Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстан астық экспортын 12,7%-ға арттырды: бұл — рекордтық көрсеткіш

    18.03.2026

    Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды

    18.03.2026

    Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесі биік — Дәурен Абаев

    17.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 18 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстан астық экспортын 12,7%-ға арттырды: бұл — рекордтық көрсеткіш

      18.03.2026

      Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды

      18.03.2026

      Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесі биік — Дәурен Абаев

      17.03.2026

      Қазақстанда өндіріс көлемі төмендеп кеткен

      17.03.2026

      Референдум нәтижесі жария болды

      17.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сапарбаев: Билік пен халық арасындағы байланыстырушы көпір – бұқаралық ақпарат құралдары ортақ істен тыс қалмауы керек

    Сапарбаев: Билік пен халық арасындағы байланыстырушы көпір – бұқаралық ақпарат құралдары ортақ істен тыс қалмауы керек

    Өңір тынысы 11.06.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысы бойынша бүгінгі таңда 894 ҮЕҰ жұмыс істейді десек, олардың белсенділері маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға тұрақты түрде атсалысып келеді. Биыл 130-дан астам жобаны іс жүзінде нақты жүзеге асыруға бюджеттен бір миллиард теңге бөлінген. Жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдар қоғамдағы мәселелерді бірлесе шешуі тиіс. Бұл туралы өңірдегі қоғамдық бірлестіктердің жетекшілерімен өткен кездесу барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев баса айтты.

    Аймақ басшысының қоғамдық бірлестіктер жетекшілерімен алғашқы ресми кездесуі болғандықтан басқосуда сөз алғандардың қарасы қалың болды.

    Облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлдара Нұрымова бірлестіктің жұмысы туралы қысқаша баяндады. Сонымен қатар ол әйелдер альянсы биліктің өкілетті органдарындағы өз үлесін арттыруға ниетті екендігін жеткізді.
    «Алдағы Мәслихат сайлауында біз депутаттық мандаттардың кем дегенде 30 пайызын иеленуге ниеттіміз», — деді ол.

    Өңірдегі тағы бір қоғам белсендісі Айнұр Заурбекова билік пен ҮЕҰ арасындағы тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз ете түсудің маңыздылығына тоқталды. Ол облыс басшылығына «Ортақ мақсат үшін қайта іріктеу» атты жобасын ұсынды.

    Кездесуге қатысушылар қоғамдағы түрлі өзекті мәселелерге қатысты орамды ойларын ортаға салды. Айталық, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев ақсақалдардың тілегі ретінде жастарды қазақстан әскеріне көптеп тартуды ұсынды. Оның пікірінше, бұл олардың жұмыссыздық мәселесін шешуге ықпал етіп, әскери қызмет жастардың физикалық дамуына оң әсерін тигізбек.

    «Жастар-Зерттеу» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Парида Мамедова коронавирустық пандемияға байланысты туындаған проблемалар бойынша жүргізілген мониторинг қорытындысымен бөлісті. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы қажеттіліктері мен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы тілге тиек етті. Проблемалық мәселелер ретінде ол медициналық мекемелерде білікті мамандардың жетіспеушілігін, мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды түсіндіру бойынша биліктің әлсіз жұмысын атап өтті.

    Сондай-ақ, басқосу барысында, халыққа жалған ақпарат тарататын кейбір әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға қатысты заңнамалық деңгейдегі жауапкершілікті арттыру қажеттігі айтылды.

    Кездесу соңында Бердібек Сапарбаев азаматтық сектор көшбасшыларын жергілікті атқарушы органдармен тығыз және нәтижелі жұмыс істеуге, проблемалық мәселелерді бірлесіп шешуге шақырды.

    — Билік пен халық арасындағы байланыстырушы көпір – бұқаралық ақпарат құралдары ортақ істен тыс қалмауы керек, — деді ол.

    БАҚ Бердібек Сапарбаев

    Оқылып жатыр

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026

    Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

    15.03.2026

    Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

    13.03.2026

    Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

    13.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан астық экспортын 12,7%-ға арттырды: бұл — рекордтық көрсеткіш

    18.03.2026

    Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды

    18.03.2026

    Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесі биік — Дәурен Абаев

    17.03.2026

    Қазақстанда өндіріс көлемі төмендеп кеткен

    17.03.2026

    Референдум нәтижесі жария болды

    17.03.2026

    Түркістанда пара алу сәтінде ұсталған полицей жазадан құтылып кетті

    17.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.