Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде әйелдерге арналған EMBA бағдарламасы ашылды

    12.03.2026

    Енді «қауіпті контентті» бөліссең де жауапқа тартылуың мүмкін

    12.03.2026

    Ұлттық банк тұрғын үй бағасына әсер ететін негізгі факторларды атады

    12.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 12 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Енді «қауіпті контентті» бөліссең де жауапқа тартылуың мүмкін

      12.03.2026

      Ұлттық банк тұрғын үй бағасына әсер ететін негізгі факторларды атады

      12.03.2026

      Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке ота жасалды

      12.03.2026

      “Ақылды камералар” іске қосылды: Жолда абай болыңыз!

      12.03.2026

      Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік ғимаратын жөндеуге 156 млн бөлінген

      12.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026

      Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

      26.02.2026

      Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

      24.02.2026

      Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайғаны айтылды

      24.02.2026

      Табиғатты қорғаудан тұрақты туризмге дейін: Іле Алатауының 30 жылдық жолы

      20.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сапарбаев Жуалы ауданында дала жұмыстарының жай-күйімен танысты

    Сапарбаев Жуалы ауданында дала жұмыстарының жай-күйімен танысты

    Өңір тынысы 26.06.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жуалы ауданына жұмыс сапарымен барды.

    Аудан диқандары жыл сайын көл-көсір өнімге қол жеткізіп, қамбаларын толтырып алады. Бұған әуелі өздерінің еткен еңбектерімен жетсе, екінші жағынан мемлекет тарапынан берілетін көмек те оң септігін тигізуде.

    Ауданға ат басын бұрған аймақ басшысы алдымен Нұрлыкент ауылындағы «Гамбург» ЖШС-не барды. Егор Кох басқаратын серіктестік негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Мал азығын да өздері дайындайды. Ол үшін агроқұрылымда  1253 гектар суармалы жер қарастырылып, жаңбырлатып суару қондырғыларымен жарақтандырып қойыпты.

    Айта кетерлігі, шаруашылық бүгінде 600 гектар жерге арпа-бидай егіп отыр. Ондағы өнімді күзге дейін орып алып, орнына жүгері егеді екен. Сонда бір жерден екі өнім түрін алады. Серіктестіктің бұл бастамасын өңір басшысы жоғары бағалап, жұмыстарына табыс тіледі.

      Мұнан соң облыс әкімі аталған ауылдағы «Бәйтерек» шаруа қожалығына да барды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын қожалықтың негізгі егетін көкөніс түрі орамжапырақ екен.

      – Қазіргі таңда шаруашылық құрамында 7 отбасы еңбек етеді. Басты егетініміз «Пекиндік» және жергілікті орамжапырақ түрлері. Ол көкөніс түрі 11 гектар аумақты алып жатыр. Оған сұраныс та жоқ емес. Жыл сайын көршілес Түркістан облысы мен өзіміздің аймақты қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар 10 гектар жерге қосымша картоп пен сәбіз де егеміз. Су жағынан ешқандай мәселе жоқ, – дейді шаруа Бақтияр Қалыбеков.   

      Қожалықтың егіс даласымен толықтай танысып шыққан Бердібек Сапарбаев мемлекет тарапынан берілетін субсидия мәселесін сұрады. Аймақ басшысының сауалына Нарбай Ергебеков жауап беріп, диқандар тыңайтқыш пен жанар-жағармайды субсидия арқылы еш қиындықсыз алатынын жеткізді.

    Бұдан соң өңір басшысы Шақпақ ата ауылында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы жүзеге асып жатқан ауыз су құрылысының жүйесіне қанықты. Бүгінде құрылысын «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС жүргізіп жатқан нысанға биыл республикалық бюджеттен 164,1 миллион теңге бөлінген  екен. Осы жылдың сәуір айында басталған құрылыс келер жылы толықтай аяқталмақ. Бердібек Мәшбекұлы мердігер компания өкілдеріне жұмысты талапқа сай  жүргізілуін ескертсе, аудан әкіміне сапасын қатаң бақылауды тапсырды.    

