Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

    02.07.2025

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Жұма, 4 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

      02.07.2025

      Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

      27.06.2025

      Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

      12.06.2025

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев Алматы тұрғындарымен кездесті

    Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев Алматы тұрғындарымен кездесті

    Басты тақырып 15.11.2024
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2024 жылғы 15 қарашада ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Алматыда тұрғындармен кездесу өткізді. Іс-шара барысында министр қаланың көлік инфрақұрылымы мен жолдардың сапасын, мегаполистің транзиттік мүмкіндіктерін жақсартуға қатысты бастамаларды талқылады, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.

    Кездесуде Алматының көлік желісін жүктемеден босату үшін қабылданған шаралар атап өтілді. Соның ішінде, 2023 жылы ашылған БАКАД (Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы) жобасының нәтижелері айтылды. Бұл жол қаланың экологиясын жақсартып, көлік кептелісін азайтуға айтарлықтай әсер етті. Қазіргі уақытта транзиттік тасымалдардың шамамен 40%-ы Алматы орталығын айналып өтеді, бұл көлік қозғалысын жеңілдеткені белгілі болды.

    Министр, сонымен қатар, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, қоғамдық көлік жүйесін жаңғырту, жолдарды жөндеу және әуежай қызметтерін дамыту бойынша жоспарларды таныстырды. Халықтың ұсыныстары мен сын-пікірлері алдағы жұмыс жоспарларын құруда ескерілетінін айтты. Тұрғындардың бірі қала жолдарының сапасына қатысты сауал қойды. Министр Марат Қарабаев автомобиль жолдарының сапасы қатаң бақылауда екенін атап өтті.

    “Жолдардың жай-күйі және сапасы екі түрлі ұғым. Халық соны дұрыс түсіну қажет. Бізде жаңа салынып жатқан жолдар мен орташа жөндеудегі жолдардың сапасын тексеріп, сараптама жасайтын мекеме — Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы. Әр өңірде мекеменің филиалы бар. Қажетті сынамалар мен сараптамаларды тыңғылықты жүзеге асырып, қорытындысын береді. Ал аталған мекеменің қорытындысы болмаса құрылыс болған немесе жөндеу жасалған жол қабылданбайды”, — деді Көлік министрі.

    Кездесулер осындай форматта еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасуда. Бұл халықпен ашық диалог құруды және көлік саласындағы түйткілдерді шешуге бағытталған үкіметтің бастамасы.

    Алматы Жол активтері Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Жолсапа Көлік министрі Марат Қарабаев

    Оқылып жатыр

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

    02.07.2025

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

    02.07.2025

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.