Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялық өндіріс бойынша келісім жасасты

    17.07.2026

    6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

    15.07.2026

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 17 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялық өндіріс бойынша келісім жасасты

      17.07.2026

      6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

      15.07.2026

      Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

      14.07.2026

      Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

      14.07.2026

      Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

      14.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Республикалық «AQYL BATTLE CUP» сайысы өтеді

    Республикалық «AQYL BATTLE CUP» сайысы өтеді

    Өңір тынысы 26.04.2023
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Aqyl Battle қосымшасының негізінде республикалық «AQYL BATTLE CUP» сайысы өтпек. Бұл туралы жобаның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

    Жалпы жүлде қоры: 2 миллион 600 мың теңге. Сайысқа 14-35 жас аралығындағы жастар қатысады.
    Сайыс 3 кезеңнен тұрады:
    1. Aqyl Battle қосымшасының ішінде онлайн іріктеу;
    2. Бұл кезеңге 20 өңірден 100 үздік ойыншы іріктеледі. Әр облыс орталығында оффлайн турнир өтеді. Мысалы, Ақтөбе облысының ойыншылары Ақтөбе қаласына келіп ойнайды.
    3. Екінші кезеңнен үздіктер іріктеліп, команда құралады. Үшінші кезең Астана қаласында сайыс өтеді. Оған әр өңірден 6 қатысушы, жалпы 120 ойыншы қатысады.

    Яғни бірінші кезеңде онлайн форматта әр адам жеке қатысады. Соңғы 2 кезеңде іріктелген адамдар арасында командалық ойын өтеді.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от AQYL BATTLE (@aqyl.battle)

    ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізіледі. Алдағы уақытта толық шарттарымен таныс боласыздар. Посттар мен стористерді жіберіп алмаңыздар.

    Aqyl Battle — интеллектуалдық мобильді ойын, еліміздегі ең ірі IT жобалардың бірі. 2022 жылдың күзінде халыққа ұсынылып, жарты жыл ішінде 555 мыңнан астам адам жүктеп алды, 30 миллионға жуық ойын ойналды.

    Aqyl Battle 30 түрлі саланың қызықты сұрақтарын қамтиды. Ойыншылар өзара батл форматында сұрақтарға жауап беріп жарысады. Ойында жинаған ұпайларды Aqyl Жұма деп аталатын онлайн жәрмеңкеде түрлі бағалы сыйлықтарға айырбастауға болады. 31 наурыз бен 10 сәуір аралығында алғашқы жәрмеңке өтті. Сыйлықтар қатарында iphone 14, Дубай, Абу-Даби қалаларына саяхатқа жолдамалар, АҚШ, Еуропа елдеріндегі үздік университеттерге грантқа түсуге дайындайтын курстар, тұрмыстық техникалар үлестірілді.

    Аталмыш жобаны идеология ретінде қарастыруға болады. Ондағы сұрақтар тарихтан бастап түрлі тақырып төңірегінде болады. Мысалы, ұмыт болған салт-дәстүрлер, ағылшын тілін меңгеру, қаржылық сауатты арттырып, алғашқы медициналық көмек туралы да білуге болады.
    Қазақ тілді жоба интернетте бірқатар танымал ойындарды артта қалдырып, рейтингте бірінші орынға да шыққан.

    «Бастапқы ойымыз қазақша викториналық ойын жасау болды. Ойлағанымыз іске асты. Алдағы уақытта қазақша контент те, оны тұтынатын аудитория да өсе береді. Бұл дегеніміз, қазақша IT жобаларға да сұраныс артатынын көрсетеді. Біз осыны ескере отырып Aqyl Battle-ды жасадық. Нәтижесі де біз күткеннен әлдеқайда жоғары болды. Garena, Durak, Roblox сынды ойындарды артта қалдырып, Қазақстанда ең көп жүктелген ойындар қатарында App Store мен Play Market-те бірінші орында тұрмыз», – деді IT маманы Айболат Құлатай.

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялық өндіріс бойынша келісім жасасты

    17.07.2026

    6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

    15.07.2026

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026

    Қауіпті қарбыз: министрлік ескерту жасады

    14.07.2026

    Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

    14.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.