      Келесі кезекте аймақ басшысы қысқы және жазғы спорттық демалысқа арналған «Қаралма» тау шаңғысы кешенінде болды. Бүгінгі күні кешен аумағына инфрақұрылым толықтай жүргізіліп қойыпты. Сонымен қатар арқан жол мен 20 коттедждің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша кешеннің құрылыс жұмыстары қазан айында толықтай аяқталуы тиіс. Келесі кезекте  демалыс аймағының  жұмысын үйлестіру үшін арнайы техникалар алу көзделіп отырған көрінеді.

      Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Түктібай ауылындағы «Злиха» шаруа қожалығының егіс даласына барды. Қожалық жетекшісі Керімқұл Бегалиев 70 гектарға картоп, 100 гектарға арпа, 147 гектарға көп жылдық шөп егетіндіктерін жеткізді. Сондай-ақ ол картопқа органикалық тыңайтқыштар қолданатынын атап өтті. Өз кезегінде облыс әкімі қожалықтың бұл әдісін жоғары бағалап, өзге шаруаларға да үлгі ету қажеттігіне тоқталды.

      Сонымен қатар Бердібек Мәшбекұлы «Боранды» шаруа қожалығының еккен мақсары дақылының жай-күйімен танысты. Жалпы 50 гектар жерге егілген дақылдан қожалық жетекшісі 20 центнер өнім алуды жоспарлап отырған көрінеді. Қожалыққа өнімді өткізу де мәселе емес. Себебі өндірілген өнімді алысқа сабылмай-ақ аудан орталығындағы май өңдеу цехына өткізеді. Дейтұрғанмен аймақ басшысы аудан әкімі Нарбай Ергебековке сол май өңдеу цехының жұмысын «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы жандандыруды тапсырды.

      Сондай-ақ Бердібек Сапарбаев Қызыларық ауылындағы «Қуана-Бер» шаруа қожалығының да тыныс-тіршілігіне қанықты. Өткен жылы құрылған қожалық биыл 11 гектар жерге сарымсақ егіпті. Алғаш рет ат шаптырым жерге сарымсақ еккен қожалық басшысы Жарқын Қалтаевтың алға қойған жоспары айқын. Өйткені сарымсақ арқылы мол пайда табуға болатынына көзі жеткен ол болашақта өнімінен ұнтақ жасауды жоспарлап отыр. Диқанның еңбегіне жоғары бағасын берген аймақ басшысы аудан әкіміне сарымсақ егетін шаруалардың санын көбейту туралы ұсынысын жеткізді.

      Өңір басшысы аудандағы жұмыс сапарын Ақтөбе ауылындағы «Атамекен Бастау» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінде қорытындылады. Ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартуға бағытталған пилоттық жобасы арқылы жұмысын жандандырып отырған кооператив 1045 гектар арпа, 328 гектар көп жылдық шөп, 50 гектар сүрлемдік жүгері егіпті. Бірлестік басшысы Зайырбек Сұлтанмұратовтың сөзінше, пилоттық жоба 93,8 миллион теңгеге алынған техникалар арқылы аталған жерді оңай игеріп отырған көрінеді. Сонымен қатар жоба аясында үй іргесіндегі жерлер де тиімді игеріліп, мал басы мыңдап артыпты. Дегенмен облыс әкімі кооперативке үлкен сенім артылып отырғанын баса айтты.

    Бердібек Сапарбаев Жуалы ауданы

    Оқылып жатыр

    Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

    04.03.2026

    Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

    26.02.2026

    Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

    24.02.2026

    Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайғаны айтылды

    24.02.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде әйелдерге арналған EMBA бағдарламасы ашылды

    12.03.2026

    Енді «қауіпті контентті» бөліссең де жауапқа тартылуың мүмкін

    12.03.2026

    Ұлттық банк тұрғын үй бағасына әсер ететін негізгі факторларды атады

    12.03.2026

    Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке ота жасалды

    12.03.2026

    “Ақылды камералар” іске қосылды: Жолда абай болыңыз!

    12.03.2026

    Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік ғимаратын жөндеуге 156 млн бөлінген

    12.03.2026

    Мұнай қымбаттаса да жанармай бағасы өзгермейді — министр

    12.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.