Close Menu
    Оқылып жатыр

    БАӘ-дегі атақты жағажайлар жабылды

    27/10/2026

    Жарты жылда Ресей асқан қазақстандықтар 122 мыңнан көп

    27/10/2026

    Қазақстанда орташа жалақы неше теңге?

    27/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 28 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      БАӘ-дегі атақты жағажайлар жабылды

      27/10/2026

      Жарты жылда Ресей асқан қазақстандықтар 122 мыңнан көп

      27/10/2026

      Қазақстанда орташа жалақы неше теңге?

      27/10/2026

      Ең қымбат сүт: Түркістан облысында миллиард қолды болды

      27/10/2026

      Атақты Исматулла тергеуге ілікті

      27/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Мен биліктің насихатшысы емеспін — депутат Ермұрат Бәпи

    Мен биліктің насихатшысы емеспін — депутат Ермұрат Бәпи

    Азаматтық пікір 04/03/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи парламент мінберінде сөйлеген сөзінде қазіргі геосаяси жағдай мен жаңа Конституция жобасының маңызы туралы пікір білдіріп, қоғамға үндеу жасады, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Депутат өз сөзінде әлемдегі саяси ахуалдың күрделене түскенін атап өтті.

    “Жер шарының үлкен ауқымын соғыс өрті шарпып, бізге жақын Парсы шығанағы мен Таяу Шығыс елдері соғыс аймағына айналған кезде мен бұл сөзімді елдің ертеңі мен қауіпсіздігіне деген азаматтық және саясаткерлік жауапкершілікпен, жанашырлықпен арнаймын”, — деді ол.

    Депутат өзін биліктің насихатшысы емес, керісінше мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің тұрақтылығын, ел тұтастығын сақтауды қолдайтын азамат ретінде сөйлеп тұрғанын жеткізді.

    “Біз бір ескерте кететін жағдай бар. Әлдекімдер айтып жүргендей, мен биліктің насихатшысы емеспін. Мен мемлекеттілік пен мемлекетшілдіктің, тәуелсіздіктің тұрақтылығы мен елдің тұтастығын сақтаудың насихатшысымын. Менің сөзім осы тұрғыда айтылады”, — деді Бәпи.

    Оның пікірінше, қазіргі кезең — әлемдік тәртіп өзгеріп, саяси тәуекелдер күшейген, экономикалық тұрақтылыққа қауіп төнген күрделі уақыт. Мұндай жағдайда Қазақстан өзінің таңдаған бағытын сақтап, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін батыл қадамдарға баруы тиіс.

    “Бүкіл әлемнен тыныштық кетіп, дүние отқа оранып жатқанын көріп отырмыз. Біз бұған дейін талай сындарлы кезеңнен өтіп, бірлік пен берекенің қажеттігін терең түсіндік. Қазіргі сәт — қателікті кешірмейтін, парасат пен пайымды шешімді қажет ететін кезең.

    Осындай аумалы-төкпелі уақытта Қазақстан өзі таңдаған жолынан таймай, ел қауіпсіздігі үшін батыл бастамаларға бет бұруға тиіс еді. Осы бағыттағы біздің, біз үшін ең маңызды бастама — жалпыхалықтық референдумға ұсынылған жаңа Конституцияның жобасы”, — деп толықтырды ол.

    Алайда ол қоғамда бұл бастаманың мәнін түсінбей, түрлі күмән келтіріп жүрген азаматтар бар екенін де айтты.

    “Осы ретте бірден айтайын: жаңа Конституцияның жобасын оңды-солды, “тисе терекке, тимесе бұтаққа” деп сынаушылар ескі жүйенің диірменіне су құйып жүргенін біле ме екен? Жалпы, елдің ішкі іші мен сыртындағы нақты реализм мен конструктивизмнен жұрдай сыншылық бүгінгі жағдайда тап-таза популизмнің үлгісі болмақ”, — деп қосты ол.

    Ермұрат Бәпи жаңа Конституция суперпрезиденттік жүйені қайта енгізеді деген пікірмен келіспейтінін жеткізді.

