Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 14 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

      12/10/2026

      Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

      12/10/2026

      Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

      12/10/2026

      Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

      12/10/2026

      Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

      12/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сайлауда мүгедек жандарға барлық жағдай жасалады

    Сайлауда мүгедек жандарға барлық жағдай жасалады

    Саясат 22/04/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау туралы меморандумға қол қойылды.

    Құжатқа қол қою рәсіміне орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев пен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қатысты.

    Елімізде 680 мың мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 500 мыңы дауыс беруге құқылы. Сондықтан еңбек министрі сайлау учаскелерінде мүгедек жандарға қолайлы жағдай жасау үшін жергілікті органдармен бірігіп жұмыс істейтінін атап өтті.

    «Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы туралы конвенцияны мақұлдай отырып, Қазақстан өзіне міндеттемелер алды. Сондықтан 2 жыл бойы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірігіп, жұмыс жүргіздік», — деді орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев.

    Кезектен тыс президент сайлауына дейін сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдай жасалуы шарт. Бұл жұмыстарды жергілікті атқарушы билік жүргізуі қажет.

    «Осыған дейін «Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Ол бойынша жергілікті атқарушы органдар сайлау учаскелерін дайындаған кезде мүгедектерге арнайы жағдай жасауы керек. Сайлауға келген көзі көрмейтін, құлағы естімейтін және арбаға таңылған азаматтарға жеке-жеке тиімді қызмет көрсетуге мүмкіндік жасадық», — деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен.

    Айта кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы үндеу жасап, 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтетінін мәлімдеген еді.

    Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, еліміздегі кезектен тыс президент сайлауына 11 миллион 814 мың 19 адам қатысады.

    мүгедек орталық сайлау коммиссиясы Сайлау 2019

    Оқылып жатыр

    «Халық Кеңесі Құрылтайға балама мекеме емес» — Тоқаев

    24/09/2026

    Президент Халық Кеңесінің құрамын бекітті: кімдер кірді?

    22/09/2026

    Ресейдегі үш күндік маңызды саяси науқан аяқталды

    21/09/2026

    Келесі жылы Халық Кеңесін құруға 1,7 млрд бөлінуі мүмкін

    17/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

    12/10/2026

    Қымбат үй мен көлік — тексеріске негіз болмақ

    10/10/2026

    АҚШ президенті ғылымды дамытуға 100 млн$ бөлді

    08/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.