Close Menu
    Оқылып жатыр

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 30 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026

      Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

      26.05.2026

      Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

      26.05.2026

      Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

      26.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қордайда көктемгі дала жұмыстары қауырт жүріп жатыр

    Қордайда көктемгі дала жұмыстары қауырт жүріп жатыр

    Өңір тынысы 29.04.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қордай ауданындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің жалпы көлемі 606 мың гектарды құрайды. Биылғы жылы егістікке 123 мыңнан астам гектар алқап бөлінсе, бұл жерлерге дәнді және майлы дақылдар, қант қызылшасы, картоп, көкөніс орналастыру жоспарланған, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

    Егіншілер көктемгі дала жұмыстарына алдын ала қамданып, егу үшін сапалы тұқымдарын дайындаған. 560-тан астам трактор, 278 тұқым сепкіш, 1600-ден астам тырма және 150 қопсытқыш қондырғылары әзірленген. Олардың қатарында лизингке сатып алынған жаңа қондырғылар да бар. Ауыл шаруашылығы техникаларын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі де оң шешімін тапқан десек, дала жұмыстарын жүргізуге 2405 тонна жеңілдетілген дизель отыны қарастырылған. Минералды тыңайтқыштарға келетін болсақ, ауданда бұл мәселе бойынша «КазАзот» АҚ және «Казфосфат» ЖШС-мен келісім жасалған.

    Көктемгі дала жұмыстары барысында 81,5 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері немесе жоспарланған алқап 100 пайыз егістікке дайындалған. Бүгінде жаздық арпа, көпжылдық шөптер, көкөніс, бақша дақылдары толығымен егіліп үлгерілді. Майлы дақылдар мен жүгері дәнін себу шаралары жалғасуда. Жұмыстар барлық агротехникалық шараларды қатаң сақтай отырып және егуге қолайлы мерзімде атқарылуда.

    Бүгінгі таңда ауданда күздік бидай 22 мың гектарға, арпа — 42 мың гектарға, көпжылдық шөптер мен көкөністер 8,200 гектарға, картоп — 3200 гектарға егілген. Көктемгі дала жұмыстарына Қордай ауданынан 467 отбасы Шу ауданына аттанса, бұдан бөлек 117 отбасы пияз және басқа да көкөніс дақылдарын егумен айналысатын көршілес Алматы облысына бет түзеген.

    Жамбыл ауылдық округі ауыл тұрғындарының  табысын арттыру бойынша пилоттық жобаға қатысушылардың қатарында. Ондағы шаруалар 8,5 миллион теңгеге қаржыландырылған «Жанатурмыс-Бірлік» кооперативіне бірігуде. Аталған қаражат тұқымдар, тыңайтқыштар және өсімдіктерді химиялық қорғау құралдарын сатып алуға бағытталған.

    Жоба аясында 950 аула қамтылған. Олардың иелігіндегі 62 гектар ауыл шаруашылық жерлеріне картоп, қияр және сәбіз егілді. Кооператив мүшелері 620 тоннаға дейін картоп, 434 тонна сәбіз және 192 тонна қияр алуды жоспарлап отыр.

    ауыл шаруашылығы Қордай ауданы Шу ауданы

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

    26.05.2026

    Құрбан айт күні ХҚКО жабық болады

    26.05.2026

    Зеленский соғыс аяқталар уақытты атады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.