Жамбыл облысында 12 қап есірткі тасымалдаған ер адам ұсталды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің Instagram желісінде жарияланды.
«Жамбыл облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен Бірлік-Мойынқұм — Ұланбел тас жолының 33-шақырымында Шу қаласының 40 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Toyota Runner» маркалы автокөлігі ұсталды», — делінген хабарламада.
Көліктен жалпы салмағы 287,5 келі болатын 12 қап кептірілген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдікті Тараз қаласының Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
https://www.instagram.com/p/B2QdgWCgzMD/?utm_source=ig_embed