Close Menu
    Оқылып жатыр

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 12 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026

      Қазақстан Ресейге электр энергиясын экспорттамақшы

      10/11/2026

      Жылыту маусымының уақыты өзгеруі мүмкін

      10/11/2026

      Қазақстанда 5 адамның құтқарылуы Илон Маск назарын аударды

      09/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақстан ТҮРКСОЙ ынтымақтастық шеңберінде қандай жобаларды жүзеге асырып жатыр?

    Қазақстан ТҮРКСОЙ ынтымақтастық шеңберінде қандай жобаларды жүзеге асырып жатыр?

    Ел іші 05/11/2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан ТҮРКСОЙ ынтымақтастық шеңберінде бірқатар жобаларды жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрайымы
    Роза Кәрібжанова ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысында мәлімдеді.

    “ТҮРКСОЙ-мен ынтымақтастық шеңберінде 2022 жылы Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп бірқатар мәдени іс-шараларды ұйымдастырылды. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы тойланды. 2021 жылы Ыстамбұлда өткен «Қорқыт Ата түркі әлемі» алғашқы кинофестивалі түркітілдес елдердің кинематографистері арасында байланыс орнату үшін тиімді алаң болды.

    Бурса қаласында өтіп жатқан екінші «Қорқыт Ата» кинофестивалінің конкурстық бағдарламасында «Ақ боз үй» көркем фильмі (режиссері Бекарыс Елубаев) және «Еуразия билеуші ханымдары» деректі фильмі (режиссері Алексей Каменский) ұсынылды. Сондай-ақ, кинофестиваль аясында бірлескен қазақ-татар «Тарлан» фильмі (режиссер Юлия Захарова) ұсынылады.

    Кинофестиваль алаңы мәдени және көркемдік ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ ортақ тарихи және мәдени құндылықтарымызды нығайтуға және байытуға ықпал ететініне сенімдімін”.

    Кинофестиваль бағдарламасына қатысу үшін Қазақстанның киноиндустриясының жетекші өкілдерінен тұратын қазақстандық үлкен делегация келді. Құрамында Қазақстан Республикасының Халық әртісі, актер Нұржұман Ыхтымбаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер Ақан Сатаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, актер, Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Жанат Қуанышова, «Номад стантс» касадерлік тобының жетекшісі Жайдарбек Күнгужинов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер Сатыбалды Текеев, кинопродюсер Анар Қашағанова т.б бар.

    Кинофестиваль аясында қазақстандық кино күндері өтіп жатыр. Шараға «Ұлы дала таңы», «Мұзбалақ», «Дос-Мұқасан», «Мұқағали» фильмдерінің көрсетілімдері өтті.

    Роза Кәрібжанованың айтуынша, бүгінде Қазақстан түркі елдерінің әртүрлі салалардағы тығыз ынтымақтастығын нығайтуда, әсіресе, Геральдика саласындағы ынтымақтастықтың маңызы зор: “2021 жылы Қазақстан Республикасында алғаш рет геральдикалық зерттеулер орталығы ашылды.
    Түркі халықтарының ортақ тарихын ескере отырып, символизм мен геральдикалық элементтерді зерттеу бойынша зерттеу жұмыстарының орасан зор маңызы бар.

    2023 жылы «Геральдикалық зерттеулер орталығының» ғалымдары мен түркі геральдист-ғалымдары арасында тәжірибе алмасу жобасын іске асыру жоспарлануда”.

    Нәзия Жоямергенқызы, Түркітілдес журналистер қоры, Бұрса, Түркия.

    Оқылып жатыр

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Хиджаб мәселесінен кейін елге қарғыс тілеген ұстаз жұмыссыз қалды

    10/09/2026

    Танымал тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

    28/08/2026

    «Бұл — менің тағдырым»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    07/08/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Қазақстан Ресейге электр энергиясын экспорттамақшы

    10/11/2026

    Жылыту маусымының уақыты өзгеруі мүмкін

    10/11/2026

    Қазақстанда 5 адамның құтқарылуы Илон Маск назарын аударды

    09/11/2026

    Қазақстанда облигацияларға кепілдік беретін қор құрылуы мүмкін

    09/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.