Семейдің шетіндегі Водный кентінде 19 жастағы студент қыз мерт болды, деп хабарлайды Tarazy.kz
24 жастағы ер адам қызды пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді. Қайғылы оқиға үй маңындағы көшелердің бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға алдында көшеде жігіт пен қыздың арасында жанжал шыққан. Тұрғындар айғай-шуды естіп, сыртқа шыққанда жерде қанға боялған қызды көрген. Алдын ала мәлімет бойынша күдікті марқұмның бұрынғы жігіті болған.
Қызға жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсеткенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Оған нақты қанша пышақ жарақаты салынғаны әзірге белгісіз.
Марқұм Семейдегі «Қайнар» колледжінің үшінші курсында оқыған.
Полиция күдікті көп ұзамай ұсталғанын хабарлады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
