Close Menu
    Оқылып жатыр

    ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

    28.04.2026

    “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

    28.04.2026

    Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

    28.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 28 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

      28.04.2026

      “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

      28.04.2026

      Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

      28.04.2026

      «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

      27.04.2026

      Метродан жылыстаған миллиондар: бірнеше тұлға жемқорлық бойынша жауапқа тартылды

      27.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Құран оқу, пітір беру, салауат айту, отбасыға көңіл бөлу. Оразада орындайтын 10 амал

    Құран оқу, пітір беру, салауат айту, отбасыға көңіл бөлу. Оразада орындайтын 10 амал

    Ел іші 24.04.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы оразада орындайтын он амалды оқырман назарына ұсынып отыр.

    №1. Құранмен дос болу

    Құран оқылған, оған амал етілген үйде Алланың берекеті орнайды. Ардақты Пайғамбарымыз: «Үйлеріңізде Құран Кәрімді көп оқыңыздар…» деп өсиет еткен. Өйткені, «Құран оқу – көңілдің шипасы» (хадис).
    Алла Елшісі Рамазан айында Құранды бірнеше рет хатым ететін. Қасиетті кітапты хатым етумен қатар, жаттауға, оған амал етуге тырыссақ – нұр үстіне нұр. Арапшадан оқи алмайтын адам аудармасын оқыса да сауап алады. Алланың мейірімі кең, Ол – кеңшілік Иесі. Ниетке сай сауабын береді

    №2. Түнді намазбен өткізу

    Түнгі намаз – жүректің тыныштығы, екіжүзділік дертіне шипа, Алламен берік байланыс орнататын риясыз құлшылық. «Түнгі намазға аса мән беріңдер. Сендерден алдын өткен ізгі адамдар оны үнемі орындап жүретін. Түнгі намаз Жаратушыға жақындатады, жамандықтарыңды өшіреді және күнәлі іске баруға тосқауыл болады» (хадис). Рамазанда оқылатын тарауық намазына тахажуд қосылса – құба-құп.

    №3. Ұдайы дұғада болу

    Дұға – мұсылманның қорғаны. «Дұға – ғибадаттың мәні» (хадис). Алла Тағала «Мүмин» сүресінің 60-аятында: «Менен сұраңдар. Тілектеріңді қабылдаймын», – деп уәде еткен. Таңғы және кешкі, жұма және Қадір түнінде, т.б. уақыттарда айтылатын дұғаларға мән беру қажет.
    Біздің бір басымызда қаншама проблема толып жатыр. Оның сыртында отбасымыз, туған-туыстарымыз, дос-жаран мен көршілеріміз үшін екі дүние игілігі тілейтін дұғамыз бар.
    Рамазан – Жаратқаннан жарылқау тілейтін ай. Бір-бірімізге дұғада болайық. Алла Тағала жер бетінен жұқпалы індетті жойып, жақсылықта жолығуды жазсын. Еліміз бен жеріміздің берекеті үшін де дұға жасауды ұмытпайық.

    №4. Пітір садақасын беру

    Садақа – жамандықты жоятын амал, айналамыздағы көмекке зәру адамдардың ақысы.
    Пітір садақасы – Рамазан айында пенделікпен жасап қойған қате-кемшіліктеріміздің өтеуі, жетіспеушілік салдарынан көңілі жабырқаған жарлы-жақыбайлардың ақысы. Басымыздың аманында, қолда аз-кем ақшаның барында пітір садақасын беріп, қоғамға шарапатымызды тигізейік.
    Садақа – дәулетіміздің берекесін арттыратын амал. Мал-мүлік нәсіп еткен Алланың жолында жақсылық жасап, көптің тілеуін неге алмасқа?! «Сендердің араларыңдағы ең жақсыларың – адамдарға пайдалы болғандарың» (хадис).

