Close Menu
    Оқылып жатыр

    Әділетхан Молдахан ісі бойынша апелляциялық сот шешімі шықты

    22/09/2026

    Президент Халық Кеңесінің құрамын бекітті: кімдер кірді?

    22/09/2026

    Азия ойындарында бесінші алтын: Еркінғали ерледі

    22/09/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 23 сентября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Әділетхан Молдахан ісі бойынша апелляциялық сот шешімі шықты

      22/09/2026

      Президент Халық Кеңесінің құрамын бекітті: кімдер кірді?

      22/09/2026

      Азия ойындарында бесінші алтын: Еркінғали ерледі

      22/09/2026

      Қазақстанда жол апаты бойынша үш облыс көш басында

      22/09/2026

      Тамыз айынан бері доллар 30 теңгеге арзандады

      22/09/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Ш.Уәлиханов кітапханасына жарты жылда Абай жайында 236 дана кітап түсті

    Ш.Уәлиханов кітапханасына жарты жылда Абай жайында 236 дана кітап түсті

    Өңір тынысы 06/08/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Биыл қазақ әдебиетінің асқар биігі Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы. Кеше ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының ұсынысын қолдап 10 тамыз — Абай Құнанбайұлының туған күнін «Абай күні» деп белгіледі. Біз осылайша ақын, ғұлама, ойшыл, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор хакім Абайдың туған күнін жыл сайын тойлаймыз.

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында жыл басынан бері түрлі мәдени іс-шаралар өтуде. Кітапханада «Абай мұрасы» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Абай жолы ұлы туынды» онлайн әдебиет әлемі, «Абай жүрген ізбенен…» онлайн Абай оқулары өтіп, кітапханашылар мен оқырмандар Абайдың әндерін, өлеңдерін, қарасөздерін, күйлерін орындап, кітап көрмесіне онлайн шолулар жасауда.

    Сонымен бірге ақын мерейтойына орай республикалық, облыстық, аудандық кітапханалар арасында челлендждер ұйымдастырып, әлеуметтік желіде 100- тен астам Абай шығармашылығы насихатталып, біз ұсынған челлендж облыс кітапханаларында жалғасын тауып, бұл цифр бірнеше есеге көбейді. Тағы бір ерекше жаңалығымыз 10 тамыз күні кітапхананың фейсбук әлеуметтік желісін Абай күніне арнаймыз. Сол күні біздің парақша арқылы ақынның өмірімен танысып, өлеңдерін тыңдап, кітап қорындағы әдебиеттерге онлайн шолулар ұйымдастырылады.

    Кітапхананың алтын қоры, асыл қазынасы – кітаптар. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында кітапханамызға Абай шығармашылығын дәріптейтін 67 атау санымен, барлығы 236 дана кітап келіп түсті.

    Абай поэзиясы – даналықтың, махаббат пен адалдықтың поэзиясы, оның мол мұрасын жаңаша ұғыну жалғасып, кітапхана өз оқырмандарына Абай мұрасын насихаттау жұмысын тыңғылықты түрде жалғастыра береді.

    Абай Құнанбаев кітап

    Оқылып жатыр

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Бүгін — ұлы ойшыл Абайдың туған күні

    10/08/2026

    Тоқаевтың айтқары жинақталып кітап болып шықты

    05/08/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Әділетхан Молдахан ісі бойынша апелляциялық сот шешімі шықты

    22/09/2026

    Президент Халық Кеңесінің құрамын бекітті: кімдер кірді?

    22/09/2026

    Азия ойындарында бесінші алтын: Еркінғали ерледі

    22/09/2026

    Қазақстанда жол апаты бойынша үш облыс көш басында

    22/09/2026

    Тамыз айынан бері доллар 30 теңгеге арзандады

    22/09/2026

    ҚазҰУ-дағы ерекше зертхана: Ми институтында қандай зерттеулер жүргізіледі?

    22/09/2026

    Байлар да жылайды»: Томский Алматыдағы қымбат киімдерді сынға алды

    21/09/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.