Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 14 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

      14.07.2026

      Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

      14.07.2026

      Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

      14.07.2026

      ҚТЖ тағы да сынның астында

      14.07.2026

      Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

      14.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    Қоғам 14.07.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    ​

    Абай университетінде «Мектеп және жоғары оқу орнындағы білім берудегі Алтын Орда тарихы» атты халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өтті. Отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, тарихшылар мен педагогтар Жошы ұлысының мұрасын заманауи білім жүйесіне интеграциялаудың жаңа тұжырымдамасын талқылап, мектеп оқулықтары мен ЖОО білім беру бағдарламаларын жаңғыртуға бағытталған маңызды қарар қабылдады, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Халықаралық басқосу Алтын Орданың ортағасырлық Еуразия тарихындағы, соның ішінде қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуындағы іргелі рөлін заманауи ғылыми жетістіктер тұрғысынан зерделеуді мақсат етті. Жиында университеттің Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан, Түркияның Анкара университетінің профессоры Абдуллах Гюндогду, белгілі тарихшы Қанат Өскенбай, Абай атындағы ҚазҰПУ доценті Факия Шамшиденова, сондай-ақ тарих пәнінің мұғалімдері мен докторанттар баяндама жасады. Спикерлер Жошы ұлысының тарихнамасы мен оны бүгінгі буынға оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін жан-жақты талдады.

    Ғылыми жиында қабылданған қарардың басты бағыттарының бірі – тарих пәнінің оқытудың жүйесін жаңғырту. Ғалымдар мен мұғалімдер «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқулықтарындағы Алтын Орда тарихына қатысты тарауларды түбегейлі қайта қарауды ұсынды. Жаңа тұжырымдамаға сәйкес Ұлық ұлыс тек жаулаушы әскери мемлекет емес, дамыған қала мәдениеті, өркендеген сауда жүйесі, озық дипломатиясы мен бірегей құқықтық институты қалыптасқан ортағасырлық өркениет ошағы ретінде сипатталуы тиіс. Оқу үдерісін заман талабына сай цифрландыру үшін интерактивті карталар, маңызды тарихи нысандардың 3D модельдері мен деректі-танымдық анимациялық материалдарды енгізу де қарастырылды.

    ​Сонымен қатар, жоғары білім беру бағдарламаларының мазмұнын тереңдету мақсатында маңызды қадамдар жасалмақ. Жиында Еуразия кеңістігіндегі тарихи процестерді терең түсіндіру үшін жоғары оқу орындарында «Алтын Орда: мемлекет, қоғам, мәдениет» атты міндетті базалық пән енгізу туралы бастама көтерілді. Оған қоса, тарих бағытында бакалавриат және магистратура деңгейінде Жошы ұлысының тарихнамасы, деректануы мен археологиясына арналған элективті пәндік бағдарлама әзірленеді. Студенттер мен жас зерттеушілердің ортағасырлық жазба дереккөздерімен тікелей жұмыс істеу дағдыларын арттыру үшін ғылыми-практикалық семинарларды тұрақты ұйымдастыру да жоспарланған.

    Аталған стратегиялық міндеттерді үйлестіру және халықаралық ғылыми-сараптамалық хаб қалыптастыру мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық факультеті жанынан «Алтын Орда өркениеті және Шығыс қолжазба мұрасы» ғылыми-зерттеу орталығы құрылады. Бұл орталық талантты жас ғалымдарға қолдау көрсетіп, археологиялық экспедицияларға, шетелдік мұрағаттардағы зерттеу жұмыстарына тартумен және академиялық ұтқырлықты қамтамасыз етумен айналысады.

    ​Абай университеті аталған барлық маңызды бастамалардың орындалуын бақылайтын және үйлестіретін негізгі орталық ретінде жұмыс істейді. Дөңгелек үстелде қабылданған қорытынды қарар Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне, Оқу-ағарту министрлігіне және Ұлттық білім академиясына қарауға және іс-тәжірибеге енгізуге жолданады.

    ​

    Абай университеті Алтын орда ғылым тарих

    Оқылып жатыр

    Халық үшін тағы бір төлем: электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

    30.06.2026

    Жолаушылардың көз алдында ұшақты жөндеген: Air Astana борты 1 тәуліктей кешігіп ұшты

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026

    Қауіпті қарбыз: министрлік ескерту жасады

    14.07.2026

    Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

    14.07.2026

    ҚТЖ тағы да сынның астында

    14.07.2026

    Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

    14.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.