Қазақстанға тауық жұмыртқасын шетелден тасымалдауға жарты жылдық мерзімге тыйым салынды, деп хабарлайды Tarazy.kz.
Бұл туралы тиісті бұйрықта айтылған.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін үшінші елдерден және ЕАЭО мемлекеттерінен барлық көлік түрімен жаңа піскен тауық жұмыртқасын әкелуге шектеу қойылды.
Сонымен қатар, Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтетін жұмыртқаларға, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан екінші мемлекетке Қазақстан арқылы тасымалданатын өнімдерге бұл тыйым қолданылмайды.
Аталған бұйрық 21 сәуірден бастап күшіне енді.
