Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 14 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

      12/10/2026

      Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

      12/10/2026

      Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

      12/10/2026

      Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

      12/10/2026

      Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

      12/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Қымбаттап кеткен». Журналист Шымбұлақта қазақстандықтар үшін бөлек тариф енгізуді ұсынды

    «Қымбаттап кеткен». Журналист Шымбұлақта қазақстандықтар үшін бөлек тариф енгізуді ұсынды

    Басты тақырып 13/01/2026
    gov.kz, istockphoto.com
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Журналист Сая Манарбекқызы “Шымбұлақ” тау-шаңғы курортының бағасы жыл сайын қымбаттап, қарапайым қазақстандықтар үшін қолжетімсіз болып бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Оның сөзінше, бүгінде “Шымбұлақ” туристерге арналғандай әсер қалдырады. Журналист бағаның өсуін қосылған құн салығының (ҚҚС) өзгеруімен байланыстыру қисынсыз екенін алға тартты.

    Айтуынша, 2025 жылы аспалы жолмен жоғары көтерілу құны 10.800 теңге болған, ол кезде ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайыз еді. Ал 2026 жылдан бастап ҚҚС 16 пайызға көтерілгенімен, баға 4 пайызға емес, шамамен 25 пайыз өскен.

    “Қазір екі кезекке бір адам үшін билет құны 10 мың теңгеге жетті. Екі адамға – 20 мың теңге. Бұл баға мереке күндері 11 қаңтарға дейін сақталды. 12 қаңтардан бастап 8 мың теңгеге түсті. Бірақ бұл бағаның өзі көптеген қазақстандық үшін қолжетімсіз”, – деді ол.

    Манарбекқызының сөзінше, курорт аумағында тек шаңғы тебу емес, тамақтану құны да қымбат. Бұған дейін ол әлеуметтік желілерде бір стақан шайдың бағасы 5 мың теңге екені туралы видео тарағанын да еске салды.

    Осыған байланысты журналист қоғамда екі түрлі тариф енгізу туралы ұсыныстар айтылып жатқанын жеткізді. Айтуынша, бірінші тариф Қазақстан азаматтары үшін қолжетімді болуы керек. Ал екіншісі, яғни туристерге арналғанын қымбатырақ белгілеуге болады.

    «Мұндай тәжірибе көптеген елде бар. Біз шетелге барғанда турист ретінде қымбат төлейміз, оған қарсылық білдірмейміз. Бірақ өз елімізде қарапайым азаматтардың да демалып, таза ауа жұтып, қолжетімді бағамен тамақтанып, мүмкін болса, шаңғы тебуіне жағдай жасалуы керек”, – деді ол.

    Журналист айлық табысы 100 мың теңге шамасындағы адамдар, көпбалалы отбасылар немесе несиесі бар азаматтар үшін “Шымбұлақта” демалу мүмкін емес екенін атап өтті.

    Сондай-ақ ол Көкжайлау мәселесіне де тоқталып, бұл аймақтың халық үшін қолжетімді демалыс орны болып қалуы маңызды екенін айтты.

    “Көкжайлау – адамдардың тегін тауға шығып, демалатын жалғыз орындарының бірі. Ол балаларға, қарттарға, отбасыларға арналған демалыс орны. Егер ол да коммерциялық жобаға айналса, қарапайым халық тағы бір мүмкіндігінен айырылады”, – деді Сая Манарбекқызы.

    Ол екі тарифтік жүйе енгізу мәселесін талқылауға шақырып, қоғам пікірінің маңызды екенін атап өтті.

    Оқылып жатыр

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

    12/10/2026

    Қымбат үй мен көлік — тексеріске негіз болмақ

    10/10/2026

    АҚШ президенті ғылымды дамытуға 100 млн$ бөлді

    08/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.