Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдап, ведомствоның негізгі міндеттерін айқындады, деп хабарлайды Tarazy.kz
Кездесуде Мемлекет басшысы мәдениет пен креативті индустрияны одан әрі дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау және оны кеңінен насихаттау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ Қазақстан мәдениетін халықаралық аренада дәріптеудің маңызын атап өтті.
Президент мемлекеттік ақпараттық саясатқа да ерекше назар аударды. Оның пікірінше, отандық ақпарат кеңістігін жандандыру қажет. Бұл ретте заң жобалау жұмысын қазіргі цифрлық тәуекелдерді ескере отырып жетілдіру маңызды.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.
Сондай-ақ жастардың жасампаз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау қажеттігін атап өтті.