    “Иә, Ата заңның жобасындағы жекелеген баптарда сыртқы тәуекелдерді өз қолымызбен тудырмас үшін сабырға дес берудің, сақтық қажеттілігінің жасалғанын жасыруға болмайды. Бұл жаһандық тұрақсыздық күшейген кезеңде мемлекеттің ішкі бірлігін, басқару тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сақтық шарасы еді. Дәл осы тұста қоғамда “жаңа Конституция президент суперпрезиденттік жүйені қайтадан қалпына келтіреді” деген қаңқу сөздер тарап жүр.

    Жоғары лауазымды мемлекеттік тұлғалар сенаттың келісімімен тағайындалатын бұрыннан бар процессуалдық тәртіп ендігі кезекте бір палаталы құрылтайдың құзыретіне ауыстырылатыны президенттің құзыретін күшейтеді деген пікір санаға сыймайды. Бұл — негізі жоқ жаңсақ пікір”, — деді ол.

    Оның айтуынша, 2022 жылғы конституциялық реформалардан кейін Қазақстан суперпрезиденттік модельден бас тартып, бір рет сайланатын жеті жылдық классикалық президенттік жүйеге көшкен.

    “Мемлекеттік саяси қызметтегі туыстық ықпал мен мүдделер қақтығысы конституциялық негізде толығымен жойылды. Сондықтан ескі жүйенің етжақын өкілі билікке қайтып келеді деген қауесеттің ешқандай негізі жоқ”, — деп түсіндірді ол.

    Сондай-ақ депутат жаңа Конституция жекелеген тұлғалардың немесе белгілі бір топтардың ықпалын күшейтуге емес, билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

    “Бұл жаңа Конституцияның бұлжымас қағидаты, өзгермес нормасына айналады. Әлдебіреуге құрғақ фраза сияқты болып естілетін “күшті президент, ықпалды парламент, есеп беретін үкімет” қағидасы басшылыққа алынып жатыр. Бірақ бұл қағида бір демде жөңкіп жөнелмегенін тағы да жасыруға болмайды — көш жүре түзеліп келе жатыр”, — деді ол.

    Сөз соңында Мәжіліс депутаты қоғамды жаңа Конституцияны қолдап, елдің тұрақты әрі әділ мемлекет ретінде дамуына үлес қосуға шақырды.

    “Мемлекет басқару жүйесінде тежеу мен тепе-теңдік принципін бекіткен бұл нақты стратегиялық қадам даму үстінде. Қазақстанның жаңа тарихында бұл даму жолы кейіннен тарихи шешім болды деп бағаланар кәдік.

    Құрметті әріптестер, біз жаңа Конституция арқылы Қазақстанды тұрақты, әділ және заманауи мемлекетке айналдыруымыз қажет. Біз регреске емес, жасампаз прогреске қызмет етейік. Біз азаматтардың сенімін басты орынға қойып, бірінші кезекте мемлекет мүддесін…”, — деп түйіндеді ол.

    депутат Ермұрат Бапи Үндеу

    Оқылып жатыр

    БАӘ-дегі атақты жағажайлар жабылды

    27/10/2026

    Жарты жылда Ресей асқан қазақстандықтар 122 мыңнан көп

    27/10/2026

    Қазақстанда орташа жалақы неше теңге?

    27/10/2026

    Ең қымбат сүт: Түркістан облысында миллиард қолды болды

    27/10/2026
    Соңғы жаңалықтар

    БАӘ-дегі атақты жағажайлар жабылды

    27/10/2026

    Жарты жылда Ресей асқан қазақстандықтар 122 мыңнан көп

    27/10/2026

    Қазақстанда орташа жалақы неше теңге?

    27/10/2026

    Ең қымбат сүт: Түркістан облысында миллиард қолды болды

    27/10/2026

    Атақты Исматулла тергеуге ілікті

    27/10/2026

    Республика күні — елдік пен егемендік символы

    25/10/2026

    Қайран 12 млрд доллар! Қашаған бойынша арбитражда Қазақстанға пайда жоқ

    23/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.