    №5. Ауызашар ұйымдастыру

    Карантин кезінде топтасып жиналуға болмайды. Бұл – сауап іздеген адамға тығырыққа тірелу деген сөз емес. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ауызашарға кететін қаржылай шығынды немесе азық-түлікті көмекке мұқтаж отбасыларға таратуға кеңес берді.
    Асылында құдайы асқа, ауызашарға тамақ тауып жеуі мұң болған жандар шақырылады. Мәселен, он адамға ауызашар бергіңіз келді делік. Ауызашарға кететін ақшаны соларға таратып берсеңіз де болады. Алланың қалауымен он адамға ауызашар бергеннің сауабын аласыз. Хадисте айтылғандай, мұсылманның ниеті амалынан қайырлы.

    №6. Истиғфар айтып, салауат жолдау

    Біз кейде зіл сөзбен, жағымсыз мінезбен қаншама жанның жүрегін жаралаймыз. Ойдан жүйрік дүние бар ма десеңші?! Санамызға қаншама бұзық ойлар келеді. Алла бізді жаман ойымызға байланысты жазалайтын болса… Айтудың өзі қорқынышты. Теріс ой мен ғайбат сөзіміз үшін кешірім сұраудың ең қарапайым үлгісі – «Алла мені кешірсін» деп истиғфар айту.
    Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту уайым мен қайғыдан арылтады. Алла Елшісіне салауат айтуымыз – өзімізге амандық пен береке тілеуіміз.
    Сөз бен ойдың оразасы адамды тақуалыққа тәрбиелейді…

    №7. Тамақты тежеу

    Тамаққа қатысты насихат айтуға басқа-басқа мен лайықты емеспін. Тамақ – нәпсіге ең ұнамды дүниенің бірі. Дегенмен, Рамазан – аз тамақ жеп, көп құлшылық жасауға тәрбиелейтін ай. Расында, көп асаған көп ұйықтайды. Көп ұйықтаған көп игіліктен құр қалады. Ауызашар тамаққа тойып алатын сәт емес. «Ауру – астан» деген. Көп жеген артық салмақ жинайды. Артық салмақ ауру шақырады… Алла сақтасын!

    №8. Уақытты жүйелеу

    Рамазанда әрбір сәт маңызды. Уақыт – мүміннің нығметі, оны ізгі істерге арнасақ – досымыз, бос өткізсек – дұшпанымыз. Бір сәтте досыңа да, дұшпаныңа да айналатын уақытты қалай пайдалану – әркімнің өз таңдауында. Досты таңдайық!

    №9. Оразада отбасыға көңіл бөлу

    «Сен саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады» деген тәмсіл бар. Осы сөздің мағынасын «майыстырып» айтсақ: отбасы тәрбиесімен айналыспасаң, бала-шағаң сенімен айналысады. Расында, солай. Бала-шағаға көңіл бөлмесең, тәрбиесі нашарлап, сені бір күні ұятқа қалдырады.
    Ауызашар, сәресі отбасымен рухани сұхбат құрудың сәулелі сәті емес пе? Сәтті жіберіп алмайық. Әр сәт – ғанибет…

    №10. Өзімізді өзгерту

    Бір ғұлама: «Рамазаншыл болма, Құдайшыл бол», – деген екен. Расында, бір жұтым судың қадірін сездірген, шариғаттағы тыйым былай тұрсын, рұқсат етілген істен нәпсіні тежеуді үйреткен оразадан кейін өзімізді өзгертпесек енді ұят.

    Ораза

    Оқылып жатыр

    Шымкент соты Арай Есенбекті 5 жылға соттады

    24.04.2026

    Алматыда Шахановқа көше беру мәселесі көтерілуде: петиция жарияланды

    24.04.2026

    Жетімдердің үй кезегі неге жылжымайды: сенаторлар үкіметке сауал жолдады

    23.04.2026

    Ақын аманаты неге орындалмады: Жарылқап Қалыбай Шахановтың жерлеуіне қатысты пікір білдірді

    22.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

    28.04.2026

    “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

    28.04.2026

    Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

    28.04.2026

    «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

    27.04.2026

    Метродан жылыстаған миллиондар: бірнеше тұлға жемқорлық бойынша жауапқа тартылды

    27.04.2026

    Бейжай қарамайық: белгілі заңгер даулы видео иесін жауапқа тартуға шақырды

    27.04.2026

    Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

    27.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.