Close Menu
    Оқылып жатыр

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Қазақстан Ресейге электр энергиясын экспорттамақшы

    10/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 11 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026

      Қазақстан Ресейге электр энергиясын экспорттамақшы

      10/11/2026

      Жылыту маусымының уақыты өзгеруі мүмкін

      10/11/2026

      Қазақстанда 5 адамның құтқарылуы Илон Маск назарын аударды

      09/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Құрылтай депутаттары да жазаланады

    Құрылтай депутаттары да жазаланады

    Жаңалықтар 10/09/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Құрылтай депутаттарының БАҚ-қа және өз сөздерінде тек тексерілген әрі шынайы ақпарат беруі міндетті, талапты бұзған депутатқа депутаттық этика аясында жаза қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева Құрылтайдағы брифингте депутаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына берген мәліметтеріне де талап қойылатынын айтты.

    «Депутат өз сөзінде, бұқаралық ақпарат құралдарына берген жауабында міндетті түрде тексерілген, шынайы ақпарат ұсынуы керек. Бір нәрсе орындалмай жатқанын айтып немесе қандай да бір деректі келтіріп, оның шынайы болмауы да депутаттық әдепті бұзу болып саналады», – деді Еспаева.

    Оның айтуынша, мұндай және өзге де тәртіп бұзушылықтарды депутаттық әдеп жөніндегі кеңес қарайды. Кеңес депутатқа қатысты тиісті шара қолдану туралы шешім қабылдайды.

    Жаңа «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңға сәйкес, депутаттық әдепті бұзғандарға бірнеше жаза түрі қарастырылған. Оның ішінде сөгіс жариялау, көпшілік алдында кешірім сұрату, Құрылтайдың бір отырысында немесе кейінгі үш отырысында сөз бермеу, отырыстан шығару және бір күндік жалақысынан айыру бар.

    Еспаеваның сөзінше, депутаттық әдепті бұзу тек жалған ақпарат берумен шектелмейді. Мәселен, сөз сөйлеп жатқан адамға негізсіз ескерту жасау да әдеп талаптарын бұзу болып есептеледі.

    «Егер депутаттардың сөзінде әріптестерінің немесе басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне тиетін қорлау сөздері айтылса, бұл, әрине, депутаттық әдепті бұзу болып саналады», – деп түсіндірді Құрылтай төрағасының орынбасары.

    Сонымен қатар депутаттық әдеп талаптары депутаттарға тек жұмыс барысында немесе жұмыс топтарының отырыстары кезінде ғана емес, одан тыс уақытта да қолданылады.

    депутат жалған ақпарат жауапкершілік құрылтай

    Оқылып жатыр

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Қазақстан Ресейге электр энергиясын экспорттамақшы

    10/11/2026

    Жылыту маусымының уақыты өзгеруі мүмкін

    10/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Қазақстан Ресейге электр энергиясын экспорттамақшы

    10/11/2026

    Жылыту маусымының уақыты өзгеруі мүмкін

    10/11/2026

    Қазақстанда 5 адамның құтқарылуы Илон Маск назарын аударды

    09/11/2026

    Қазақстанда облигацияларға кепілдік беретін қор құрылуы мүмкін

    09/11/2026

    Қазақстаннан шетелге қаржы аудару азайған

    09/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.