Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 27 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Пайдалы тағам қымбат». Қазақстандағы фастфуд нарығы өсіп келеді

    «Пайдалы тағам қымбат». Қазақстандағы фастфуд нарығы өсіп келеді

    Жаңалықтар 13.01.2026
    pixabay.com
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Елімізде қоғамдық тамақтану нарығы өсіп келеді, алайда негізгі үлес фастфудқа тиесілі. Бұл туралы Qazaq Expert Club сарапшысы, тағам қауіпсіздігі жөніндегі маман Лаура Аутелеева мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Сарапшының дерегінше, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында еліміздегі қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының айналымы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 пайыз артқан. Өсім негізінен Алматы мен Астана қалаларының есебінен тіркелген. Алайда нарықтағы жалпы табыстың 40–45 пайызы фастфудқа тиесілі.

    Қазіргі таңда Қазақстандағы қоғамдық тамақтану орындарының шамамен 28,9 пайызы фастфуд форматында жұмыс істейді. Яғни елдегі әр үшінші мейрамхана немесе дәмхана осы сегментке жатады.

    Ал «пайдалы» немесе теңгерімді фастфудтың үлесі мардымсыз, бар болғаны 3–4 пайыз. Сараптамалық бағалауларға сәйкес, бұл көрсеткіш 3–5 пайыздан аспайды. Егер жүйелі өзгерістер жасалмаса, 2030 жылға қарай оның үлесі 7–8 пайыздан жоғары болмайды.

    Пайдалы тағам неге кенже қалып отыр?

    Лаура Аутелееваның айтуынша, пайдалы әрі сапалы тағам ұсынатын форматтардың дамуына бірқатар құрылымдық кедергілер тосқауыл болып отыр.

    Олардың қатарында ең алдымен өзіндік құнның жоғары болуы бар. Сапалы шикізат, сақтау мерзімінің қысқалығы және тұрақты жеткізілім қажеттілігі мұндай тағамды жаппай фастфудқа қарағанда 25–40 пайызға қымбат етеді.

    Сонымен қатар сала импортқа қатты тәуелді. Жергілікті өнім болғанның өзінде, көптеген қоспа шетелден әкелінеді. Бұған суперфудтар, қантсыз тұздықтар, өсімдік майлары мен арнайы қоспалар жатады.

    Сөзінше, тағы бір мәселе инфрақұрылымның әлсіздігі. Шикізатты өңдеу, салқындатылған логистика, өнімнің қадағалану жүйесі секілді тізбектің барлық кезеңінде олқылықтар бар.

    Бұған қоса, баға тұрғысынан әділетсіз бәсеке қалыптасқан. Жаппай фастфуд арзан шикізатқа, дәм күшейткіштер мен ұзақ сақталатын қоспаларға сүйенеді.

    Денсаулық пен экономикаға әсері

    Сарапшы ультраөңделген тағамдардың калориясы жоғары, ал тағамдық құндылығы төмен екенін ескертеді. Мұндай өнімдерде қант, тұз және трансмай мөлшері шамадан тыс болады.

    Бұл үрдіс Қазақстандағы ресми статистикадан да байқалады. 2024 жылы семіздікке шалдыққан адамдар саны 9 122 жағдайға жетіп, бір жылда шамамен 3 пайызға артқан. Жүрек-қан тамырлары аурулары 3,74 млн жағдайды құрап, 5 пайызға өскен. Ал I типті қант диабеті 100 мың адамға шаққанда 328,3 жағдайға жетіп, 6 пайызға көбейген.

    Лаура Аутелеева фастфудтың кең таралуы тек тамақтану әдеттеріне ғана емес, болашақтағы денсаулық сақтау шығындарының өсуіне де тікелей әсер ететінін атап өтті. Сонымен қатар импортқа тәуелділіктің күшеюі валюта бағамының құбылуына, бағаның өсуіне және бизнестің тұрақсыздығына әкелуі мүмкін.

    Шешімі бар ма?

    Сарапшының пікірінше, пайдалы тамақтану моделіне көшу үшін кешенді тәсіл қажет. Атап айтқанда, «фермер – өңдеу – қоғамдық тамақтану» тізбегін қалыптастыру бағаны төмендетіп, сапаны арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ субсидиялар мен мемлекеттік қолдау тетіктері маңызды рөл атқарады.

    «Тұтынушы пайдалы тағамның неге қымбат екенін және оның нақты қандай пайдасы бар екенін түсінуі тиіс», — дейді Лаура Аутелеева.

    Ол мысал ретінде АҚШ тәжірибесін келтірді. FDA ұсынған жаңа талаптар тым қатаң болғандықтан, USDA дерекқорындағы жемістердің 58 пайызы мен көкөністердің 35 пайызы «пайдалы» санатына сәйкес келмеген. Бұл тағам стандарттарын әзірлеуде ғалым-диетологтардың қатысуы және жергілікті ерекшеліктерді ескеру қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

    Қоғам сарапшы тамақтану фастфуд

    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.