Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 14 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Леонардо да Винчидің әйгілі La bella principessa картинасы Президентке көрсетілді

    Леонардо да Винчидің әйгілі La bella principessa картинасы Президентке көрсетілді

    Көрменің Қазақстанда өтуіне ForteBank мұрындық болды
    Басты тақырып 07/06/2024
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Президент Ұлттық музейдегі өнер туындылары көрмесін тамашалады, деп хабарлайды Tarazy.kz сайты Qaz365.kz сілтеме жасап.

    Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, президентке өнертанушы Ольга Батурина қазақстандық талантты қылқалам шеберлерінің туындылары жинақталған «Дала кескіндемесі: рәміздер, бояулар, бейнелер» атты көрмені таныстырды.

    Оның аясында Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі италиялық суретші Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» (La bella principessa) картинасының түпнұсқасын да көрді. Танымал туындының көрмесі Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай Италияның «Scripta Maneant» баспасымен бірлесе ұйымдастырылған. Жоғары Ренессанс дәуіріне жататын бұл құнды жәдігер Еуропадан тысқары жерге алғаш рет шығарылып отыр.

    Көрме еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Италияның Қазақстандағы елшілігінің және Италия мәдениет институтының қолдауымен өтіп жатыр.

    Елорда тұрғындары мен қонақтары Леонардо да Винчидің осынау бірегей туындысын 4 тамызға дейін тамашалай алады.

    Көрменің бізде өтуіне ForteBank мұрындық болды.

    «ForteBank атынан біз Леонардо Да Винчидің «La Bella Principessa» картинасын Қазақстанға әкелуге көмектескен демеушілердің бірі болғанымызды мақтан тұтамыз. Италияның Қазақстандағы елшісі Альберти мырза өткен қыркүйекте бұл идеямен бөліскен еді. Біз ForteBank атынан бұл ұсынысты естіген бойда қолдадық. Көптеген жылдар бойы біз мәдениет, өнер жобаларын қолдап келеміз. 2006 жылдан бастап біздің Астанадағы бас кеңсемізде Kulanshi Art Space көрмесі жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде галереяда қазақстандық және шетелдік суретшілердің жұмыстары қойылды. Деңгейі биік «La Bella Principessa» картинасын елге әкелу оңай болмады. Леонардо да Винчи өз заманының генийі”, — деді баспасөз мәслихаты барысында ForteBank басқарушы директоры Әлия Есжан.

    La Bella Principessa — 15 ғасырдың аяғында Леонардо да Винчи салған итальяндық ақсүйектерге жататын жас қыздың портреті. Жоғалып кетіп, қайта табылған туынды шебердің ең жұмбақ әрі тартымды туындыларының бірі. Бұған дейін картина әлем бойынша бес рет қана қойылып, көпшіліктің үлкен қызығушылығын тудырған еді.

    Ұйымдастырушылар барлық елорда тұрғындары мен қонақтарын Леонардо да Винчидің сирек туындысын бағалау үшін көрмеге шақырады.

    Оқылып жатыр

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Қазақстанда облигацияларға кепілдік беретін қор құрылуы мүмкін

    09/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Баға мен әлемдік нарықтың құбылуы: Теңге неге нығайды?

    29/10/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.