Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 26 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сапарбаев салынып жатқан нысандардың сапасын өзі тексеретінін айтты

    Сапарбаев салынып жатқан нысандардың сапасын өзі тексеретінін айтты

    Өңір тынысы 28.04.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдікті сақтау, ветеринарлық қауіпсіздік және идеологиялық жұмыстар барысы қаралды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

    Аппараттық кеңесте ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов ағымдағы жылы атап өтілетін мерекелер мен мерейтойлар, «Бейбітшілік пен келісім», «Сөзден іске» және т.б. жобалар шеңберінде жоспарланған іс-шаралар және атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ, ол корановирустық инфекциямен күрес, карантин жағдайында облыс тіршілігін БАҚ-та жариялау, дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу және тағы басқа көптеген мәселелер бойынша жан-жақты тоқталып өтті.

    Дауыл Бейсенқұлов тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, ерекше көзге түскендерді және азаматтардың өтініштеріне жауап беруге асықпайтын әкімдіктерді атап көрсетті.

    Өз кезегінде облыс әкімі ішкі саясат бастығына былай деді: «Қазіргі уақытта сауатты ақпараттық саясат ерекше маңызға ие. Тұрғындарды толғандыратын тақырыптарда көбірек әлеуметтік сауалнама жүргізу қажет. Азаматтардан келіп түсетін барлық мәселелерге талдау жүргізетін және оларды шешу үшін тиісті шаралар әзірлейтін 109 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істеуі тиіс. Облыстың бірегей туристік нысандарын еліміздің барлық аймағына дұрыстап көрсете білуіміз керек. Келесі міндет – теледидар мен газеттерде жаңа бағдарламалар мен айдар ашу болып табылады. Жастар үшін үлгі болатын еңбек адамдары, әлеуметтік жауапты бизнесмендер туралы сюжеттер мен мақалалар аз».

    Реті келгенде айта өтерлігі, өңірімізде мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілетін конкурстарды негізінен жергілікті кәсіпорындар ұтуда екен. Бұл тек экономика үшін ғана емес, әлеуметтік сала үшін де оң әсер етіп отырғаны айтылды. Салық жергілікті бюджетке түседі, ал жаңа жұмыс орындарында жергілікті тұрғындар еңбек ете бастайды.

    Аппараттық кеңесті Бердібек Сапарбаев былай қорытындылады.

    — Тек бюджетке ғана қарап отыруға болмайды, басқа да қаржыландыру көздерін белсенді түрде іздестіру керек. Демеушілермен жұмыс істеу, тікелей инвестициялар тарту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту. Аудан әкімдері шаруа қожалықтарының минералдық тыңайтқыштарын сатып алуы, өндірілетін асфальттың, басқа да құрылыс материалдарының сапасын бақылауда ұстауы қажет. Бос жиналыстардың санын қысқартып, кәсіпорындарға жиі бару керек. Жауапты тұлғалар тарапынан берілген тапсырмалардың іске асырылуына талдау мен бақылау аз. Барлық жағдай жасалған, ақша аударылды, тек жұмыс істеңіздер. Мен салынып жатқан нысандардың сапасын жеке өзім тексеретін боламын.

    ауыл шаруашылығы Бердібек Сапарбаев құрылыс

    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.