Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шымкент соты Арай Есенбекті 5 жылға соттады

    24.04.2026

    Жазда АҚШ доллары күрт қымбаттауы мүмкін

    24.04.2026

    Ақылы жолдан 120 млрд: министр жаңа меже қойды

    24.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 25 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шымкент соты Арай Есенбекті 5 жылға соттады

      24.04.2026

      Жазда АҚШ доллары күрт қымбаттауы мүмкін

      24.04.2026

      Ақылы жолдан 120 млрд: министр жаңа меже қойды

      24.04.2026

      ҚТЖ қарызы 3 трлн теңге: депутаттар дабыл қағуда

      24.04.2026

      Алматыда Шахановқа көше беру мәселесі көтерілуде: петиция жарияланды

      24.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026

      Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

      09.04.2026

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

    Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

    Жаңалықтар 01.03.2026
    Ақорда
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Tarazy.kz


    Құрметті отандастар!


    Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың ең асыл құндылықтарын дәріптейтін ерекше мереке. Өзара құрмет көрсету, өзгеге жанашырлықпен қарап, шынайы тілеулес болу – ұлтымыздың бойына сіңген қасиеттер. Алғыс айту дәстүрі төл руханиятымыздың темірқазығы ретінде ел ішіндегі сенім мен бірлікті нығайтуға зор ықпал етіп келеді. Жақындарымызға алғыс айту – оларға рухани қолдау көрсету, қиын кезде қол ұшын созу деген сөз. Қазіргі құбылмалы заманда бұл қасиеттің мән-маңызы ерекше, деп атап өтті президент.

    Сонымен қатар, осы мейрамда қиын-қыстау жылдары елімізді аман сақтап, ұрпаққа аса құнды әрі мол мұра қалдырған ата-бабаларымызға тағзым етуді, ұстаздарға, дәрігерлерге, мәдениет саласы қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге, жұмысшыларға, тәртіп сақшыларына, өрт сөндірушілерге, құтқарушыларға және адал еңбегімен сүйікті Отанымыздың өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген барша азаматқа алғыс айту керегін айтты.

    Сондай-ақ жастарға және еріктілерге ерекше ризашылық білдірді. Белсенді азаматтық ұстанымы бар, қоғам игілігі үшін еңбек етуге әзір, мұқтаж жандарға көмектесуге дайын адамдардың еңбегі ерен екенін, бұл отаншылдықтың айқын көрінісі деді Тоқаев.

    Алғыс айту күні ел тағдыры әрбір азаматтың қолында екенін аңғартады. Себебі алдағы өзгерістердің табысты жүзеге асырылуы жұртымыздың бірлігіне, парасаттылығына және саналы азаматтық ұстанымына байланысты екені сөзсіз. Біз Заң мен Тәртіп, тілектестік пен ынтымақ қағидаларын басшылыққа алып, салт-дәстүрімізді сақтай білсек, Қуатты, Әділетті, Таза, Өркендеген Қазақстанды құра аламыз. Татулық пен өзара сенімді нығайта отырып, қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасын көркейту жолында биік мақсаттарымызға бірге жетеміз деп сенемін. Баршаңызға амандық, табыс тілеймін! — деп қорытындылады мемлекет басшысы.

    алғыс айту күні құттықтау Тоқаев

    Оқылып жатыр

    Шымкент соты Арай Есенбекті 5 жылға соттады

    24.04.2026

    Жазда АҚШ доллары күрт қымбаттауы мүмкін

    24.04.2026

    Ақылы жолдан 120 млрд: министр жаңа меже қойды

    24.04.2026

    ҚТЖ қарызы 3 трлн теңге: депутаттар дабыл қағуда

    24.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Шымкент соты Арай Есенбекті 5 жылға соттады

    24.04.2026

    Жазда АҚШ доллары күрт қымбаттауы мүмкін

    24.04.2026

    Ақылы жолдан 120 млрд: министр жаңа меже қойды

    24.04.2026

    ҚТЖ қарызы 3 трлн теңге: депутаттар дабыл қағуда

    24.04.2026

    Алматыда Шахановқа көше беру мәселесі көтерілуде: петиция жарияланды

    24.04.2026

    Ауқымды рейд: Шымкенттегі айыптұрақтар көлікке толды

    24.04.2026

    Ресейге көмектесем деп Қырғызстан санкция астында қалды

    24.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.