Close Menu
    Оқылып жатыр

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Жексенбі, 1 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

      13.05.2025

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сарыбеков мәслихат хатшысы болып сайланды

    Сарыбеков мәслихат хатшысы болып сайланды

    Өңір тынысы 15.01.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгін жетінші шақырылымдағы Жамбыл облыстық депутаттарының алғашқы сессиясы өтті. Сессияда мәслихат хатшысы болып Махметғали Сарыбеков сайланды. Бірінші сессияны Мұқаш Ескендіров жүргізді.

    Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков 1956 жылы 22 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгер (қазір – Төле би) ауданы, Қазығұрт ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Жамбыл педагогикалық институтының физика-математика факультетін «Физика» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты. Студенттік жылдары «Қазақстан мектебі», «Студенческий меридиан» журналдарында табиғатты қорғау және оны тиімді пайдалану, экология проблемаларының педагогикалық аспектілері жайында мақалалары жарық көрді.

    Педагогика және психология проблемалары жөніндегі студенттік жұмыстардың Бүкілодақтық /Махачкала, 1974ж./ және жас ғалымдардың Республикалық байқауларына /1978ж./ қатысып, жеңімпаз атанды. Ұстаздық еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Ванновка ауылының М.В.Ломоносов атындағы орта мектебінде мұғалім болып бастады.

    1978-1981 жылдары ауылдық жалпы білім беру мектебінде жұмыс істеп, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді: шәкірттері бірнеше рет физика пәні бойынша өткізілген республикалық, облыстық, аудандық олимпиадалардың жүлдегерлері атанды. «Менің Отаным – КСРО» пионерлер мен оқушылардың Бүкілодақтық экспедициясы шеңберінде жұмыс істейтін оқушылардың туристік-өлкетану тобының жетекшісі болды.

    1981 жылы Мәскеу қаласында КСРО Педагогика Ғылымдары Академиясына Оқытудың мазмұны мен әдістемесі ғылыми зерттеу институты аспирантурасының күндізгі бөліміне түсіп, «Методика экологического воспитания младших школьников при обучении курсу природоведения во 2-4 классах» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын мерзімінен бұрын қорғап шықты.

    1984-1996 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында аға оқытушы, «Педагогика» кафедрасының доценті, «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, педагогика факультетінің деканы, оқу жұмыстары жөніндегі проректор қызметін атқарды.

    1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің докторантурасына түсіп, «Теория и практика экологической подготовки будущих учителей» тақырыбында мерзімінен бұрын докторлық диссертациясын қорғап шықты.

    1998-2001 жылдары Л.М. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор, оқу жұмыстары жөніндегі проректор қызметін атқарды.

    2001-2004 жылдары – Еуразия гуманитарлық институтының ректоры /Астана қ./. 2004 жылдың наурыз айынан бастап 2009 жылдың қараша айына дейін – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры. 2009 жылдың 16 қарашасынан 2012 жылдың қарашасына дейін Қазақстан Республикасының Білім жіне ғылым вице-министрі болып қызмет атқарды. Министрлікте мектепке дейінгі және орта білім, жастар саясаты және тәрбие жұмысы, балалардың құқықтарын қорғау салаларын басқарды.

    Заң шығару тәжірибесі бар: Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы», «Білім туралы», «Назарбаев университет, Назарбаев зияткерлік мектептері, Назарбаев Қоры» туралы заңдарын дайындаған Министрліктің жұмыс тобын басқарды. 2012 жылдың қараша айынан бастап М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректорының міндетін атқарушы. 2013 жылдың қаңтар айынан бастап М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры. 2013 жылдың сәуір айынан бастап Оңтүстік аймақтық ректорлар кеңесінің төрағасы.

    Жамбыл облысы мәслихат тағайындау

    Оқылып жатыр

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025

    Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

    03.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.