Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
«Қазақстан Президенті Жақсы ауданындағы «Айбат» ЖШС-ның егіс алқабында болып, егін орағының барысын бақылайды. Сондай-ақ, жекеменшік спорт мектебі мен «ТНК» агрофирмасының «Урожай» серіктестігіне қарасты ауылшаруашылық өндірісі кешеніне барады», — деп жазды Берік Уәли.