Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді, деп хабарлайды Tarazy.kz
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 115 млн тонна көмір өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға көп.
Өндірілген көмірдің 85 млн тоннасы ішкі нарық пен коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге бағытталған. Тағы 30 млн тонна көмір экспортқа шығарылған.
Қазақстан көмірінің негізгі экспорттық бағыттары қатарында Ресей, Польша, Өзбекстан, Түркия, Үндістан және Малайзия бар.
Сарапшылардың мәліметінше, қазіргі қор көлемін ескерсек, Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетуі мүмкін.
