Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

    27.07.2026

    Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

    27.07.2026

    Мұнай бағасы күрт төмендеді

    27.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 29 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

      27.07.2026

      Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

      27.07.2026

      Мұнай бағасы күрт төмендеді

      27.07.2026

      Қызылордадан Алматыға келген келіншек жоғалып кетті

      27.07.2026

      Алматыда жеке кәсіпкер футбол академиясын салып жатыр

      25.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Маңғыстауда депутаттыққа экс-кандидат соққыға жығылып, ауыр хәлде ауруханаға түсті

    Маңғыстауда депутаттыққа экс-кандидат соққыға жығылып, ауыр хәлде ауруханаға түсті

    Жаңалықтар 30.12.2025
    gov.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында бұрын Мәжіліс депутаттығына кандидат болған, «Өзенмұнайгаз» компаниясының белсендісі Мұратбай Жұмағалиев соққыға жығылды, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Телеграмдағы мәлімет бойынша, оқиға 28 желтоқсанға қараған түні болған. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол күні таңғы сағат 04:10-да Мұратбай Жұмағалиев ауыр хәлде Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілген.

    Дәрігерлер оған жабық бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы, маңдай және бет тұсында екі жақты көптеген сырылу жарақаттары деген алдын ала диагноз қойған. Жағдайының ауырлығына байланысты науқас бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Кейін ол травматология және нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

    Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында Мұратбай Жұмағалиевті өз туысы соққыға жыққаны анықталған.

    Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға түнгі уақытта Жаңаөзен қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде ер адам мен оның жиені бірге алкогольдік ішімдік ішіп отырған кезде болған. Тараптар арасында тұрмыстық жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Соның салдарынан жәбірленуші түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген.

    Полиция өкілдері алкогольді шамадан тыс тұтыну, агрессия таныту және тұрмыстық дауларды күш қолдану арқылы шешуге тырысудың қоғамға қауіпті екенін атап өтті. Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттер үшін туыстық байланысқа қарамастан, заң аясында жауапкершілік көзделетінін ескертті.

    Айта кетейік, Мұратбай Жұмағалиев Жаңаөзен мұнайшыларының наразылық акцияларын бірнеше рет ұйымдастырған белсенді ретінде белгілі. 2023 жылы ол бір мандаттық округ бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидат болып түсіп, сайлауда Еділ Жаңбыршинге жол берген.

    Жаңаөзен Мұратбай Жұмағалиев

    Оқылып жатыр

    Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

    27.07.2026

    Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

    27.07.2026

    Мұнай бағасы күрт төмендеді

    27.07.2026

    Қызылордадан Алматыға келген келіншек жоғалып кетті

    27.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

    27.07.2026

    Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

    27.07.2026

    Мұнай бағасы күрт төмендеді

    27.07.2026

    Қызылордадан Алматыға келген келіншек жоғалып кетті

    27.07.2026

    Алматыда жеке кәсіпкер футбол академиясын салып жатыр

    25.07.2026

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

    25.07.2026

    Даму қорының басшылары 315 млн теңге сыйақы алған

    25.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.