қойған мақсат-міндеттеріңіз, үлкен жоспарларыңыз орындалсын.

    Еліміздегі мәні зор, маңызы айрықша мерекелердің қатары – Елордамыздың туған күні қарсаңында, Сізге еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істе қажымас қайрат, бақ береке, табыс пен сәттілік тілейміз!» делінген ол хатта.

    Анар өзінің аз ғана уақытта еңбегі еленіп, осындай марапатқа ие болып жатқанына қуанышты екенін жеткізді. Осыдан кейін ол құрылысы жүріп жатқан тігін цехының жұмысымен, алдағы алдағы жоспарларымен бөліскен еді.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.