Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 12 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Шу ауданында су жаңа мәдени-спорттық кешен ашылды

    Шу ауданында су жаңа мәдени-спорттық кешен ашылды

    Өңір тынысы 02.11.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгін облыс орталығынан шалғай орналасқан Шу ауданындағы Белбасар ауылында 400 орындық мәдени-спорттық кешен ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Рүстем Дәулет қатысып, облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың құттықтауын жеткізді. Сонымен бірге Болат Сауранбаевқа «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісін табыс етті.

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сауранбаевтар әулетінің демеушілігімен бой көтерген нысан облыстың 80 жылдығына орай пайдалануға беріліп отырған алғашқы нысан.

    Өткен жылы іргетасы қаланып, қазығы қағылған кешеннің құрылыс жұмыстарын мердігер «Шебер билд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Жобалық құны 500 миллион теңгеге айналған. Онда бүгінде 50 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделуде.

    Ел игілігіне берілген заманауи мәдени-спорт кешені әлемдік стандарттарға сай салынған. Оның жалпы ауданы 2600-ден аса шаршы метр аумақты құрайды. Екі қабатты ғимаратта шағын футбол, баскетбол, волейбол, бокс, күрес және жаттығу секциялары орналасқан.

    Сондай-ақ, онда спортшылар мен кешен қонақтары үшін жабдықталған буфет-асхана да қарастырылған. Тіпті, төрт кабинет, мәжіліс залы да бар. 100 автокөлікке арналған көлік тұрағы келушілерге қолайлылық тудыратыны сөзсіз.

    Жоба жетекшісі, демеуші Болат Сауранбаев бұл нысан балалар мен жасөспірімдерге спортпен толыққанды айналысу арналғанын, спорт – денсаулықты нығайтып қана қоймай, мінезді тәрбиелеу, тәртіп пен өзін-өзі жетілдіруге серпін беретінін жеткізді. Сонымен қатар, ол әрбір азамат өзінің туған елі мен жерінің көркеюуіне тамшыдай үлес қосып, дамуына атсалысуы перзенттік парыз екендігін айтады.

    Айта кетейік, Жамбыл облысының 80 жылдық мерей тойына орай 80 нысанды ел игілігіне беру жоспарланып отыр. Бұл спорт кешені ашылатын сексен нысанның алғашқысы. Алдағы уақытта, өңір мерейтойы қарсаңында бірқатар мәдени-тарихи, әлеуметтік нысандарды ел игілігіне беру көзделуде.

    спорт Шу ауданы

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.